мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Банкрот деп танылған не өзiне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданған, не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданған төлеушiнiң сот шешiм қабылдаған кезден бастап пайда болған берешектiң сомасына мұндай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап өсiмпұл есептелмейдi.
2-2. Егер берешектiң пайда болуының жалғыз себебi қызмет көрсететiн банктiң таратылуы болып табылған жағдайда, банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторларына берешектерiн уақтылы өтемегенi үшiн өсiмпұл есептелмейдi.
2-3. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың шешiмi күшiне енген кезден бастап ол жойылғанға дейiн берешектiң сомасына өсiмпұл есептелмейдi.»;
69) 351-бапта:
тақырыптағы «Артық» деген сөз «Кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрі бойынша артық» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «артық төленген сома» деген сөздер «кедендік төлемнің немесе салықтың нақ сол түр бойынша артық төленген кедендiк төлемдер және салықтар сомасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомаларын кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша берешектi өтеу есебiне не депозит есебiне жатқызу кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
70) 352-баптың 1-тармағында:
«Артық төленген сома не депозит берешек пен» деген сөздер «Кедендiк төлемнiң және салықтың артық төленген сомалары не депозит кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша берешектi және» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 363-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
72) 373-баптың екiншi бөлігіндегi «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын;
73) 375-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілеттi орган белгілеген тәртіппен сарапшылар тартуға;";
74) 379-баптың 2-тармағында:
біріншi бөлiктiң 2) тармақшасы «тауарларға» деген сөздiң алдынан «тауарлардың қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлiк «уақытша» деген сөзден кейін», толық емес» деген сөздермен толықтырылсын;
үшіншi бөлікте:
«уақытша» деген сөзден кейiн», толық емес» деген сөздермен толықтырылсын;
«387 және 388-баптарында» деген сөздер «387-388-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртіншi бөлiк мынадай мазмұндағы екіншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл орайда кедендiк баждар мен салықтар төленген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кедендік кірiс ордерін ресiмдеудi жүргізедi.»;
75) 380-бапта:
3-тармақтағы «төлемдердің және салықтардың» деген сөздер «төлемдер және салықтар төленген не» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кеден ережелерін бұза отырып әкелiнген тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы:
1) соттың тұлғаны қылмыстық (әкiмшiлiк) жауаптылыққа тарту туралы не қылмыстық (әкiмшілік) жауаптылықтан босату туралы;
2) уәкілеттi органның (лауазымды адамның) тұлғаны әкімшілiк жауаптылыққа тарту туралы не әкiмшілік жауаптылықтан босату туралы;
3) соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды адамның) кеден ережелерiнiң бұзылу фактiсi бойынша iстi тоқтату туралы шешiмi заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелiк отыз күн iшiнде берiледі.»;
76) 382-бапта:
5-тармақтың 6) тармақшасының екіншi абзацы «түбіртек» деген сөзден кейiн». Алдын ала декларациялау рәсімі қолданылған жағдайда аталған құжаттар тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін беріледi, ал осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты мерзiмдік декларациялау рәсімі қолданылған жағдайда жүктiң толық кедендiк декларациясы бойынша тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғанға дейiн берiледi» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 371-бабында көзделген кедендiк ресiмдеуінің оңайлатылған тәртiбін қолданған кезде кедендік мақсаттар үшін қажеттi құжаттардың тiзбесін қысқартуға құқылы.»;
77) 383-бапта:
1) тармақшаның екінші абзацы, 3) тармақшаның үшінші абзацы, 12) тармақша, 13) тармақшаның төртінші абзацы, 16) тармақша «сертификаты» деген сөзден кейін «немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысанадағы өтініш-декларация;»деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
6) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрмелер өткізуге арналған, кейіннен сатылмайтын тауарларды (экспонаттарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысандағы өтініш-декларация;";
78) 384-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы «қатысты» деген сөзден кейін «алдын ала декларациялау рәсiмi қолданылған,»деген сөздермен толықтырылсын;
79) 385-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте керi қайтарып алынған жүктiң кедендiк декларациясы кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жойылуға тиiс.»;
80) 386-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендiк баждар мен салықтар тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғанға дейiн төленедi.»;
81) 387-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Уақытша кедендiк декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) шеңберiнде тауарлар беруге бір уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен нақты сатып алушылардың саны бойынша бірнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісім-шарты) берiледi.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Декларант жүктiң уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгі күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бірақ уақытша кедендiк декларация тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай жүктiң толық кедендiк декларациясын беруге мiндеттi.
Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткізу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде көрсетілген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актісi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бірнеше көлiктiк құжат жасалса, көрсетілген мерзiм соңғы көліктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.»;
82) 388-бапта:
«белгілi бір уақыт кезеңi» деген сөздер «күнтiзбелiк отыз күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кедендiк баждар және салықтар, акцизделетін тауарларды қоспағанда, жүктiң толық кедендiк декларациясы тiркелгенге дейін немесе тiркелген күні төленедi.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кедендiк баждар және акцизделетiн тауарлар бойынша салықтар мерзiмдiк кедендiк декларация тiркелгенге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мерзiмдiк декларациялау кедендiк баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жеткізу мерзiмi басталғанға дейiн мерзiмдiк кедендiк декларацияны беру арқылы жүргiзіледi. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды.
Бұл ретте мерзімдiк кедендiк декларация тауарлардың бірыңғай легiне толтырылады.»;
9-тармақта:
«әкелiнген» деген сөздерден кейін»(әкетілген)»деген сөздермен толықтырылсын;
83) мынадай мазмұндағы 388-1-баппен толықтырылсын:
«388-1-бап. Толық емес кедендік декларация
1. Егер декларант кедендiк декларацияны толтыруға қажеттi бүкiл ақпаратқа өзiне байланысты емес себептер бойынша ие болмаса, онда тауарды шығаруға, кедендiк төлемдердi есептеу мен төлеуге қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталғанын растайтын, сондай-ақ тауарларды сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер болған жағдайда толық емес кедендiк декларацияны беруге рұқсат етіледі.
Декларант толық емес кедендік декларацияны берген кезде ондағы жетіспейтін мәліметтерді кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда табыс етуге міндеттеме алады.
2. Егер кеден органы толық емес кедендiк декларацияны қабылдаса, осы Кодексте көзделген кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін қоса алғанда, толық және тиiсті түрде толтырылған кедендiк декларация басынан бастап берiлген жағдайдағыдай шарттар мен талаптар қолданылады.
3. Толық емес кедендiк декларацияны толтыру тәртібі мен оны пайдалану жағдайларын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.»;
84) 389-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «тұлғаларға берілмейдi.»деген сөздер «тұлғаларға;»деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оларға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған не соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешiм қабылданған тұлғаларға берiлмейдi.»;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «жағдайларда қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкiн.»деген сөздер «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) банкроттық туралы iс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсiмiн жүргiзу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкiн.»;
85) 390-баптың 2) тармақшасы «сертификаттар,»деген сөзден кейiн «өтiнiш-декларациялар,»деген сөздермен толықтырылсын;
86) 400-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) штатта кемiнде бір кедендiк ресiмдеу жөнiндегі маманның болуына, ал филиал болған ретте - кеден брокерi қызметінің әрбір филиалында кемiнде бір кедендік ресiмдеу жөніндегі маманның болуына;";
87) 401-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «құжаттар» деген сөзден кейiн «ұсыну қажет.»деген сөздермен толықтырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
88) 413-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «кеден органдарына контрафактылы тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретін өзге де мәлiметтер» деген сөздер «құқық иеленушінің пікірінше контрафактылы болып табылатын тауарлар туралы, кеден органдарына осындай тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн толық мәліметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екіншi бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінiш берумен бір мезгілде контрафактылы тауардың ерекше белгілерiнiң сипаттамасы табыс етіледi.
Мүмкiндiгiнше интеллектуалдық меншiк объектiсi бар тауардың және контрафактылы тауардың үлгілерi де табыс етіледi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және тауарды тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды.
Өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ тиiстi мемлекеттік органдардан мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұрап алуға құқылы. Аталған тұлғалар сауалды алған күннен бастан күнтізбелiк он күн ішінде сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті.
Жеткiлiктi негіздер болған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган өтінiштi қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның тауарды тiзілімге енгізу туралы шешiмi кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
Тауарларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ тауарлардың контрафактылық белгілерін растау мүмкін болмаған кезде қабылданады.
Өтініш берушіге кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.»;
89) 416-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Интеллектуалдық меншікке құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша істі қозғау туралы айғақтар ұсынылған кезде тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап қою бойынша шешім заңды күшіне енгізілгенге дейін ұзартылады.»;
90) 420-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер жеке тұлғалар өткізетін немесе халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жіберілетін тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаса;";
91) 440-баптың 2-тармағы «уақытша» деген сөзден кейiн», толық емес» деген сөздермен толықтырылсын;
92) 448-баптың 1-тармағының біріншi бөлігіндегі «немесе оны алмастырушы адамның» деген сөздер», оны алмастырушы адамның не Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункті уәкiлетті лауазымды адамының» деген сөздермен ауыстырылсын;
93) 453-баптың 3-тармағындағы «бірдейлендiру белгілерi» деген сөздер «бірдейлендiру құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
94) 459-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру - сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының орындалуын кеден органдары жүзеге асыратын тексеру. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру осы баптың 3-тармағында көзделген негiздемелер бойынша түрлерге бөлінедi және жүргiзiледi. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу тәртiбін кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi тексеру мынадай түрлерге бөлінедi:
1) жоспарлы тексеру - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке нақты қатысушыны алдын ала жоспарланған тексеру. Жоспарлы тексеру:
сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгi деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу мәртебесін беру және бекіту;
шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билiк ету жөніндегі шектеулер мен шарттарды сақтау;
кеден режимдерінiң шарттары мен талаптарын сақтау;
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау;
кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган берген лицензиялардың талаптарын сақтау;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының ресми өтiнiштерi;
тәуекелден сақтандыруға арналған алдын алу шараларын қолдану негiздемелерi бойынша тағайындалады;
2) жоспардан тыс тексеру - мынадай:
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары берген Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарының бұзылуын куәландыратын, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілеттi органның және мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктерiндегі ақпараттарды талдау нәтижелерi бойынша мәлiметтер алу;
шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесiнде алынған мәліметтердi тексеру;
Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайлар негіздемелерi бойынша тағайындалатын тексеру;
3) рейдтiк тексеру - Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдары кеден органдарымен бірлесiп жүзеге асыратын тексеру;
4) үстеме тексеру - кеден органдары тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн субъект берген мәлiметтерінің дұрыстығын растау мақсатында үшінші тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда, үшiншi тұлғаларға қатысты жүргізілетiн тексеру;
5) құжаттық тексеру - ұйғарым ресiмдеудi талап етпейтін және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар берген жүктің кедендік декларацияларындағы, тауарға ілеспе және өзге де құжаттардағы мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде тікелей кеден органдары жүзеге асыратын тексеру. Құжаттық тексеру тiкелей кеден органы орналасқан жер бойынша жүргізіледі.»;
95) мынадай мазмұндағы 459-1-баппен толықтырылсын:
«459-1-бап. Кеден iсі саласындағы сыртқы экономикалық және
өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізудiң
кезеңділігі
1. Кеден органдары кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзуді мынадай кезеңділікпен:
1) жоспарлы тексерудi - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің нақты қатысушысына қатысты жылына бір реттен жиi емес;
2) рейдтiк тексерудi - Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдары белгiлеген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Шектеу мына жағдайларда көзделмейдi:
1) жоспардан тыс тексерулер жүргiзу кезінде - аталған тексерулер Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарының бұзылғандығын куәландыратын, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары берген мәлiметтер алынған кезде, сондай-ақ кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының деректер базалары мен банктеріндегі ақпаратты талдау нәтижелерi бойынша; шет мемлекеттердiң салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған мәлiметтердi тексеру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген жағдайларда тағайындалады;
2) үстеме тексерулер жүргізу кезiнде - аталған тексерулер тексерілетін субъект пен үшiншi тұлғаның өзара байланысының жекелеген мәселелерiн қозғайды;
3) құжаттық тексерулер жүргізу кезiнде - кеден органдары аталған тексерулердi кеден органының қарауында жатқан, кедендік ресiмдеу мақсаттары үшiн берiлген кедендiк декларациялар мен құжаттарды қайталап тексеру арқылы жүзеге асырады.
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің қатысушыларын тексерудің кезеңділігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.»;
96) 464-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Алып қою кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға алып қойылатын құжаттардың көшiрмелерін түсiріп алу мүмкiндiгі берiлгеннен кейiн жүргізіледi.»;
97) 465-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тексеру актiсiнiң бір данасы кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға қол қою арқылы немесе тексеру актiсiн алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен берiледi.»;
98) 471-баптың 3-тармағы «Банкінің Төрағасы,»деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінiң Iс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметінiң бастығы,»деген сөздермен толықтырылсын;
99) 489-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
100) 511-баптың 6-тармағындағы «жүрген» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасы» деген сөздер алып тасталсын;
101) 520-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасы кеден» деген сөздер «Кеден» деген сөзбен ауыстырылсын;
102) 522-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еңбек сiңiрген жылдарына қарай лауазымдық айлықақыға коэффициент белгілеу құқығын беретiн қызмет стажына мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес қызмет (жұмыс) істеген уақыт есептеледі.»;
103) 526-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «республикалық бюджет» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «республикалық бюджет» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы маусымның 20-сы. № 62-III ҚРЗ