Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 936 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Тәңiрберген Саидмұрат Бапанұлы | - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы меңгерушiсiнiң орынбасары (келісім бойынша) |
Кравченко Иван Михайлович | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi; |
мына:
«Мұқашев Жанат Бәзiкенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi, Мемлекеттік комиссияның хатшысы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұқашев Жанат Бәзiкенұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттік комиссияның хатшысы»; |
көрсетілген құрамнан Өтембаев Ерiк Мылтықбайұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережеде:
5-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;»;
6-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) экспорттық бақылау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге және нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын қарауға;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комиссияның жұмыс органы отырысқа дейiн кемiнде 10 (он) күнтiзбелiк күн бұрын және қарау үшiн 7 (жетi) күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде Комиссия мүшелерiне жiберетiн Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды дайындайды.»;
16-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |