агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
облигациялар бойынша купондық сыйақыны;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
54) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
55) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;
56) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторды айқындайды;
57) сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды;
59) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
60) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінуі мен орналастырылуын бекітеді;
61) стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтарды, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлеуі арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
62) тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
63) селекция, сортты сынақтан өткiзу және тұқым шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
64) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауылшаруашылық өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiне болжам жасайды;
65) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
66) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
67) мыналарды:
Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;
тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін;
сортты егiстердi байқаудан өткізу тәртібін бекітеді;
68) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтардан өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
69) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, тұқымдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тізбесін және оларға бөлінетін субсидиялардың нормативтерін айқындайды;
70) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
71) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
73) сортты сынақтан өткiзу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
74) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;
75) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтініштері негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;
76) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
77) отандық және шетелдік селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады;
78) уәкілетті орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;
79) республиканың тұқым ресурсының мониторингiн жүзеге асырады;
80) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
81) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
82) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады;
83) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды;
84) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
85) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
86) сорт сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілейді;
87) технологиялық талаптарды, өндiрiс схемаларын, тұқымның саны мен сапасы жағынан сақталуын қамтамасыз ететін оларды сақтау және сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
88) сорттың жаңартылуын және сорттың алмастырылуын жүргiзу тәртібі мен мерзімін белгілейді;
89) ауыл шаруашылық өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін белгілейді;
90) астық нарығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
91) астық нарығы жөніндегі операторды айқындайды;
91-1) тіркеушіні айқындайды;
92) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
93) Қазақстан Республикасы астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
94) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
95) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
96) астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
97) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi әзірлейді және бекiтеді;
98) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
99) мынадай:
астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
астықты сақтау;
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
100) мыналарды:
астық нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын;
астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын;
мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
101) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;
102) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
103) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын әзірлейді және бекiтеді;
104) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының), астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
105) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
106) тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
107) астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
108) астық нарығы жөніндегі операторға астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтейді;
109) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
110) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
111) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
112) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
113) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
114) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
115) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
116) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
117) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
118) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлайды;
119) эпизоотиялық мониторинг жүргізеді;
120) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді, тіркеу сынақтарынан өткізуді ұйымдастырады және олардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді;
121) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қорытындылар береді;
122) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
123) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын таниды;
124) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізеді;
125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындайды, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, импортталатын елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
126) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекітеді;
127) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
128) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
129) өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу тәртібін айқындайды;
130) аумақты компартментке бөлу туралы, өңірлендіру туралы шешім шығарады;
131) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
132) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекітеді;
133) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастырады;
134) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекітеді;
135) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
136) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
137) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
138) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
139) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізеді;
140) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
141) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
142) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекітеді;
143) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
144) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
145) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
146) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
147) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекітеді;
148) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
149) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат береді;
150) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
151) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
152) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
153) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
154) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
155) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді және бекітеді;
156) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
157) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiтеді;
158) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекітеді;
159) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялайды;
160) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;
161) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлейді және бекітеді;
162) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекітеді;
163) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
164) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
165) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
166) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
167) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
168) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
169) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
170) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
171) жануарларға қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
172) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
173) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
174) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекітеді;
175) ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
176) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
177) өңірлер бөлінісінде ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін бекітеді;
178) ветеринария саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
179) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
180) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізеді;
181) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото- және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
182) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;
183) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
184) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
185) ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
186) ветеринария саласындағы нұсқамалар нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
187) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау туралы ереженi әзірлейді және бекітеді;
188) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін бекітеді;
189) ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары және (немесе) антибиотиктері, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (партияларының) ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібін белгілейді;
190) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында олардың қауіпсіздігін мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
191) жеке және заңды тұлғаларға жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;
192) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
193) жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер карантині саласындағы қызметін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
194) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
195) карантиндік фитосанитариялық талаптарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;
196) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
197) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
198) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге жұмсаған шығындарын өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
199) фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
200) есепке алу нөмірлерін береді, қолданылуын тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
201) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;