2. Қорғау шаралары тауарға, егер олардың бастапқы қолданылу мерзімі алты ай болса және одан кем болса, мынадай шарттар сақталғанда:
1) қорғау шаралары енгізілген кезден бастап кемінде бір жыл өткен;
2) мұндай қорғау шаралары қорғау шараларын енгізудің соңғы күнінің тікелей алдындағы бес жылда екі реттен артық қолданылмаған жағдайда қайта қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1999.20.07. № 443-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын
қолдану туралы қаулысын жариялау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда сондай-ақ мүдделі тұлғалардың дәлелдерін немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамаудың себептері мен негіздемелері болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының 1999.20.07. № 443-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Шешімдерге шағымдану тәртібі
Мүдделі тұлғалар қорғау шараларын қолдану жөніндегі істі қарау кезеңінде қабылданған уәкілетті органның шешімі мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот арқылы шағымдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының 1999.20.07. № 443-1 Заңымен 28-баппен толықтырылды
28-бап. Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау
шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев