17) 43-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер барлауды және (немесе) өндiрудi жүргiзген кезде кен орны географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңiзде орналасқанына қарамастан) көрсетілген геологиялық немесе тау-кендiк бөлудегi келісім-шарттық аумақ шегінен шығып кеткенi байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені құзыреттi орган конкурс өткiзбестен келісім-шарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.";
18) 44-бапта:
2-тармақтың бірiншi бөлiгiнде:
"жер қойнауын қорғау," деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану," деген сөздермен ауыстырылсын;
", сондай-ақ қазақстандық мазмұнның бар екендігі жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
4 және 6-тармақтар алып тасталсын;
19) 45-1-бапта:
2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 45-2-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы "жағдайда біржақты тәртiппен бұзуға құқылы." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) осы Заңның 71-бабының мемлекеттің басым құқығына қатысты үшiншi бөлігін орындамаған жағдайда біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.";
21) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау,
жер қойнауын зерттеу мен пайдалану";
22) 47-баптың тақырыбы мен бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"47-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғаудың,
жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың мiндеттерi
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану:";
23) 49-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"49-бап. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану
мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар";
1-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып, жер қойнауын зерттеу және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар айқындайды. Зиянды есептеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
24) 50-баптың 1-тармағындағы "мәселелерiмен шұғылданатын атқарушы органдардың" деген сөздер "саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"51-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауының ластануын болғызбау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайту бөлiгiнде сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік мониторингін;
2) жер қойнауын қорғау саласына жататын лицензиялық-келісім-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
3) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудi және қалдық суларды ағызуды бақылауды;
4) жер қойнауының кен орны мен қоршаған ортаның бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендiк процестерден сақталуын бақылауды;
5) жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануын және жойылуын бақылауды;
6) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде авариялар мен өзге де қауіптi жағдайларды болғызбау жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтиды.";
26) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
"51-1-бап. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды
мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттік бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын iздестiру және бағалау, өндiру кезiнде минералды шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалану, өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшiн геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерiн бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттік бақылaу:
1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудiң техникалық жобалары шешiмдерiнiң сақталуын бақылауды;
2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезіндегі ысырапты есепке алудың дұрыстығын бақылауды қамтиды.";
27) 52-1-баптың 2-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 53-бапта:
1-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органының" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "пайдалану" деген сөз "зерттеу және пайдалану жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 58-бапта:
1-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі уәкілеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жер қойнауын-зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөніндегі ақпаратты табыс етедi.";
30) 59-баптың 1-тармағында:
"жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"республикалық" деген сөз "салалық (секторлық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 60-баптың 1-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және оны қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 61-баптың 1-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 63-баптың 1-тармағында:
12) тармақшадағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы "сақтандыруға мiндеттi." деген сөздер "сақтандыруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
"19) келісім-шарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргiзуге мiндеттi.";
34) 64-бапта:
2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Барлау, өндiру не бірлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жылдық жұмыс бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органмен, егер келісім-шартта мұндай келісу үшін өзгеше мерзiм белгiленбесе, бірiншi жылы - келісім-шарт жасалған айдан кейінгі айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгі жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мердiгердiң техникалық жобаның шешімдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөніндегі мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиіс.";
4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн олардың келісілген күнінен бастап бір айдан кешiктiрмей құзыреттi органға табыс етеді.";
35) 69-бапта:
1-1-тармақта:
"2-тармағына" деген сөздер "3-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігi ретiнде айқындалады.
Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.";
4-тармақтың бірiншi бөлігінде:
"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 70-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн
мемлекеттік органдар тарапынан бақылау
Жер қойнауын пайдаланушының қызметін бақылауды, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы құзыретті орган мен уәкiлетті органдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";
37) 71-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерін сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келісім-шарттарда, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісім-шарттарды қоспағанда, мемлекеттің келісім-шарттың басқа тарабының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен айырылған құқығын (оның бір бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлесiн (акциялар пакетін) басқа сатып алушылар ұсынғаннан төмен емес шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.".
3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат):
18-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарын пайдалану жөніндегі келісім-шарттар жасалған (өзгертiлген) кезде, осы келісім-шарттардың орындалуы мен олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органның жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға iшiнара немесе толық беруiне рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы туралы шешiм қабылдауы кезiнде және жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен айыруға рұқсат беруi немесе рұқсат беруден бас тартуы кезiнде мiндеттi түрде ескерiледi.
Бұл ретте мемлекеттік орган, өтiнiм берушіге осы тармақта көзделген мәмiлелердi жасауға рұқсат беруден, егер бұл бір елден шыққан бір тұлғада немесе тұлғалар тобында мұнай операцияларын жүргізу құқықтарының шоғырлануына әкеп соғатын болса, бас тартуға құқылы.
Аффилиирленген тұлғалармен мәмiлелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарына (объектiлерiне) меншiк құқығының ауысуына және туындауына шектеу қояды.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қазанның 14-сі. № 79-III ҚРЗ