9. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы, -
саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, партияның басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) мынадай мазмұндағы 374-1-баппен толықтырылсын:
"374-1-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық,
дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау,
қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру, -
екi жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
10) 375-бап мынадай мазмұндағы үшiнші, төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"3. Азаматтардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есептiк тiркеусiз миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштің он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Дiни бiрлестiктiң өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, -
дiни бiрлестіктің басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметiн үш айдан алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып не қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бiрлестіктің өз жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн қызметтi жүйелi түрде жүзеге асыруы, сол сияқты дiни бiрлестiктiң өз қызметiн тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жоймауы, -
дiни бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң қырыққа дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға дiни бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
11) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнің 1) тармақшасында:
екiншi абзацтағы "372-374," деген цифрлар "372, 373, 374 (бiрiншi-төртiншi бөлiктерi), 374-1," деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзацтағы "342-344 (бiрiншi бөлiгi)" деген сөздер "342, 343, 344 (бiрiншi-үшiншi бөліктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзац "355," деген цифрлардан кейiн "374 (жетiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма жетiншi абзац "361," деген цифрдан кейiн "374 (бесiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi)," деген сөздермен толықтырылсын;
отыз сегiзiншi абзацтағы "(386 (үшінші бөлiгi)-бап" деген сөздер "(344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі)" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Діни сенім бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат):
1) мынадай мазмұндағы кiрiспемен толықтырылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасының әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды, азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепiлдiк бередi, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келісімнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудi таниды.";
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
"1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ғибадат үйі (ғимараты) - құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен діни жиналыстарға, тәу етуге (мінәжат етуге) арналған объект;
2) миссионерлiк қызмет - өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын дiни бiрлестiктердiң жарғылық ережелерінде жоқ дiни сенімдi діни ағартушылық қызмет арқылы уағыздау және тарату;
3) дiни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі мемлекеттік орган.";
3) 4-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.";
4) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын:
"4-1-бап. Миссионерлiк қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi - миссионер) Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлiк қызметтi уәкілеттi органда есептiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
Миссионерлiк қызметтi есептік тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.
4-2-бап. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды
есептік тiркеу
Миссионерлiк қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер жергiлiктi атқарушы органдарда жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
Миссионерлер есептік тiркеу үшiн жергілiктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:
1) ұстанатын дiнi, миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
2) миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесі;
3) тiркеу туралы куәлiктiң немесе миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің өз елiнiң заңдарына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын өзге де құжаттың көшiрмесi;
4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктің жiберген шақыруы;
5) миссионерлік қызметке арналған әдебиет, дiни мақсаттағы аудио-, бейне материалдар және (немесе) өзге де заттар. Есептiк тiркелгеннен кейiн дiни мазмұндағы материалдарды қосымша пайдалану жергiлiктi атқарушы органдармен келісіледi.
Өтiнiш берушi көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде белгiленген тәртiппен тiркелген төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi.
Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды есептiк тiркеудi құжат берiлген күннен бастап жетi күннен аспайтын мерзiмде жергiлiктi атқарушы орган жүргiзедi.";
5) 5-бапта:
екiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Баланы дiни тәрбиелеу оның тәндік, психикалық саулығына және имандылық рухында дамуына залал келтiрмеуге тиiс.";
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
6) 6-бап алып тасталсын;
7) 6-1-бапта:
тақырыптағы "Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздер "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi абзацтағы "Уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтардың қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi;";
8) 6-2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзедi;";
3) тармақшадағы "дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 7-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "және олардың құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздер алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру
1. Дiни бiрлестiктiң қызметi:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған;
2) дiни бiрлестiктiң жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн iс-әрекеттердi жүзеге асырған жағдайларда соттың шешiмiмен үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Дiни бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында оның атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингілер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, дiни бiрлестiктiң қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөніндегі есеп айырысуларды қоспағанда, дiни бiрлестiктің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.
3. Егер дiни бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде бұзушылықтар жойылатын болса, дiни бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды.
4. Дiни бiрлестiктiң анықталған бұзушылықты жойғаны жөніндегі фактiнi дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот белгiлейдi.";
11) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
1. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру (қосылу, бiрiгу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде және дiни бiрлестiктің жарғысында (ережесiнде) көзделген тәртiппен оның Қазақстан Республикасының аумағындағы жоғары басқару органының шешiмi бойынша не сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған дiни бiрлестiктi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Дiни бiрлестiк:
1) оның жоғары органының;
2) соттың шешiмi бойынша таратылады.
4. Дiни бiрлестiктi таратуды дiни бiрлестiктiң жоғары басқару органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.
5. Соттың шешiмi бойынша дiни бiрлестiк:
1) осы Заңның талаптарын орындамаған;
2) дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған бұзушылықтарды сот белгiлеген мерзiмде жоймаған;
3) дiни бiрлестiктiң жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн iс-әрекеттердi үнемi жүзеге асырған;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте (кемiнде екi рет) немесе өрескел бұзған;
5) дiни бiрлестiктi құру кезiнде жол берiлген, түзетуге келмейтiн сипаттағы заңнаманы бұзушылықтарға байланысты оны мемлекеттік тiркеудi, жарамсыз деп таныған не дiни бiрлестiктi мемлекеттік тiркеудің күшi, жойылған жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда таратылуы мүмкiн.";
12) 13-бап мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Дiни бiрлестiктер шығарған дiни әдебиетте және дiни мазмұндағы басқа да баспа материалдарында оның толық ресми атауы болуға тиiс.".
7. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат):
1) 11-баптың 3-тармағының төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- байланыс желiлерiндегі жедел iздеу;";
2) 12-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгiнiң б) тармақшасындағы "байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгiлерi бойынша" деген сөздер "байланыс желiлеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "жедел-iздестiру шаралары" деген сөздер "арнайы жедел-iздестiру шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат):
1) 6-баптың тоғызыншы бөлiгi ""Қоғамдық бiрлестiктер туралы"," деген сөздерден кейiн ""Саяси партиялар туралы"," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Саяси партияларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттар қоса берiле отырып, өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.".
9. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат):
18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң рәмiзi
Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өз рәмiзi (жалауы, гимнi, эмблемасы, вымпелдерi, омырау белгiлерi) болуы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктердiң толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгін қайталамауға тиiс.
Қоғамдық бiрлестiк рәмiзінiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда бекітіледi.".
10. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат):
2-баптың а) тармақшасы "қылмыстар үшiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ экстремизмнiң белгiлерi бар қылмыстар үшiн" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24; 175-құжат):
1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.";
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі
1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тiлде және басқа да тiлдерде таратылады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттік тiлдегi бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының апталық көлемi уақыты бойынша басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиіс.
Мемлекеттік тiлдегi хабарларды хабар таратудың тәулiктiк кестесiне орналастыру хабарлар эфирге шығатын бүкiл кезең iшiнде бiркелкi жүзеге асырылуға тиiс.
Бұл талап кабельдiк, эфирлi-кабельдiк телевизия желiлерiне қолданылмайды.";
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мыналар:
1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар;
3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар бас редактор (редактор) бола алмайды.";
4) 13-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты үгіттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 3-2-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға негіз болып табылады.".
12. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30 құжат; № 10, 56-құжат):
41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"41-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау
1. Коммерциялық емес ұйым бухгалтерлік есеппен статистикалық есептiліктi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзедi.
2. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметi туралы ақпарат бередi.
Шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдiк ұйымдар, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтеусiз негiзде беретін қаражат есебiнен қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдарына осы қаражатты пайдалану туралы есептi ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) баспасөз басылымдарында жыл сайын өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары, мүліктің құрамы туралы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы ақпарат жариялайды.
4. Коммерциялық емес ұйым кiрiстердің мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы, оның шығыстары, қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегіне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусiз еңбегiн пайдалану туралы мәлiметтер коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.".
13. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан өкілдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады. Азаматтардың сенімхат бойынша саяси партияның құрылтай съезiнде (конференциясында) өкiлдiк етуiне жол берiлмейдi. Саяси партияның құрылуын, соның iшiнде құрылтай съезiнiң (конференциясының) өткiзiлуiн ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тармақ "тiзiмдерi" деген сөздің алдынан "электрондық және қағаз жеткiзгiштегi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 1-тармағының, екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған саяси партиялардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгiн қайталамауға тиiс.";
3) 10-баптың 7-тармағының 4) тармақшасы "тiзiмдерi" деген сөздiң алдынан "электрондық және қағаз жеткiзгiштегi" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тарту
1. Тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртібін бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Тiркеуші орган Қазақстан Республикасының заң актілерiне көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшенi (филиалы мен өкiлдiгiн) құрудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзған, есептік тіркеуге берілген құжаттар, соның iшiнде партия мүшелерінiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартады.
2. Мемлекеттік тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады.
3. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.";
5) 12-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобының, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын, осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келуiн тексерудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиiстi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";
6) 13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "орын алған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн." деген сөздер "орын алған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.";
7) 14-баптың 5-тармағында:
7) тармақша ", саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған;";
8) 18-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақта көрсетiлген адамдардан келiп түскен қайырмалдықтар соттың шешiмi бойынша мемлекеттің кiрiсiне аударылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады.".
14. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж. № 5, 5-құжат):
6-баптың 1) тармақшасындағы "қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздаумен және (немесе) таратумен шұғылданатын дiни бiрлестiктердiң және шетелдiктердің" деген сөздер және 6) тармақшасындағы "қандай да бір дiн ілімiн уағыздау және (немесе) таратумен шұғылданатын дiни бiрлестiктер мен шетелдiктердiң" деген сөздер "діни бірлестіктердің және миссионерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын.