22) 33-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы екiншi сөйлем алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы "уәкiлеттi органның мемлекеттік қызметшiсi" деген сөздер "мемлекеттік қызметшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 35-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгіндегі "тiзiлiмi" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 36-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;";
10) тармақшадағы "(халықтық акционерлік қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;
11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
13) тармақшадағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына" деген сөздер "осы Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы "баспасөз басылымын" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 39-бапта:
1-тармақтың бірiншi бөлiгiнде:
"жалпы жиналысына қатысуға" деген сөздерден кейiн "және онда дауыс беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
"тiзiлiміндегі" деген сөз "тiзiлiмдер жүйесіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "құқығы бар акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлген тұлға тiзiм жасалғаннан кейiн" деген сөздер "және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 41-бапта:
1-тармақтағы "(халықтық акционерлік қоғамда - күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрiлмей)" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) акционердiң ("алтын акция" иесiнiң) назарына оған жазбаша хабарлама жiберу арқылы жеткiзiлуге тиiс.
Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдердi есептеу акционерлердiң жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен не акционерлерге ("алтын акция" иесiне) жазбаша хабарлама жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi.
Акционерлердiң жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тiлде және басқа да тiлдерде жарияланған жағдайда осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдердi есептеу осындай жарияланымдардың соңғысы жарияланған күннен бастап жүргізіледі.";
27) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленген акционерлер немесе олардың өкiлдерi тiркелсе, жиналыс күн тәртiбіндегі мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.";
28) 47-баптың 1-тармағының екiншi абзацындағы "лауазымды адамдарының" деген сөздер "атқарушы органы мүшелерiнiң (атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның)" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 49-баптың 4-тармағындағы "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 51-баптың 6-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 52-баптың 3-тармағы бірiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "(халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан да көп)" деген сөздер алып тасталсын;
32) 53-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жарияланған акциялардың саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;";
4) тармақша "сатып алуы" деген сөздерден кейiн "және оларды сатып алу бағасы" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тiзбесi осы баптың 2-тармағында белгiленген мәселелердi атқарушы органның шешуiне беруге болмайды.";
33) 54-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар кеңесi мүшелерi санының кемiнде үштен бірi тәуелсiз директорлар болуға тиiс.";
34) 55-баптың 5-тармағында:
"дауыс беретiн акциялардың жалпы санының жай көпшiлiк даусымен" деген сөздер "кумулятивтiк дауыс берумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"осы мүшелерiнiң" деген сөздер "жаңадан сайланған мүшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 57-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Директорлар кеңесiнiң отырысы көрсетiлген талапты қойған тұлғаны мiндеттi түрде шақыра отырып өткiзiледi.";
36) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қоғам жарғысында және (немесе) қоғамның iшкi құжаттарында директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша директорлар кеңесiнiң сырттай дауыс беру арқылы шешiмдер қабылдау мүмкiндiгi және осындай шешiмдердi қабылдау тәртібі көзделуi мүмкiн.
Белгiленген мерзiмде алынған бюллетеньдерде кворум болған ретте шешiм сырттай дауыс беру арқылы қабылданды деп танылады.
Директорлар кеңесiнiң сырттай отырысының шешiмi жазбаша түрде ресiмделуге және оған директорлар кеңесiнiң хатшысы мен төрағасының қолы қойылуға тиiс.
Шешiм ресiмделген күннен бастап жиырма күн iшiнде директорлар кеңесiнiң мүшелерiне жiберiлуге тиiс, оған осы шешiмдi қабылдауға негiз болған бюллетеньдер қоса тiркеледi.";
37) 60-баптың 4) тармақшасындағы "атқарушы органның мүшелерi болып табылатын қызметкерлердi" деген сөздер "осы Заңда белгіленген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 61-баптың 1-тармағындағы "мүшелерiнiң саны кемiнде үшеу болатын" деген сөздер алып тасталсын;
39) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) iрi акционер;
2) қоғамның iрi акционерi не лауазымды тұлғасы болып табылатын жеке адамның жақын туысы (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ұлы, қызы), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып келетiн жеке адам;
3) қоғамның немесе осы тармақтың 1), 4)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;
4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;
5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;
7) қоғаммен бірге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;
9) дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бірлесiп қоғамның не осы тармақтың 1), 4)-8) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;
10) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады.";
40) 65-бап алып тасталсын;
41) 66-бапта:
1-тармақтағы "Өзара аффилиирленген тұлғалардың" деген сөздер "Аффилиирленген тұлғаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртібіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.";
42) 67-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғам аффилиирленген тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе қоғамның тiркеушiсi беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртібі жарғымен белгiленедi.";
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген" деген сөздер "ол белгiлеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 68-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшада:
"айыратын" деген сөз "шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(халықтық акционерлік қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;
2)тармақшада:
"(халықтық акционерлік қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;
"немесе орналастырылған" деген сөздерден кейiн "бір түрдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "сол тұлғаның аффилиирленген тұлғаларымен" деген сөздер "өзара аффилиирленген тұлғалар тобымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы
1. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Қоғам кредиторлар мен акционерлерге хабарлау мақсатында директорлар кеңесi қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн бес күн iшiнде мәмiле туралы хабарламаны мемлекеттік тiлде және басқа тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi.
2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртібі белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.
3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.";
45) 71-бапта:
1-тармақтың бірiншi абзацындағы ", сондай-ақ солардың аффилиирленген тұлғалары" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мынадай мәмiлелер:
1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөніндегі мәмiле;
2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөніндегі мәмiле;
3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
4) қоғамның өз аффилиирленген тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жасайтын мәмiлесi жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.";
46) 72-баптың 2) тармақшасындағы "немесе халықтық акционерлік қоғамның дауыс беретiн акцияларының бес және одан да көп процентiн" деген сөздер алып тасталсын;
47) 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"73-бап. Мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi
жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
3. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мен жай акцияларды иеленетiн барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған жағдайда, акционерлердiң жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретiн акциялары жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Бұл орайда акционерлердiң жалпы жиналысына негiзделген шешiм қабылдауға қажеттi ақпарат (құжаттармен қоса) берiледi.
4. Қоғамның жарғысында мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелердiң жекелеген түрлерiн жасасудың өзге де тәртібі белгiленуi мүмкiн.";
48) 76-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.";
4-тармақта:
"баспасөз басылымында" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен, "жылдық қаржылық есептiлiктi" деген сөздер "бухгалтерлiк балансты, капиталдағы барлық өзгерістердi көрсететiн есептi, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Қоғам өзге қаржылық есептiлiктi қосымша жариялауға құқылы.";
49) 77-бап алып тасталсын;
50) 78-баптың 2-тармағы "жүргiзiледi" деген сөзден кейiн ", бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;
51) 79-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екiншi бөлiгіндегі "(халықтық акционерлік қоғамда - он)" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
52) 81-баптың 3-тармағындағы "жарияланған, соның iшiнде орналастырылған акцияларының" деген сөздер "акциялары шығарылымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 82-85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"82-бап. Қоғамдардың бірiгуi
1. Екi немесе бірнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бірiгу туралы шарттың негiзiнде және өткізу актілеріне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірiгуi деп танылады.
2. Қоғамдардың бірiгуi жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.
3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:
1) құрылған қоғамның әрбір қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;
2) әрбір қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбір қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
4. Қайта ұйымдастырылатын әрбір қоғамның директорлар кеңесi бірiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бірiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу және оларды орналастыру тәртібі туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:
1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртібі туралы мәлiметтер және бірiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бірiгу туралы шартты бекіту туралы ереже;
2) бірiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы ереже болуға тиiс.
6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
Өткізу актiсiне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды және ол қоғамдардың мөрлерiмен расталады.
7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткізу актiсi қоса тiркеледi.
83-бап. Қоғамның қосылуы
1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негізiнде және өткізу актiсiне сәйкес бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларының осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына барабар өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (өткізу) арқылы оның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал қосылатын қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдары басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған және сол қоғамдардың мөрлерiмен расталған өткізу актiсiне сәйкес қосылу жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.
2. Қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы қосылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
3. Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, қосылатын қоғамның акцияларын сату тәртібі, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткізу) тәртібі, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.
4. Қосылу туралы шешiм қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерiнiң бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады.
Акционерлердiң бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешiмiнде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, қосылудың өзге де талаптары мен тәртібі болуға тиiс.
5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткізу актiсi, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса тiркеледi.
84-бап. Қоғамның бөлiнуi
1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.
2. Қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады.
Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.
3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртібі мен талаптары және бөлiну балансын бекіту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.
4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртібі мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекіту туралы шешiм қабылдайды.
5. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса тіркеледi.
85-бап. Қоғамның бөлiнiп шығуы
1. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бір бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бір немесе бірнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
3. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын өз акционерлерiне ғана орналастырады (өткiзедi), бұл орайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның акциялары ғана төлем ретiнде жүредi. Бөлiнiп шыққан қоғамның акционерлерiне берiлетiн акциялардың саны қайта ұйымдастырылатын және бөлiнiп шыққан қоғамдар акциялары баланстық құнының арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртібі мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.
5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекіту туралы шешiм қабылдайды.
6. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбір қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі.";
54) 86-бапта:
2-тармақта "қоғамның акцияларын шаруашылық серіктестiгiне қатысушылардың салымдарына немесе өндiрiстік кооператив мүшелерiнiң пайларына айырбастау" деген сөздер "шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау" деген сөздермен ауыстырылсын және "қарауына енгізедi." деген сөздерден кейiн "Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады." деген сөйлеммен толықтырылсын;