5. Жұмыс iздестiрiп жүрген жұмыссыз азаматтар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органда тiркеледi.
6. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыз азаматтар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бір рет уәкiлеттi органда, ал селолық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бір рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінде белгiленуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган жұмыс iздестiруге өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздардың аймақтық деректер базасын түзедi.
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн екi жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;
4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетінше тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 6-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртібін, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) уәкiлеттi органға:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртібіне ықпал ететiн өзгерістер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заң актiлеріне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.
18-бап. Лайықты жұмыс
1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бірақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен еңбек туралы заңдардың талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
19-бап. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру
және қайта даярлау
1. Жұмыссыздарда қажеттi кәсiби біліктiлiктiң болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оларды кәсіби даярлықтан өтуге, біліктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiбередi.
2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не білім беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
Кәсiби даярлықтан, біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар.
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
4. Оқуды өз бетінше дәлелсiз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн ғана оқуға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражатынан қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.
4. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) жұмыссыздарға әдейi арналған;
2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды;
3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады;
4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады;
5) арнаулы білімi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi.
5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша:
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекітіледi.
6. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
8. Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актілері қолданылады.
9. Осы Заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейдi.
4-тарау. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ЕСЕПТIЛIК
21-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы мемлекеттік
статистикалық есептiлiк
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайға, сондай-ақ еңбек рыногындағы ахуалға, оның болжануы мен реттелуiне объективтi баға беру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік статистикалық есептiлiк белгiленедi.
2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттік статистикалық есептiлiк табыс етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органдар статистика, салық органдарымен, көшi-қон қызметтерi органдарымен, республикалық және аймақтық деңгейдегi басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен әр тараптың өз мiндеттерiн орындауы үшiн қажет болатын есептi құжаттама мен мәлiметтердi өтемсiз негiзде алмасады.
4. Уәкiлеттi органдар орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттік статистикалық есептiлiк табыс етедi.
22-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуын
бақылауды жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңдарының сақталуын бақылауды орталық атқарушы орган және жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган мен олардың қызметтерi жүзеге асырады.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 23-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
23-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының