18-бап. Алушы банктің нұсқауларды акцептеуден
бас тарту негiздерi
1. Алушы банк нұсқауды акцептеуден:
1) жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасын қамтамасыз етпеген жағдайда;
2) егер төлем құжатының қолдан жасалғандығының белгiлерi болса;
3) жөнелтушi ақша аудару туралы нұсқауды жасаудың және ұсынудың заңдарда және (немесе) шарттың талаптарында белгiленген тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған кезде;
4) заңдарда және (немесе) шарттың ережелерiнде белгiленген өзге де талаптарды орындамаған кезде бас тартады.
2. Инкассалық өкiмдердi осы Заңның 15-бабында көзделген құжаттардың бірiн қоса тiркемей ұсынған жағдайда, алушы банк мұндай инкассалық өкiмдердi акцептеуден бас тартуға мiндеттi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Нұсқауды орындау
1. Алушы банктің нұсқауды орындауы мұндай нұсқауды оның акцептеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
Алушы банктiң жөнелтушi алдындағы алынған нұсқауға сәйкес аударым не ақша төлеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындауы нұсқаудың орындалуы болып табылады.
Мынадай iс-қимылдар нұсқаудың орындалуы болып табылады:
1) алушы банктiң келесi алушы банкке бенефициардың пайдасына, егер алушы банк бенефициар банкi болып табылмаса ғана, ақша аудару туралы нұсқауын табыстауы;
2) егер алушы банк бенефициар банкi болып табылса, ақша аударымын аяқтауы;
3) егер алушы банк ақша жөнелтушiнiң банкi болып табылса, қолма-қол ақша төлеу туралы нұсқауды ұсынған жөнелтушiге қолма-қол ақшаны беруi.
2. Нұсқауды алушы банк егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осындай нұсқаудың шарттарын сақтай отырып, егер мұндай нұсқаудың шарттарында оны орындаудың өзге мерзiмi белгiленбеген болса, алушы банктiң алынған нұсқау акцептелген күннен кейiнгi операциялық күнiнен кешiктiрмей орындайды.
Егер ақша аудару туралы нұсқауды орындаудың шарттары алушы банк үшiн орындалмайтындай болса не оларды орындау ақша аударуды кiдiртуге немесе қосымша шығындарға әкеп соғуы мүмкiн болса, алушы банк операциялық күн iшiнде бұл туралы жөнелтушiге хабарлауға мiндеттi. Нұсқаулар олардың түскен күнi мен уақыты ескерiле отырып орындалады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 20-бап толықтырылды; ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Сот актiсiн және сот орындаушысының сауалын
орындау ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасы сотының жеке тұлғадан ақша өндiрiп алу туралы сот актісі, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот iстi қарайтын жердегi тиiстi бөлiмшелерiне ұсынылады.
2. Сот орындаушысының заңды тұлғаның банк шоттарының бар екендiгi және олардың нөмiрлерi, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттары жөніндегі ақпаратты сұратып алуы туралы прокурор санкция берген сауалы, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқару құжаты орындалатын жердегi тиiстi бөлiмшелерiне берiледi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сот актiсiн немесе сот орындаушысының сауалын алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде олардың көшiрмелерiн орындау үшiн барлық банктерге жiбередi.
4. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейiнгi операциялық күннен кешiктiрмей ақша өндiрiп алынатын тұлғалардың банк шоттарының бар екендiгi не олардың жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi сотқа (сот орындаушысына) жiберуге мiндеттi. Банк шоттарының бар екендiгi туралы мәлiметтер банк шоттарының барлық қажеттi деректемелерi мен олар бойынша қалдықтардың мөлшерiн қамтуға тиiс.
5. Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәлiметтердi алғаннан кейiн ақша өндiрiп алу туралы сот актiсiн орындау жөніндегі мiндет жүктелетiн банктi (банктердi) айқындайды және сондай банкке (банктерге) тиiстi атқару құжатын қоса тiркей отырып нұсқау жiбередi.
6. Егер сот орындаушысының ақша өндiрiп алынуға тиiстi тұлғаның банк шотында ақшаның бар екендiгi туралы мәліметі болса, онда сот орындаушысының тиiстi атқару құжаты қоса тiркелген нұсқауы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлiмшелерiне түспей, тiкелей тиiстi банкке орындауға ұсынылады.
2-тарау. Төлем
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 21-бап толықтырылды; ҚР 09.07.03 ж. № 482-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Төлем
1. Төлем азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарының, Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен сот шешiмдерiнiң негiзiнде және соларға сәйкес жүргiзiледi.
2. Төлем азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарына сәйкес олардың ерiктi негiзде жүзеге асырылуын көздейдi.
3. Төлем Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен сот шешiмдерiне сәйкес олардың мiндеттi түрде жүзеге асырылуын көздейдi.
4. Төлем қолма-қол ақшаны пайдалана отырып та, оны пайдаланбай да (қолма-қол жасалмайтын төлем) жүргiзiледi.
4-1. Заңды тұлғалар арасындағы сомасы 4000 айлық есептiк көрсеткiштен асатын мәмiле бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз төлеу тәртібімен ғана жүзеге асырылады.
22-бап. Қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлем
1. Қолма-қол ақша төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және (немесе) тиындар түрiнде қолма-қол ақша беру арқылы жүргiзiледi.
2. Қолма-қол ақша төлеу деген басқаның (басқалардың) алдында осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға байланысты туындаған мiндеттемелерi бар төлемдi жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) (төлеушiнiң) оған банкноттарды және (немесе) тиындарды нақты беруi болып табылады.
3. Қолма-қол ақша төлеу ақша мiндеттемесi орындалып отырған адамға тiкелей не делдал арқылы жасалуы мүмкiн.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 23-бап толықтырылды
23-бап. Қолма-қол жасалмайтын төлем
1. Қолма-қол жасалмайтын төлем:
1) ақша мiндеттемесi не ақша төлеу туралы нұсқау бар төлем құжатын беру;
2) ақша мiндеттемесi не ақша төлеу туралы нұсқау бар төлем құжатын ұсыну;
3) ақша төлеу туралы нұсқау бар төлем құжатын немесе электронды хабар беру арқылы жасалады.
2. Қолма-қол жасалмайтын төлемдi жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен клиенттiң банк шотын пайдалана отырып та, онсыз да жүргiзiлуi мүмкiн.
24-бап. Төлемнiң аяқталуы
1. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргiзiлетiн болса, пайдасына төлем жасалатын адам не пайдасына төлем жасалатын адам уәкiлдiк берген және (немесе) көрсеткен адам ақшаны алған кезде төлем аяқталады.
2. Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, ақша аудару арқылы жүргiзiлсе, төлем ақша аудару аяқталған кезде аяқталады.
Егер төлем қолма-қол ақшаны пайдаланбай, төлем құжатын беру арқылы жүргiзiлсе, пайдасына төлем жасалатын адам ақшаны алған кезде аяқталады.
3. Азаматтық-құқықтық мәмiленiң, еңбек шартының ережелерiнде төлем аяқталуының өзгеше сәтi көзделуi мүмкiн.
25-бап. Санкцияланған және санкцияланбаған төлем
1. Егер төлемдi оны жасауға өкiлеттiгi бар тұлға жасаса және ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, ол санкцияланған төлем болып табылады. Төлем ақша аудару арқылы жүзеге асырылған жағдайда да, егер алушы банк нұсқауды санкцияланбаған төлемнен қорғау iс-қимылының белгiленген тәртібін сақтай отырып қабылдаған болса, төлем санкцияланған болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылған төлем санкцияланбаған болып табылады. Санкцияланбаған төлемге жалған төлем құжаттары немесе жалған төлем құралдары (қолма-қол ақша) пайдаланылған төлемдер де жатады.
26-бап. Санкцияланбаған қолма-қол жасалмайтын төлемнен қорғау
1. Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) нұсқау жөнелтушi мен оны алушы арасындағы шартта белгiленген және жөнелтушiнiң оларды керi қайтарып алу туралы нұсқауларға немесе өкiмдерге бастамашылық болғаны (санкцияланғаны) туралы деректердi тексеруге және ықтимал қателердi анықтауға саятын тиiстi ережелердi орындау санкцияланбаған төлемнен қорғау болып табылады.
2. Қорғау iс-қимылдарының элементi ретiнде уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) қолы, мөрлер, алгоритмдер, кодтар (рәмiздер қолданылатын сандық, әрiптiк және аралас), бірегейлендiру сөздерi немесе бірегейлендiру нөмiрлерi, шифрлау, керi қайтарып алу әдiстерi немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қорғау әдiстерi пайдаланылуы мүмкiн.
27-бап. Санкцияланбаған қолма-қол жасалмайтын төлем бойынша ақшаны қайтару
1. Санкцияланбаған қолма-қол жасалмайтын төлем фактiсi анықталған жағдайда, ақшаны алған тұлға аталған төлем бойынша ақшаны қайтаруға мiндеттi.
2. Санкцияланбаған төлем бойынша ақшаны қайтару тәртібі, мерзiмi мен шарттары жөнелтушi мен алушы банктiң арасындағы шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
3-тарау. Ақша аударымы
28-бап. Ақша аударымының негiздемесi
1. Ақша аударымдары жөнелтушiнiң бенефициар пайдасына ақша аудару туралы алушы банкке берген нұсқауы негiзiнде жүргiзiледi.
2. Заң актілерінде немесе тиiстi шартта көзделген жағдайларда талап нысанындағы нұсқауларды алушы банктiң клиентi болып табылмайтын үшiншi жақ ұсынады.
29-бап. Ақша аударымының негiзгi әдiстерi
1. Ақша аударымы клиринг нәтижелерi бойынша не жөнелтушiнiң әрбір нұсқауын жеке орындау арқылы жүргiзiледi.
2. Клиринг нәтижелерi бойынша ақша аударымы клирингке қатысушылардың қарсы талаптарын есепке алу процесi аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Бұл орайда клиринг нәтижелерi бойынша жасалған аударым клирингке қатысушының ақшасын оған қызмет көрсететiн банктен мiндеттi түрде алып қоюды бiлдiрмейдi. Терiс сальдо пайда болған клирингке қатысушы оны өтеу үшiн төлем жасайды.
3. Жөнелтушiнiң әрбір нұсқауын жеке орындау арқылы жасалатын ақша аударымы жөнелтушiнiң басқа нұсқауларынан туындайтын оның құқықтары мен мiндеттемелерiне қарамастан жасалады.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 30-бап толықтырылды
30-бап. Ақша аударымы туралы нұсқауды ұсыну әдiстерi
1. Ақша аударымы туралы нұсқауларды орындау үшiн оларды ұсыну мынадай әдiстермен:
1) төлем құжатының қағазға басылған түпнұсқасын ұсыну арқылы;
2) нұсқауды байланыс пен телекоммуникацияның тиiстi электронды арналарын пайдалана отырып, қағазға баспай-ақ электрондық әдiспен беру арқылы жүргiзiледi;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген өзге де әдiстермен жүргiзiледi.
2. Нұсқауды электронды әдiспен ұсынуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн талаптар сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Мұндай талаптар болмаған жағдайда банк тәжiрибесiнде қабылданған бір iзге түсiрiлген ережелер және (немесе) iскерлiк айналымындағы ресiмдерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тек қана қағазға басу көзделген нұсқауларды электронды әдiспен ұсынуға тыйым салынады.
4. Егер жөнелтушi алушы банктiң клиентi болса, жөнелтушiнiң алушы банкке ақша аудару туралы нұсқауын ұсыну әдiстерi, тәртібі мен ережелерi олардың арасында жасалған шартта көрсетiледi. Егер жөнелтушi алушы банктiң клиентi болмаса, нұсқауды ұсыну осы Заңның нормаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соған сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
31-бап. Ақша аударымы кезiнде нұсқауды қабылдау уақыты
1. Алушы банк нұсқауларды және оларды керi қайтарып алу не олардың орындалуын тоқтату туралы өкiмдердi қабылдауды өзi белгiлеген операциялық күннiң iшiнде ғана жүзеге асырады.
2. Егер нұсқау не оны керi қайтарып алу не олардың орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм операциялық күн аяқталған соң алынған болса, алушы банк мұндай нұсқауды немесе өкiмдi келесi операциялық күннiң басында алған болып есептеледi.
32-бап. Ақша аударымы кезiнде жөнелтушi мен алушы банк арасындағы хабар алмасу
1. Ақша аударымын жүзеге асырған кезде жөнелтушi мен алушы банк мыналарды қамтитын хабарлар алмасады:
1) нұсқауды акцептеу не акцептеуден бас тарту туралы ақпарат;
2) нұсқауды орындау туралы ақпарат;
3) қате нұсқаулар туралы ақпарат;
4) нұсқауды керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы ақпарат;
5) ақша аударымына қатысты басқа да мәлiметтер.
2. Жоғарыда аталған хабарларды алмасу нысандары мен әдiстерi, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзгеше белгiлемесе, жөнелтушi мен алушы банк арасындағы шартта белгiленедi.
33-бап. Ақша аударымы туралы қате нұсқаулар
Жөнелтушiнiң ақша аударымы туралы жiберген нұсқауы, егер онда:
1) одан бұрынғы жөнелтушiден алынған нұсқаудың реквизиттерiне сәйкес келмейтiн реквизиттер болса;
2) ол қайталап берiлсе, қате болып табылады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 34-бап толықтырылды
34-бап. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару
1. Ақшаны аудару аяқталмаған жағдайда ақшаны қайтару:
1) ақша аудару арқылы жүзеге асырылған төлемнiң санкцияланбау фактiсi анықталған;
2) ақша жалған төлем құжаты негiзiнде аударылған;
3) қате берiлген нұсқау орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.
1-1. Аяқталған ақша аударымы кезiнде ақшаны қайтару, қате берiлген нұсқау орындалған жағдайда, жүзеге асырылады.
2. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысушы әрбір жөнелтушiнiң (оның iшiнде делдал банктiң) осындай ақша аударымына байланысты және ақшаны қайтару салдарынан шеккен нақты шығындарды өндiрiп алуға құқығы бар.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Ақша аударымы кезiнде нұсқауды керi қайтарып алу және нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру
1. Акцептелмеген нұсқау акцепт жасау мерзiмi аяқталғанға дейiн керi қайтарып алынуы мүмкiн.
2. Нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру немесе акцептелген нұсқауды керi қайтарып алу оны алушы банк орындағанға дейiн ғана мүмкiн болады.
3. Акцептелген және акцептелмеген нұсқауды керi қайтарып алуды, сондай-ақ нұсқаудың орындалуын тоқтата тұруды оның бастамашысы алушы банкке тиiстi өкiм жiберуi арқылы жүзеге асырады. Басқа жөнелтушiлер мұндай өкiмдi өзiнен бұрынғы жөнелтушiден не оған заңмен не шартпен уәкiлдiк берiлген үшiншi жақтан алған осындай өкiм болғанда ғана жiберуге құқылы. Мұндай өкiмнiң орындалу мерзiмi, сондай-ақ оны беру әдiстерi шартпен және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
4. Мұндай өкiмдер элекронды әдiспен жiберiлген жағдайда мұндай өкiмдi жөнелтушi мен оны алушының арасындағы шартта белгiленген қорғау iс-қимылының тәртібін сақтау қажет.
5. Егер алушы банкке Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банктің банк шотындағы ақшасына тыйым салу немесе банк шотындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмi, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның ақша жөнелтушiнiң ақшасын алып қою туралы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес акцептелген нұсқаудан бұрын орындалуға тиiстi шешiмi ұсынылса, акцептелген нұсқауды орындау тоқтатыла тұруға тиiс. Алушы банк жоғарыда аталған негiздемелер бойынша нұсқауды орындауды тоқтата тұруға байланысты залалдар үшiн жауап бермейдi.
36-бап. Ақша аударымын аяқтау
Ақша аударымы:
бенефициардың пайдасына ақша түскен кезде оның банк шоты бойынша бухгалтерлiк жазба жасалған;
егер бенефициардың банк шоты болмаса, бенефициардың банкi бенефициарға қолма-қол ақшаны нақты берген;
осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген есепке алу жүргiзiлген; банк клиентiнiң пайдасына ақша қабылданғанын көрсететiн өзге шот бойынша бухгалтерлiк жазба аяқталған кезден бастап аяқталды деп есептеледi.
4-тарау. Қорытынды ережелер
37-бап. Ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру
ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Ақша төлемi мен (немесе) аударымына қатысушылар ақша төлемi мен (немесе) аударымына байланысты мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда, олар осы қатынастарға қатысушылар арасында жасалған шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша, тәртiппен және мөлшерде жауап бередi.
2. Егер ақша аударымы аяқталмаған болса, осының алдындағы жөнелтушiнiң алынған нұсқауды орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған банк (оның iшiнде делдал банк) оның алдында жауап бередi. Бұл орайда ақша жөнелтушi ақша аударымы жөніндегі мiндеттемелерiн орындаған күннiң өзiнде, егер ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында өзгеше көзделмеген болса, ақша жөнелтушiнiң азаматтық-құқықтық мәмiле жөніндегі төлем бойынша бенефициар алдындағы мiндеттерi тоқтатылмайды. Егер ақша аудару бенефициар банкінің кiнәсiнен аяқталмаған болса, ақша жөнелтушi азаматтық-құқықтық мәмiле жөніндегi төлем бойынша бенефициар алдында жауапты болмайды.
3. Егер ақша аударымын жасау ережелерiн бұзу ақша төлемi мен (немесе) аударымына қатысушының өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланумен, сондай-ақ акцептiң немесе нұсқаудың орындалу мерзiмiн бұзуымен байланысты болса, мұндай қатысушы кiмнiң ақшасын заңсыз пайдаланса сол адамға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген айыпақы төлеуге мiндеттi.
4. Егер алушы банк төлем жасалған кезде қорғау iс-әрекетiнiң тәртібін сақтамаса, бірақ бенефициар ақшаны:
1) ақша аударымы туралы тапсырмада немесе талапта көрсетiлгендей;
2) бенефициар үшiн қолайлы мерзiмде;
3) ақша аударымы туралы бұйрықта көрсетiлген сомада алған жағдайда;
4) және бұл орайда ақша жөнелтушiге де, бенефициарға да залал (зиян) келтiрiлмесе, алушы банк ол үшiн жауап бермейдi.
ҚР 28.12.98 ж. № 336-I; 29.03.00 ж. № 42-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 09.07.03 ж. № 482-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Белгiсiз мерзiмде орындалуға тиiстi нұсқаулар
1. Ақша жөнелтушiде банкте нұсқауды орындау үшiн қажеттi ақша сомасы болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, алушы банк:
1) ақша жөнелтушi мен алушы банктiң арасындағы шартта;
2) заң актілерінде және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ғана алынған нұсқауларды қабылдауға және оларды орындау үшiн жеткiлiктi ақша сомасы ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банктiң банк шотына түскенге дейiн бір жыл бойы сақтауға мiндеттi.
1-1. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді беру жөніндегі іс-әрекеттерді жасамаған жағдайда алушы банк жөнелтушінің алынған нұсқауларын қабылдауға және 180 күнтізбелік күн бойы сақтауға міндетті.
Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді орындамаған жағдайда, алушы банк күнтізбелік 180 күн ішінде мұндай нұсқауды оны жөнелтушіге орындамай қайтаруға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген нұсқауларды алушы банк Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нұсқауларды орындау кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып, олардың алушы банкке түсу тәртібінде күнтiзбелiк кезектiлiкпен орындайды. Күнтiзбелiк кезектiлiк алушы банкке нұсқаулардың түсу күнi мен уақытын көздейдi.
Алушы банк Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен ақша жіберушінің салық төлеу жөніндегі нұсқауын орындаумен қатар, міндетті зейнетақы жарналарын күнтізбелік кезектілік тәртібімен аударуға арналған нұсқауларды орындауға міндетті. Алушы банк салық органдарының міндетті зейнетақы жарналарын өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерін нақ осы тәртіппен орындайды.
3. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген нұсқауларды орындаған кезде, акцептiң күнi мен уақыты алушы банктiң мұндай нұсқауларды орындау күнi мен уақыты болып табылады.
4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн жөнелтушiнiң ұсынылған нұсқауы ақша жөнелтушiде ақшаның жеткiлiксiз болуы салдарынан орындалмаса, алушы банк мұндай нұсқауды орындамай-ақ, оны жөнелтушiге қайтаруға мiндеттi.
Бұл норма салық және кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықты және бюджетке төленетін баскд да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алу, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын төлемегені не уақтылы төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассалық өкімдеріне қолданылмайды.
39-бап. Ақша төлемiне немесе аударымына тыйым салу
Төлем жасауға, ақша аударымы туралы нұсқау беруге, нұсқауды орындауға, банктiң бенефициарға ақша беруiне немесе бенефициардың ақша алуына Қазақстан Республикасының тиiстi заң актілерімен уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша ғана тыйым салынуы мүмкiн.
40-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделген өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
41-бап. Осы Заңды iске асыру жөніндегі шаралар
Осы Заң күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының республикада төлем және несие тәртібін нығайту мәселесi жөніндегі есебi туралы" 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысының 6-тармағы, аталған Қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібін бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар туралы" және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық" нормативтерiн бұзғаны үшiн коммерциялық банктерге қолданылатын санкциялар туралы" Уақытша ережелер (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 4, 68-құжат, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 239-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының