режимдегi түзеу
колониясы етiп
қайта жаңарту
(техникалық-эконо-
микалық негiздеменi
бекіту туралы
Қазқұркомитетiнiң
2004 жылғы 26 сәуiр-
дегi № 202 бұйрығы,
жобалық-сметалық
құжаттамаға 2004
жылғы 29 наурыздағы
№ 2-112/04 Мемлекет-
тiк сараптама
қорытындысы):
1) Құрылыс салуға
және қайта жаңарту-
ға аумақтарды
дайындау жөніндегі
жұмыстар:
- жер учаскесiн
бөлiп беру;
- құрылыс салу
аймағына кiретiн
ғимараттар мен
құрылыстарды өтеп
алу;
- ғимараттардың және
құрылыстардың iстегi
қабiлетiне және
сейсмикалық тұрақ-
тылығына тексеру
жұмыстары;
- топографиялық-
геодезиялық жұмыстар
өткізу;
- инженерлiк-геоло-
гиялық iздеулер
өткізу;
- жобаны iске шығару;
- жобалық-сметалық
құжаттамаларды
өзгерту және сол
бойынша мемлекеттік
сараптама өткізу;
2) Құрылыс-монтаж,
санитарлық-техника-
лық, электрқұрасты-
рушылық жұмыстары;
3) Hacoc станцияла-
рын, санитарлық-
техникалық, техно-
логиялық, асханалық,
монша-кiр жуу
жабдықтарын,
сигналдама мен
байланыс жабдықта-
рын, қазандық жаб-
дықтарды, бейнебақы-
лау және арнайы
жабдықтар жүйесiн
сатып алу және
құрастыру;
4) Мемлекеттік
сәулет-құрылыс
бақылауын жүзеге
асыру жөніндегі
қызметтерге ақы
төлеу:
- техникалық қада-
ғалауды ұстау (жеке
тұлға ретiнде);
- авторлық қадаға-
лауды жүзеге асыру;
- алаңды және инже-
нерлiк желiлердi
атқарушылық сурет-
терге түсiру;
- жылжымайтын мүлiк
орталығында жылжы-
майтын мүлiктi
тiркеу және қызмет
көрсету қызметтерi;
- 3-тармақта көрсе-
тiлген жабдықтарды
реттейтiн жұмыстар-
ды жүзеге асыру.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тараз қаласындағы жалпы режимдегi 1200 орынға арналған түзеу колонияларын пайдалануға беру, Атырау қаласындағы толтыру лимиті 300 орынға арналған сотталған әйелдердi ұстау, Қызылорда қаласындағы 1000 орынға арналған жалпы режимдегi түзеу колониясын қайта жаңартуды жалғастыру, Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/12 мекемесiн 1500 орынға түзеу колониясы етiп қайта жаңарту (сметалық құнынан 52,9 %), Павлодар қаласындағы 1500 орынға қатаң режимдегi "Химпром" ААҚ № 822 және № 823 өндiрiстiк корпустарын қайта жаңарту (сметалық құнынан 10%).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
210-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Сотта адвокаттардың заңгерлiк көмек көрсетуi"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 139954 мың теңге (бір жүз отыз тоғыз миллион тоғыз жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 13-бабы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексi, "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы, "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтардың біліктi тегiн заң көмегiн алуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: заңнамада көзделген жағдайларда сотқа мiндеттi қатысқаны үшiн адвокаттарға уақтылы және толық еңбекақы төлеудi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Сотта адво- Заңнамада көзделген Жыл Қазақстан
каттардың жағдайларда сотқа бойы Республикасы -
заңгерлiк мiндеттi қатысқаны ның Әдiлет
көмек үшін адвокаттар министрлігі,
көрсетуi алқасының өтінiмде- оның аумақтық
рi бойынша адвокат- органдары.
тарға уақтылы Аумақтық
еңбекақы төлеудi адвокаттық
ұйымдастыру. алқалар.
Жасалған шарттарға
сәйкес адвокаттар-
дың сотқа қатысқаны
үшiн қызметтерiне
ақы төлеу және
iссапар шығындарын
төлеу. Адвокаттар-
дың жұмыс iстеген
адам/сағат саны жыл
сайын кемiнде 363
мыңды құрайды.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтарға тегiн заң көмегiн көрсету туралы мемлекеттік конституциялық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
211-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Құқықтық насихат"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 71501 мың теңге (жетпiс бір миллион бес жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 949 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, құқықтық нигилизмдi еңсеру, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу, заңға құрметпен қарау дәстүрiн, заңды мойындаушылық жағдайын қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан заңнамасын түсiндiру, онда анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзу. Оқу орындарының барлық түрлерiнде әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың өзгеруiн, азаматтардың жасының, психологиялық және басқа да ерекшелiктерiн ескере отырып, құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу. Мемлекеттік қызметшiлердiң жаңа буынының құқықтық даярлық деңгейiн арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау, құқықтық түсiндiру жұмыстарында дүниежүзiлiк "Интернет" жүйесiн қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану. Құқықтық мәдениеттi, құқықтық тәрбиенi қалыптастырудағы өзектi мәселелер бойынша ғылыми зерттеулердi жандандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындаушылар
са-|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Құқықтық Бекiтiлген iс-шара- Жыл Қазақстан
насихат лар жоспарына сәйкес бойы Республикасы-
құқықтық түсiндiру ның Әділет
жұмыстары, құқықтық министрлігі
мәдениеттi қалыптас-
тыру, азаматтарды
құқықтық оқыту мен
тәрбиелеу жөніндегі
2005-2007 жылдарға
арналған бағдарла-
маны iске асыру
жөніндегі iс-шара-
ларды iске асыру.
Құқықтық мәдениет-
тi, құқықтық оқыту
мен тәрбиелеудi
қалыптастырудың
өзектi мәселелерi
жөнiнде ғылыми зерт-
теулердi жүргiзу.
Республикалық және
аймақтық конферен-
цияларды, құқықтық
оқыту мәселелерi
жөнiнде оқытушылар-
дың семинарларын,
халықаралық респуб-
ликалық ғылыми-
тәжiрибелiк конфе-