"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк
экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда
гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік
кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 189 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:
1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;
2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы 74
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы 50";
2) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген бөлiмде:
реттік нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдар алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 429-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 26, 27-жолдар алынып тасталсын.
"2. Мемлекеттік мекемелер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Шымкент қаласы;
4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы".
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы № 722 қаулысы 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |