15) тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар;
16) салықтар - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз;
17) кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету - осы Кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың осы Кодексте белгіленген әдістері;
18) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу - тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген әдіспен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету жөнінде іс-әрекеттер жасау;
19) тасымалдаушы - тауарларды іс жүзінде өткізуші не көлік құралын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
20) тауарларды алушы - кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға;
21) өткізу пункті - адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгілеген автомобиль, темір жол вокзалының, станциясының, әуежайдың, аэродромның, теңіз, өзен портының не өзге де жабдықталған орынның шегіндегі аумақ (аумақтың бір бөлігі);
22) мамандандырылған кеден мекемелері - кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер;
23) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
24) кедендік әкімшілік жүргізу - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы;
25) кедендік декларация - тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат;
26) кедендік инфрақұрылым - кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар;
27) кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы;
28) кедендік ресімдеу - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы;
29) кедендік операциялар - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер;
30) жөнелтуші кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
31) межелі кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
32) кедендік баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі;
33) кедендік рәсімдер - Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
34) кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, осы Кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы;
35) кедендік алымдар - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері;
36) кедендік алып жүру - Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі;
37) кедендік тариф - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі;
38) кеден терминалы - Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік ресімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын;
39) тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ көлік құралдары, бұған осы баптың 43) тармақшасында аталған көлік құралдары кірмейді;
40) кедендік бақылаудағы тауарлар - осы Кодекске сәйкес кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар;
41) көлік құжаттары - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы тауарларды өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлік туралы заң актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге де құжаттар;
42) тауарларға ілеспе құжаттар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары;
43) көлік құралы - халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру үшін қолданылатын және осы көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін техникалық паспортпен немесе техникалық формулярмен көзделген қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтары мен жабдықтарды, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда, теңіз, ішкі су, әуе кемесі, механикалық көлік құралы;
44) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасында кеден ісіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
45) шартты түрде шығару - тауарлар мен көлік құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билік ету жөніндегі шарттарға орай шығару;
46) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға;
47) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
48) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының басқа да арнаулы ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңдарының азаматтық және басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңдарының бұл салаларында олар қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.
2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы
негізгі ережелері
8-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету құқығы
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тең негіздерде құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін.
9-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады. Өзге іс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі);
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтімдерін халықаралық почта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады.
3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Кедендік ресімдеу
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік ресімделуге тиіс.
11-бап. Кедендік режимді таңдау және өзгерту
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.
12-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау
1. Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.
2. Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу көзделмесе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге не тиісінше аталған аумаққа қайтарылуға жатады.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам не тасымалдаушы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жібереді.
13-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету
1. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгенге дейін оларды пайдалану мен оларға билік ету осы Кодексте көзделген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгеннен кейін оларды пайдалану және оларға билік ету мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Шартты түрде жіберу
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, шектеулер сақтала отырып өздеріне қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген не осы Кодексте анықталған өзге де шарттар мен талаптар белгіленген тауарлар мен көлік құралдары шартты түрде жіберілуге тиіс.
Шартты түрде жіберілген жағдайда тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
15-бап. Кедендік бақылау
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады.
Кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіп пен нысандарда Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
2-Бөлім. Қазақстан Республикасының Кеден органдары
3-тарау. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының
құрылымы мен қызметі
09.07.04 ж. № 592-ІІ ҚР Заңымен 16-бап толықтырылды
16-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.
17-бап. Кеден органдарының жүйесі
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары):
1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган;
2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);
3) кедендер;
4) кеден бекеттері;
5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;
6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.
2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.
3. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
5. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
6. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады.
18-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері
Кеден органдарының қызметі:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерінде құрылады.
19-бап. Кеден органдарының міндеттері
Кеден органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.
20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері
1. Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағынының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.
3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.
4. Кеден органдарына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға беріледі.
21-бап. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар
Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты
1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге тиіс.
4-тарау. Кеден органдарының өкілеттігі
09.07.04 ж. № 592-ІІ ҚР Заңымен 23-бап толықтырылды
23-бап. Кеден органдарының құқықтары
Кеден органдары:
1) өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;
5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;
7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;
8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;
10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқылы.
24-бап. Кеден органдарының міндеттері
1. Кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;
3) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
4) тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;