Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1022 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 749 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1494 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1022 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбында «тәртібі туралы Ереженi» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспесiнде «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «тәртібі туралы Ережесi» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын,»(қоса берiлiп отыр)»деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібі туралы Ережеде:
мемлекеттік тiлдегi мәтiнде «бекітілген» деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
тақырыбында:
«тәртібі туралы Ереже» деген сөздер «ережесi» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Пайдалы қазбалар» деген сөздердiң алдынан «Қазақстан Республикасында» деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегi мәтінде 1-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі», «Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану министрлiгінiң органдары үшiн», «Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінiң органдарына» деген сөздер тиiсiнше «геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органы», «геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік орган үшiн», «геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
үшiншi абзацтағы «мемлекеттік баланстарының есебiнен алынған» деген сөздер «мемлекеттік баланс есебiнен алынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегi мәтiнде алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жерасты суларының барлық түрлерiнің, сондай-ақ көпдебиттi бұлақтар түріндегі көрiнiстерi, емдiк балшықтар кен орны»;
6-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақтағы «бiрлесiп» деген сөз «келісім бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Паспортқа геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік орган қол қояды. Төрт данада дайындалған паспорттың: екi данасы - геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органға, үшiншiсi - жер қойнауын пайдаланушыға, төртiншiсi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi.»;
20-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.Ахметов |