«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы
№ 281 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 835 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдiк шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен көзделген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтың бiрiншi абзацы "Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн" деген сөздерден кейiн "iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы | А. Есімов |