«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi
№ 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1118 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1 және 6-тармақтарда:
"Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi" деген жолдарда "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақта:
"Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұхамеджанов Нұртас Ғафурұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға";
"Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";
4-тармақта:
"Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға";
8-тармақта:
"Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Байжанов Ерлан Сапарұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi, төраға";
11-тармақта:
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi, төраға";
"Қапаров Серiк Әбдiбайұлы." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Роберт Янг - "Астана халықаралық аэропорты" акционерлік қоғамының президентi.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |