“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 743 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілiк табелінде:
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі" деген бөлiмде:
"Өзен" деген бағанда:
"Жамбыл" және "Маңғыстау" деген жолдардағы тиiсiнше "1" және "2" деген сандар алынып тасталсын;
"Қарағанды" және "Павлодар" деген жолдар тиiсiнше "1" және "2" деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |