“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 438 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 316-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"25 позиция бойынша тауар рыноктарын зерттеу жөніндегі іс-шараларды өткізу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |