Дәл осылай жай вексельге авальға қатысты қаулылар қолданылады (29-31-баптар); 30-баптың соңғы абзацында көзделген жағдайда, егер авальда оның кiм үшiн қойылғаны көрсетiлмесе, онда ол жай вексель бойынша вексель берушi үшiн қойылған деп есептеледi.
77-бап
Жай вексель бойынша вексель берушi де, аударым векселi бойынша акцептант сияқты мiндеттi.
Ұсынылғаннан кейiн белгiлi бір уақыт мерзiміндегі жай вексельдер 22-бапта көрсетiлген мерзiмде белгi қоюы үшiн вексель берушiге ұсынылуға тиiс. Ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiм вексель берушi вексельге белгi қойған күннен басталады. Вексель берушiнiң күнi көрсетiлген белгiнi қоюдан бас тартуы наразылық бiлдiрумен куәландырылады (24-бап), ол күн ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiмнiң басталуы болады.
II бөлiм.
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртібі
14-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 78-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
78-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруды, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын берудi, осындай вексельдер жөніндегі мiндеттемелер мен оларға байланысты операцияларды орындауды, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта есепке алуын қамтиды.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдары шығарған вексельдердiң айналысына байланысты қатынастарда да қолданылады.
79-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөніндегі қатынастар Женева вексель конвенциясынан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен, сондай-ақ соларға сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінен тұратын вексель құқығымен реттеледi.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11; 09.07.03 ж. № 482-11 Заңдарымен 80-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
80-бап
Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген сәтiнен бастап пайда болады. Вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi.
Егер вексель осы Заңның 1-9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалған болса, вексельдiк мiндеттеменiң күшi болады.
81-бап
Аллонж вексельмен бірге бірыңғай құжат болып саналады.
Аллонжда аллонждың нақты бір вексельге тиесiлiгiн даусыз анықтауға мүмкiндiк беретiн жазба болуға тиiс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдiң өзiнде басталып, аллонжда аяқталатындай болып тiркеулi мүмкiн.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 82-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
82-бап
Вексель сомасын онда жазылған ақша сомасы құрайды. Вексель сомасына онда көрсетiлген проценттер, вексель бойынша операциялармен байланысты өсiм және басқа шығындар қосылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында берiлген вексель валютасы теңге болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында вексель айналысы валюталық реттеу туралы заңдарда көзделген жағдайларда мүмкiн болады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
83-бап
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар тиiстi лицензиясы болған кезде, вексельдермен операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асыруға:
вексельдердi инкассоға қабылдауға;
төлем жасаушының вексельдердi төлеуi бойынша қызмет көрсетуге;
домицильдендiрiлген вексельдердi төлеуге;
делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептiн жасауға құқылы.
Вексельдердi есепке алу жөніндегі операцияларды есеп кеңселерi ғана жүзеге асырады.
Банктер ақшалай нысанда орындауды көздейтiн банктiк кепiлдiктер беруге лицензиясы болғанда ғана вексельдердi авальдауға құқылы.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 83-1-баппен толықтырылды; ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 83-1-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
83-1-бап
Вексельдер Қазақстан Республикасының аумағында жай қағазға және вексель қағазына шығарылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағаздарының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Вексельдi вексель қағазына шығарған жағдайда мұндай вексельдiң мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылуға тиiс. Басқа шет тiлдердi қосымша пайдалануға жол берiледi.
Вексель қағазын шығаруға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға жатады.";
15-тарау. Вексельдiң төлем және несие беру
құралы ретiнде атқаратын қызметтерi
84-бап
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өзара есеп айырысуларда, мұның өзi тиiстi шартта көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн жағдайларда, жай және аударым векселiн пайдалануға құқылы.
Есеп кеңселерi арқылы вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Инкассоға қабылданған вексельдердi байланыс мекемелерiнiң жiберу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актілерімен және байланыс мекемесi мен есеп кеңсесiнiң арасындағы шартпен белгiленедi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 85-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
85-бап
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 86-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
86-бап
Есеп кеңселерiнiң вексель ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып төлем мерзiмi жеткенге дейiн индоссамент бойынша вексельдер қабылдауы вексельдердi есепке алу деп аталады. Есеп кеңсесi вексель сомасынан есеп кеңсесi өз бетінше белгiлеген дисконт ұстап қалуға құқылы.
Вексельдердi қайта есепке алу - бұл есеп кеңсесiнiң вексель сомасын төлем және дисконт ұстай отырып, төлем мерзiмi басталғанға дейiн есепке алған вексельдерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің индоссамент бойынша қабылдауы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта есепке алуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми есеп жүргiзу ставкасына сәйкес жүзеге асырылады.
Вексельдердi есепке алу мен қайта есепке алу тәртібі, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта есепке алуды, ал есеп кеңселерi - тек коммерциялық вексельдердi есепке алуды жүргiзедi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 87-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
87-бап
88-бап
Вексельде төлемшi ретiнде көрсетiлген тұлға мен вексель берушi төлемшiден қандай да бір мiндеттеменiң орындалуын талап ету құқығына ие болатындай қатынастарды вексель берушiнiң белгiлеуi вексельдi жабу деп түсiнiледi. Бұл орайда мұндай мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төлем болмауға тиiс.
Вексель ұстаушының вексель берушiден вексельдi жабуды талап етуге құқығы бар. Вексель берушi вексельдi жабуды төлем мерзiмiнде қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 89-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
89-бап
Аккредитив төлемiнiң, банк заемының қайтарылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен вексельдi кепiлге беру жолымен жүзеге асырылады. Вексельдi кепiлге беру индоссаменттi ресiмдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Қалған жағдайларда вексельдi кепiлге беруге жол берiлмейдi.
Вексельдiң кепiлге берiлуi және мұндай мәмiлелердi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi есеп кеңселерi арқылы жүргiзiледi.
16-тарау. Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң
вексель айналысы. Шетел валютасындағы вексельдермен
жүргiзiлетiн операциялар
90-бап
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидент еместерi берген вексель айналысы Қазақстан Республикасының вексель заңдарымен реттеледi.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының резидентi қабылдаған вексельдiк мiндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасының вексельдiк заңдарымен қойылған барлық талаптар сақталған жағдайда ғана жарамды болады.
91-бап
Вексель валютасының бағамы төлемшiге қызмет көрсететiн не вексельдi есепке алған есеп кеңсесi белгiлеген осындай валюта бағамына сәйкес анықталады.
92-бап
Римессаны Қазақстан Республикасының резидент емесiмен өзара есеп айырылысуларда валюталық операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар есеп кеңсесi ғана пайдалана алады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 16-1-тараумен толықтырылды; ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 16-1-тарау алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
16-1-тарау. Елтаңбалық алым
17-тарау. Вексельдiк заңдарды бұзғаны үшiн
жауапкершiлiк
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 93-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
93-бап
Вексель бойынша акцепт бермеу немесе төлем жасамау туралы наразылықты нотариус өзiне вексель берiлген кезден бастап бір жұмыс күнi iшiнде оған тиiстi жазба жасау және акцепт бермеу немесе төлем жасамау фактiсiн куәландыратын жазбаша акт жазу арқылы жасайды.
Акцептiң күнi қойылмауына наразылық вексельге акцепт бермеуге наразылық жасау үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасалуға тиіс.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 94-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
94-бап
Вексель бойынша төлем жасаушының мүлкiн өндiрiп алу сот бұйрығы немесе сот шешiмi негiзiнде ғана жүргiзiледi.
Вексель жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, вексельдi беруге негiз болған шарттың ережелерiн сот қарауға құқылы емес.
Осы Заңның 1 және 74-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып вексель жасалған жағдайларда, вексель жарамсыз деп танылады. Жарамсыз векселдерден туындайтын мiндеттемелер бойынша дау туған жағдайда осы баптың екiншi абзацында көрсетiлген шарт бойынша мiндеттемелердi бұзу туралы iс ретiнде қаралады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 95-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
95-бап
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығаруға тыйым салынады.
Достық немесе қола векселi бойынша төлем жасамау тәуекелiн достық немесе қола векселiн ұсынушы вексель ұстаушы мойнына алады.
Заңды және жеке тұлғалар тиiстi құқық қорғау органдарына қола вексельдi ұсыну фактілері туралы кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
Достық, қола немесе қаржы векселiн шығаруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 96-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
96-бап
Вексельдi жоғалту тәуекелiн вексель ұстаушы көтередi. Вексель берушi жоғалған вексельдi берудi мойындаған жағдайларды қоспағанда, вексель ұстаушының вексельдi жоғалтуы ол бойынша талап ету құқығын жоғалтуға әкеп соқтырады. Жоғалған вексель бойынша төлем жасау ол бойынша талап ету құқығы сот тәртібімен қалпына келтiрiлген кезде де жүргізілуі мүмкін.
Жоғалған вексель бойынша құқығын қалпына келтiру жөніндегі өтiнiштi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен сот қарайды.
Жоғалғанның орнына вексель берiлуi және вексельдегi берiлiм жазбасының қайта қалпына келтiрiлуi оны жоғалтқаны вексель ұстаушының есебiнен жүргiзiледi.
Вексельдi жеткiзiп беруге мiндеттенген адам оны жөнелтуге қабылдаған сәттен бастап, адресатқа табыс еткенге дейiн жоғалтса ғана ол үшiн жауап бередi. Ол вексельдi жоғалтқан жағдайда жоғалған вексельдi инкассациялау бойынша операциялар орындаған вексель ұстаушыға не есеп кеңесiне осындай вексель бойынша құқықтарды қалпына келтiрумен байланысты барлық шығыстардың орнын толтыруға мiндеттi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 97-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
97-бап
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 18-тарау алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
18-тарау. Қорытынды ережелер
Қазақстан Республикасының