VI. Демалыстар
74. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына:
а) кезектi;
б) қысқа мерзiмдi;
в) сырқаттануы бойынша;
г) оқуына байланысты;
д) қосымша (зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны үшiн немесе қызметiнiң айрықша сипаты үшiн);
е) әлеуметтiк (ана болуына және бала күтуiне байланысты) демалыстар берiледi;
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен ж) тармақшамен толықтырылды
ж) шығармашылық демалыстар берiледi.
75. Демалыстардың ұзақтығы тәулiкпен есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезiнде заңмен демалыс күндерi болып белгiленген жалпы мемлекеттік мереке күндерi есепке алынбайды.
Демалыс ұзақтығын анықтау кезiнде, қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалыс орнына баруы мен қайту жолына кететiн уақыты есепке алынбайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 76-тармақ жаңа редакцияда
76. Ақылы шығармашылық демалыстар күндiзгi адъюнктурада оқып жүргендердi немесе докторантурада дайындықтан өтiп жатқандарды қоспағанда, диссертациялық жұмыстарды аяқтау, оқулықтар жазу үшiн және Министр белгiлеген тәртiппен басқа да жағдайларда берiледi.
77. Демалыс күндерi заңмен белгiленген тәртiпте жұмыс күнi деп жарияланған кезде, бұл күндер кезектi демалысқа қосылады.
78. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға берiлетiн кезектi демалыстың ұзақтығы 30 тәулiк.
79. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша ақылы демалыс Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң желісі бойынша зейнетақы тағайындау кезiнде ескерiлетiн еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбемен есептегенде):
а) он жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 5 тәулiк;
б) он бес жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 10 тәулiк;
в) жиырма жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 15 тәулiк мерзiмге берiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 80-тармақ өзгертілді
80. Биiк таулы мекендерде (1500 м биiктiкте және одан жоғары), тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс берiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен экологиялық апат аймағы деп жарияланған аймақтарда, туберкулез мекемелерiнде, бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде), сондай-ақ ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен СПИД-пен ауыратындарды ұстауға арналған мекемелерде, бөлiмшелерде (учаскелерде) қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар ұзақтығы мен беру тәртібі қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындалатын жыл сайын қосымша демалыс алуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 81-тармақ өзгертілді
81. Кезектi демалыс күнтiзбелiк жылдың iшiнде демалыстар кестесiне сәйкес берiлуi тиiс.
Кезектi демалыс кезiнде сырқаттанып қалған қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалысы олардың емделуде болған күннiң санына ұзартылады.
Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға жiберiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, кезектi демалысы оқу орнына кеткенге дейiн берiледi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органына қызметке кiрген жылындағы кезектi демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кiрген күнiнен бастап жылдың соңына дейiнгi қызмет өткерген уақытына пропорционалды түрде, қызмет өткерген әрбір толық айы демалысының 1/12 бөлiгi болып есептеледi. Бұл ретте ұзақтығы 10 тәулiк және одан көп демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүруiне демалыстан тыс уақыт берiледi. Ұзақтығы 10 тәулiкке жетпейтiн кезектi демалыс, аталған адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша келесi жылы кезектi демалысымен бір мезгiлде берiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда
82. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөлiп-бөлiп пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақытқа демалыстың бір куәлiгiне ғана берiледi.
83. Басқа министрлiктер мен ведомстволардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген бойда, iшкi iстер органдарына қызметке қабылданған адамдарға ұзақтығы 30 тәулiк демалыс берiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 84-тармақ өзгертілді
84. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жеткiлiктi негiзсiз, кезектi демалыстан шақырып алуға тыйым салынады. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда тiкелей бастықтың - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығынан бастап, Алматы қалалық iшкi iстер Басқармасының бастығы, оған тең және жоғары тұрған бастықтарға дейiн - жазбаша бұйрығы негiзiнде, бұл адамдарды кезектi демалыстан шақырып алуға рұқсат етiледi. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi, әдетте, ағымдағы жылы немесе келесi жылдың бірiншi тоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi. Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi 10 тәулiк және одан көп болса, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүру үшiн демалыстан тыс уақыт берiледi. Қатардағы және басшы құрамдағы адамның қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi келесi жылғы кезектi демалысына қосылуы мүмкiн.
85. Жасының келуi, сырқаттануы, штаттың қысқаруы бойынша iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша сол жылы өздерi нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне кезектi демалыс берiледi немесе босатылатын жылы пайдаланбаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына, бірақ 45 тәулiктен аспайтын, пропорционалды ақшалай өтемақы төленедi.
Iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға (осы тармақтың 1 бөлiгiнде аталған адамдардан басқа) босатылған жылы пайдаланылмаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет атқарған уақытына пропорционалды түрде, бірақ 45 тәулiктен аспайтын уақытқа ақшалай өтемақы төленедi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 86-тармақ өзгертілді
86. Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi, ең алдымен сырқаттануына, туысқандық борышын өтеуiне байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша қызметкердiң демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан 10 тәулiкке дейiн берiледi.
Қысқа мерзiмдi демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 87-тармақ өзгертілді
87. Сырқаттануы бойынша демалыс қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға iшкi iстер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы негiзiнде берiледi.
Сырқаттануы бойынша демалыстың ұзақтығы ауруының сипатына қарай анықталады. Сырқаттануына және емдеу мекемелерiнде емделуiне байланысты үздiксiз демалыста болу уақыты, қолданылып жүрген заңдармен жекелеген сырқаттар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайлардан басқасында төрт айдан аспауы тиiс. Емдеу мекемесiнiң қорытындысы негiзiнде тiкелей бастықтың - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көлiктiң iшкi iстер бас басқармасының, басқармасының Iшкi iстер министрлігі Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, Республикалық мемлекеттік кәсiпорнының бастығынан, оған тең және жоғары тұрған бастықтың шешiмiмен бұл мерзiм тағы да ұзартылуы мүмкiн. Сырқаттануы және емделуi бойынша демалыста үздiксiз болудың белгiленген мерзiмi өткен соң аталған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнiң әрi қарай қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландырылуынан өтуге тиiс.
Қызмет бабындағы мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландырылуға емделiп болған соң немесе сырқатының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi.
Жиi және ұзақ ауыратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды, егер, әдетте, еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны сол бір сырқат бойынша үзiлiссiз 4 айға дейiнгінi (12 айда) немесе жыл iшiнде әртүрлi сырқаттар бойынша 5 айға дейiнгiнi құрайтын болса, емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң ұсыныстары бойынша iшкi iстер органдарының кадр аппараттары, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн, әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.
Сырқаттануы бойынша берiлген демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі жүйесiнiң емдеу мекемесiнiң жолдамасы бойынша емделу орнына бару және қайту жолы iшкi iстер органдарының қаржысы есебiнен төленедi.
Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатқан кезде сырқаттануы бойынша демалыс берiлмейдi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 88-тармақ өзгертілді
88. Iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқып жатқан қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай демалыстар берiледi.
а) ұзақтығы 14 тәулiктiк - қысқы каникулдық демалыс;
б) ұзақтығы 30 тәулiктiк - жазғы каникулдық демалыс;
в) оқу орнын бiтiруiне байланысты - ұзақтығы 30 тәулiктiк.
Iшкi iстер органдары жүйесіндегі оқу орындарының сабақтарын тапсыра алмаған курсанттары мен тыңдаушыларына сабақтарын тапсырғаннан кейiн оқу бағдарламаларында белгiленген демалыстарды өткізу мерзiмi шегiнде каникулдық демалыстары берiледi. Бұл ретте жазғы каникул демалысы 15 тәулiктен кем емес мерзiмге берiлуi керек.
Осы Ереженiң 80 және 89-тармақтарымен көзделген қосымша демалыстар тыңдаушылар мен курсанттарға берiлмейдi.
Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орнын күндiзгi оқу нысаны бойынша бiтiруiне байланысты демалыс, оқу бiтiрушiлерге оларды iшкi iстер органдарына лауазымға тағайындағаннан кейiн, олар жеке бөлiнген жер бойынша берiледi.
Iшкi iстер министрлігі жүйесiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңiне ұзақтығы емтихандық сессиясының ұзақтығына тең, бірақ бір жылдың iшiнде қырық күннен аспайтын оқу демалыстары берiледi, бұл ретте шет елдердiң құқық қорғау (полицейлiк) органдарының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын тыңдаушылар (курсанттар) мен сырттай оқу нысаны бойынша 1шкi iстер министрлігінiң немесе басқа мемлекеттің жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ біліктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға оқу орнына теміржол көлiгiмен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледi. Біліктілігін арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк төленедi және тұрғын жай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледi.
Өзге оқу орындарында сырттай (кешкi) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу оқу орнына бару, демалыстар беру мәселелерi "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен реттеледi.
Адъюнктураға түсетiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшiн ұзақтығы 30 тәулiк, ал азаматтық жоғары оқу орындарына түсетiндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн еңбекақысы сақталмайтын оқу демалысы берiледi.
89. Үкiметтiң шешiмдерiмен белгiленген қосымша және әлеуметтiк демалыстар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi демалыстан тыс берiледi.
Қызметiнiң айрықша сипатына байланысты қосымша демалыс 10 тәулiкке дейiн берiледi, iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қалауы бойынша кезектi демалысқа қосылып және онымен бір мезгiлде немесе жеке берiлуi мүмкiн, бұл ретте кезектегi және қосымша демалыстың жалпы үздiксiз ұзақтығы күнтiзбелiк 55 күннен аспауы тиiс.
Зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны және қызметiнiң айрықша сипаты үшiн бір уақытта қосымша демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бір негiз бойынша ғана берiледi.
Әлеуметтiк демалыстарды беру және оған ақы төлеу шарттары, оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртiпте белгiленедi. Әлеуметтiк демалыстар кезектi демалыстан тыс берiледi.
VII. Қызметтен босату
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 90-тармақ өзгертілді
90. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен:
а) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшiн "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңмен белгiленген шектеулi жасқа жетпесе - запасқа (әскери есепке қойыла отырып);
б) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдардың запаста болуы үшiн "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген шектеулi жасқа жеткен болса әскери есептен шығара отырып жiберiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 91-тармақ өзгертілді
91. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен запасқа (әскери есепке қойыла отырып):
а) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
б) осы Ереженiң 13-тармағымен өздерi үшiн белгiленген қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
в) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы (қаулысы) негiзiнде - денсаулық жағдайы бойынша;
г) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымды пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
д) контрактiнi бұзуға байланысты (қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың кiнәсiнен контрактiнi қызмет атқару мерзiмi аяқталғанша бұзған кезде олар, соның iшiнде үлгермегенi және басқа терiс себептермен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша, пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
е) өзiнiң қалауы бойынша (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өзiнiң қалауы бойынша босатылған кезде, зейнетақы алуға құқылы адамдардан басқа, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
ж) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
з) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
и) әскери-қызмет тәртібін ұдайы бұзғандығы үшiн (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
к) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуi бойынша (қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
л) iшкi iстер органдарының қызметкерi атағына нұқсан келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киім-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
м) заңды күшiне енген соттың айыптау үкімінiң шығуына байланысты шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 92-тармақ өзгертілді
92. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мына негiздерде әскери есептен шығарыла отырып қызметтен:
а) тиiстi әскери атақтары бар адамдардың запаста болу үшiн "Жалпыға бірдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген шектi жасқа жетуi бойынша;
б) әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыздығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде - сырқаттануы бойынша жiберiледi.
93. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылады.
94. Қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты болмаса да, бірақ көпшiлiктiң алдында iшкi iстер органдарының абыройы мен беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттер; қасақана құқық бұзушылықтар; қоғамдық орындарда iшiмдiкке немесе есiрткiге мас болған күйде жүруi, тергеудегi, сотталған адамдармен рұқсат етiлмеген байланыс жасауы, қылмыс жасаған азаматтарға демеушiлiк етуi, қызмет бабын жеке басының қамы үшiн және пайдакүнемдiк ниетпен қолдануы, оқу орындарының қызметкерлерiмен, тыңдаушыларымен және курсанттарымен жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасауға жол беруi; мемлекеттік және қызметтiк құпияны, iшкi iстер органдарына зиян келтiретiн оперативтiк сипаттағы ақпараттарды жария етуi сияқты iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң намысына кiр келтiретiн қылықтар жасаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 91-тармағының "л" тармақшасына сәйкес, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атағына дақ түсiретiн қылықтар жасағаны үшiн қызметiнен босатылады. Бұл ретте, аталған адамдарды босату осы Ереженiң 91-тармағының талаптары есепке алына отырып жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 95-тармақ өзгертілді
95. Зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша, өзiнiң қалауымен қызметтен босайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар жоспарлап отырған кететiн күнiнен кемiнде бір ай бұрын өзi қабылдаған шешiм туралы iшкi iстер органының тiкелей бастығына ескертiп, ол туралы команда бойынша рапорт бередi.
Осы Ереженiң 92-тармағының "а", "б", "в", "г" тармақшаларымен көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылатын адамдар бұл туралы, әдетте, босатылардан кемiнде екi ай бұрын хабардар етiледi.
96. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуға министр осы құқықты берген бастықтар жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 97-тармақ жаңа редакцияда
97. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды әскери есепке қою және әскери есептен шығару арқылы босатуды:
а) iшкi қызмет подполковнигiн қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және республика астанасындағы, көлiктегi iшкi iстер бас басқармаларының, басқармаларының, Iшкi iстер министрлігі жүйесi Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары;
б) iшкi қызмет полковнигiн қоса алғанда, полиция полковнигiне дейiн, сондай-ақ жоғары басшы құрамдағы адамдарды - Министр жүргiзедi.
98. ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен алынып тасталды
99. Iшкi iстер органдарынан босатылған, қайтыс болған, қаза тапқан, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен қатардағы және басшы құрамдағы адамдар министр белгiлеген тәртiпте iшкi iстер органдарының кадрларынан шығарылады.
100. Iшкi iстер органдарынан босатылғаннан кейiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды әскери комиссариаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленген тәртiпте әскери есепке қояды.
VIII. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың
жекелеген санаттарының қызмет өткеру
ерекшелiктерi
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 101-тармақ өзгертілді
101. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға қызметке жiберiле алады.
Iссапарға жiберiлген iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары орнын баса алатын республиканың мемлекеттік, өкiлеттi және атқарушы органдарындағы лауазымдардың тiзбесiн, iссапарға жiберу тәртібін, көрсетiлген санаттағы адамдардың қызмет өткеру ерекшелiктерiн, оларға арнаулы атақтар берудi, оларды аттестациялауды, қызметтен босатуды, еңбекақы төлеу шарттарын, киім-кешекпен және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
102. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жағдайларда олардың жасына қарамастан, бірақ 50 жастан аспаған, бұрын iшкi iстер органдарының кадрында болмаған мемлекеттік, өкiлеттi және атқарушы органдардың, прокуратураның, әдiлет органдарының мамандарын, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерi мен оқытушыларын Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындау үшiн жiбере алады, бұл ретте олардың еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу мен зейнетақы тағайындау үшiн мамандығы бойынша бұрынғы жұмыс стажы, соның iшiнде аспирантура мен докторантурада оқыған уақыты белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi. Бұл адамдарға арнаулы атақтар осы Ережемен көзделген тәртiпте берiледi.
103. Қазақстан Республикасының депутаттары болып сайланған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдары қызметiнен босатылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн, белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарына қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте олардың депутаттық өкiлеттiктерiн атқарған кезеңi еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу, кезектi арнаулы атақ беру және зейнетақы тағайындау үшiн (iшкi iстер органдарынан зейнетақысын ресiмдеп, депутат болып сайлануына байланысты босаған адамдардан басқа) iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен 104-тармақ өзгертілді
104. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Iшкi iстер министрінің бұйрығымен, iшкi iстер органдары жеке құрамының тiзiмдерiнен шығарыла отырып, одан әрi қызмет атқару үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, салық полициясы органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң осындай құрылымдары мен құқық қорғау органдарына (халықаралық шарттардың негiзiнде) қызметке жіберiлуi мүмкiн. Қызметке жiберу iшкi iстер органы қызметкерiнiң рапорты бойынша тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiмен жеке түрде жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған ведомстволардың қызметкерлерi iшкi iстер органдарына қызметке ауысып, қатардағы және басшы құрамының тиiстi лауазымдарына тағайындалған соң, олардың әскери және арнаулы атақтары Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы атақтарына теңестiрiледi, әскери қызметіндегі немесе еңбек қызметіндегі үзiлiске қарамастан оларға әскери және арнаулы атақтар беру, ескерiлген лауазымдарда қызмет iстеген уақыттары есепке алына отырып, iшкi iстер органдарында еңбек сiңiрген жылдарына саналады.
ҚР Үкіметінің 2000.21.08. № 1287 қаулысымен IX-тарау алынып тасталды
IX. Қызмет тәртібі