21) өнеркәсiп салаларының жекелеген кәсiпорындарын санациялау, қайта мамандандыру жөнiнде ұсыныстар дайындауға;
22) әскери мақсаттағы өнiмдердi әзірлеушілер және өндiрушiлер болып табылатын ұйымдарға әскери мақсаттағы өнiмге қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығын беру туралы мәселелердi қарауға және белгiленген тәртiппен тиiстi материалдар дайындауға;
23) ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын (саммиттер, форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және тағы басқа да iс-шаралар), сондай-ақ өнеркәсiп салаларының, индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамудың проблемалық мәселелерi бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткiзуге құқығы бар.
6. Министрлiктiң мүлкі
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсететiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптасады.
14. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
7. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдiң ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
18. Министр осы мақсаттарда заңнамаға сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiктi барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
7) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
8) өз құзыретiнiң шеңберiнде өзге де шешiмдердi қабылдайды.
19. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы адамның бұйрығымен ресiмделедi.
20. Министрлiктiң министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
8. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамалық белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Акционерлік қоғамдар
1. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
2. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
3. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
4. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
5. "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
6. "Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
7. "Қазақстан келісім-шарт агенттігi" жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
8. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
9. "Шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Өңдеу және тау-кен өндiру өнеркәсiбi басқармасы
Инновациялық және ғылыми-техникалық дамыту басқармасы
Қорғаныс өнеркәсiбi, экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Бақылау және реттеу басқармасы
Бәсекелестiктi қорғау басқармасы
Бақылау және ден қою басқармасы
Iшкi әкiмшiлiк ету басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Сауда және туристiк қызметті реттеу комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Iшкi сауда басқармасы
Сыртқы сауда басқармасы
Туристiк қызметтi реттеу басқармасы
Iшкi әкiмшiлiк ету және лицензиялау басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы
Техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасы
Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Құрылыстағы жобалау жұмыстары, сметалық нормалар, баға жасау басқармасы
Әкiмшiлiк басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Техникалық реттеу және метрология басқармасы
Әкiмшiлiк жұмыс және мемқадағалау басқармасы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерi
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Инвестициялық қызметтi реттеу басқармасы
Инвестициялық преференциялар беру басқармасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінiң Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
5. ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 742 қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
7. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
9. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
12. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнің Павлодар облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
13. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
14. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
16. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң
тiзбесi
1. Ақмола облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
2. Ақтөбе облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
3. Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
4. Атырау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
6. Жамбыл облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
8. Қарағанды облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
9. Қостанай облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
10. Қызылорда облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
11. Маңғыстау облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
12. Павлодар облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
13. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
15. Астана қаласы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
16. Алматы қаласы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.05.07. № 741 қаулысымен тізбе толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Өнеркәсiп және ғылыми техникалық дамыту комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Машинажасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
2. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Алматы қаласы.
3. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
4. "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
5. "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
6. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. "Авиаөнеркәсiп" жабық акционерлік қоғамы, Шымкент қаласы.
2. "Инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
3. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
4. "Белкамит" бірлескен кәсіпорны" ашық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
5. "Қазмырыш" акционерлік қоғамы, Өскемен қаласы.
6. "Иналмасалтын" ашық акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
7. "Қазқараметавтоматика" акционерлік қоғамы, Қарағанды қаласы.
8. "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
Мемлекеттік мекеме
"Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 801 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн) республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
Акционерлік қоғамдар
1. "Ұлттық аккредиттеу орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
2. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Мемсараптама" мемлекеттік жобаларды ведомстводан тыс сараптау республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
2. "ҚазСҚСҒЗИ" Қазақ сейсмикалық төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
3. "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны ("ҚазмемҒЗЖИ суарнажоба PMK"), Алматы қаласы.
Акционерлік қоғам
"Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қарашадағы № 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 121-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 16, 161-құжат).
4. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 195-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 211-құжат).
6. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттік жобалау институты" мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 752 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi № 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 304-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 951 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 385-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 6 қазандағы № 1027 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 40, 425-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 тамыздағы № 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1235 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 505-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 48, 541-құжат).
12. "Инвестициялық компания: "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қоры" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 34-құжат).
13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering)" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 295 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 161-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 22, 284-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынының кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 921 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.