6-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің рұқсаты қосымша талап етiледi.".
5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж. № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алып тасталсын;
2) 6-баптың 2-тармағы "операциялары" деген сөзден кейiн ", мемлекеттік органның, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде бекітілген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 30-бапта:
2-тармақта:
г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г) кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және кейiннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнiнде қызметтер көрсету;";
о) тармақшасында "және басқа жаққа салып жiберу" деген сөздер алып тасталсын;
2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-3. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
Банктерге және кредиттік серiктестiктерге осы баптың к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияны жүргiзуге лицензия беру үшiн Ұлттық Банктiң оң қорытындысы талап етiледi.
Кредиттiк серiктестiктердi қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, осы баптың к), л), н), о) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге және қызметінің бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияны жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банк бередi.";
4) 41-баптың бірiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "резервтiк талаптар нормаларын," деген сөздер алып тасталсын;
5) 42-баптың 3-тармағындағы "резервтiк талаптардың нормаларын," деген сөздер алып тасталсын;
6) 46-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Ұлттық Банк реттелуi өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағының а), в), г) тармақшаларында көрсетiлген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.";
7) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Ұлттық Банк бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға санкциялар қолдануға құқылы. Ұлттық Банк санкция ретiнде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ лицензиясын Ұлттық Банк беретiн, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетiлген шараларды қолдануға құқылы.";
8) 48-баптың 1-тармағының г) тармақшасындағы "уәкiлеттi орган белгiлеген" деген сөздер алып тасталсын;
9) 50-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгiндегі "хабарлауы," деген сөзден кейiн "валюталық заңдарға сәйкес экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру үшiн клиенттердiң экспорт және (немесе) импорт операциялары бойынша мәлiметтердi кеден органдарына беруi," деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 13, 138-құжат):
1) 83-1-баптың төртiншi бөлiгi алып тасталсын;
2) 86-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің ресми есеп жүргiзу ставкасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2005 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 23 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
49-бапта:
тақырыбындағы "есепке алу" деген сөздерден кейiн "және есептiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"қаржылық" деген сөзден кейiн "және статистикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
"активтерi бойынша" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты және (немесе) банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады. Банк шотының шарты ағымдағы шоттың шарты және карт-шот шарты болып бөлiнедi.";
2-1-тармағында:
бірiншi бөлiктегi "банк шотының" деген сөздер "ағымдағы шоттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi 7) тармақшада "сыйақы төлеуге байланысты операцияларды орындау үшiн банктің клиентке ашатын шоты." деген сөздер "сыйақы төлеуге" деген сөздермен ауыстырылып, бөлiк мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) клиентке Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) карт-шоттың шартында көзделген өзге де банк қызметiн көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операцияларды орындау үшін банктiң клиентке ашатын шоты.";
2) 20-баптың 4-тармағындағы "күннен кейiнгi операциялық күннен" деген сөздер "күннен бастап екi операциялық күннен" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат):
74-баптың тақырыбындағы "Қаржылық" деген сөзден кейiн "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
10. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
4-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы "және жiберу" деген сөздер алып тасталсын.
11. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
26-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
12. "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат):
1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қордың есептiлiгiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;";
2) 5-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қордың қаржылық есептiлiгiнiң көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.";
3-тармақтағы "уәкiлеттi органның үш өкiлi" деген сөздер "уәкiлеттi органның екi өкiлi, құрылтайшының бір өкiлi" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат):
7-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкiлетті органның еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттi орган Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісiлген ұсынуы бойынша бекiтедi.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi орган ол туралы Ережеде айқындалатын тәртіппен шығыстарды өтеуге байланысты өзге де қаржы түсiмдерiн иеленуге құқылы, олар қаржы жылының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетіне аударылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Уәкілеттi органның қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын оның Басқармасы айқындайды.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і. № 69-III ҚРЗ