"Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары кедендiк бақылау департаменттерiнiң бастықтары";
бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрлігінiң Штабтар бастықтары комитетi төрағасының орынбасары, Қарулы Күштер тылының бастықтары, Қарулы Күштер түрлерi бас қолбасшылықтарының, әскер түрлерi қолбасшылықтарының, өңiрлiк қолбасшылықтардың бiрiншi орынбасарлары;
орталық аппараттың департамент директорлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерiнiң бастықтары, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармаларының бастықтары;";
жетiншi абзац алынып тасталсын;
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстар, Алматы және Астана қалалары әкiмдiктерi iшкi саясат департаменттерiнiң директоры.";
6-тармақта:
екiншi абзацта:
"Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасынан", "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына" деген сөздер тиiсiнше "Кадр саясаты бөлiмiнен", "Кадр саясаты бөлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасына" деген сөздер "Кадр саясаты бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |