Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 918 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 333 Қаулысы
(2009.19.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының 2004 - 2006 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 927 қаулысының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 927 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 515 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2005 жылғы 12 сәуірдегі
№ 333 қаулысына
қосымша
5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 - 2007 жылдарға арналған орта
мерзiмдi фискалдық саясатын нақтылау
2004 жылы мемлекеттік бюджеттi атқару қорытындылары, 2005 - 2007 жылдарға арналған аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердi нақтылау және Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының бірлескен мәжілісiнде «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаумен сөз сөйлеуi Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын (бұдан әрi - бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясат) нақтылауға негiз болды.
Бұдан басқа, «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қараған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң фискалдық саясатына және аталған заң жобасына өзгерістер енгiзiлдi.
«2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары мен 2 және 3-бөлiмдерде берiлген бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде әзiрлендi.
2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасының өлшемдерi: түсiмдер - 1135,8 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 19,4 %), шығыстар - 1223,6 млрд. теңге (ЖIӨ-ге 20,9 %) құрады. Тапшылық 87,8 млрд. теңге немесе ЖIӨ-нiң болжамды деңгейiне 1,5 % (5 850 млрд. теңге) мөлшерiнде жоспарланды.
Қазақстан Республикасының Парламентінде 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қарау нәтижесiнде салық заңнамасына корпорациялық табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша енгiзілген өзгерістер есебiнен кiрiс бөлiгi 5,055 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Республикалық бюджет тапшылығы 13,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды және 101,4 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 1,7 % құрады.
Бюджеттің кiрiс бөлiгiн ұлғайту жекелеген шығыс түрлерін қысқарту, сондай-ақ бюджет тапшылығын ұлғайту есебiнен түскен қаржы қаражатының қосымша көлемi:
Алматы қаласындағы білiм беру және денсаулық сақтау объектілерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейтуге;
тыл еңбеккерлерiнiң арнайы мемлекеттік жәрдемақыларын 1 айлық есептік көрсеткiшке дейiн ұлғайтуға;
ауылдық елдi мекендердiң ауыз сумен жабдықтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға;
білім беру объектілерiн салуға;
Астана қаласында көлiк инфрақұрылымын дамытуға;
Оңтүстiк Қазақстан тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге жiберiлдi.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 13,2 млрд. теңге мемлекетаралық инвестициялық банк құруға жiберiлдi. Банктiң жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының қатысуы банкке қатысушы мемлекеттердiң рыноктық экономикасының қалыптасуына және дамуына, экономикалық өсуге және инвестициялық қызметтi жүзеге асыру жолымен өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететiн болады.
Тұтастай алғанда, бюджет жобасының шығыс бөлiгi (шығындар және қаржы активтерiн сатып алу) 18,7 млрд. теңгеге ұлғайтылды.
Бюджет кодексiне сәйкес 2005 жылға арналған республикалық бюджет жаңа бюджет құрылымы бойынша қалыптастырылды және мынадай көлемде бекітілдi:
1) кiрiстер - 1128,4 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 19,3 %, оның iшiнде салықтық түсiмдер - 984,2 млрд. теңге;
2) шығындар - 1089,5 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 18,6%;
3) операциялық сальдо (кiрiстер мен шығындар арасындағы айырма) - 39,0 млрд. теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 54,1 млрд. теңге;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 86,3 млрд. теңге;
6) бюджет тапшылығы - 101,4 млрд. теңге немесе ЖIӨ-ге 1,7%.
6-кестеде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 920 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілiсiнiң қарауына ұсынылған 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасының, «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің негiзгi өлшемдерi және Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған бюджет жобасына түзетулер келтiрiлген.
6-кесте
2005 жылға арналған бекітілген республикалық бюджет
Атауы | 2004 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Парламентiне енгізiлген республикалық бюджет жобасы | «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2004 жылғы 2 желтоқсан- дағы ҚРЗ | бюджет жоба- сына түзе- тулер млрд. теңге |
млрд. теңге | ЖIӨ-ге %-бен | млрд. теңге | ЖIӨ-ге %-бен |
| | | | | |
Кiрiстер 1123,4 19,2 1128,4 19,3 5,1
Салықтық түсiмдер 979,2 16,7 984,2 16,8 5,0
Салықтық емес түсiмдер 36,9 0,6 37,0 0,6 0,1
Шығындар 1075,5 18,4 1089,5 18,6 13,9
Операциялық сальдо 47,9 0,8 39,0 0,7 -8,9
Таза бюджеттік кредит беру 54,1 0,9 54,1 0,9
Бюджеттік кредиттер 64,5 1,1 64,5 1,1
Бюджеттік кредиттерді 10,4 0,2 10,4 0,2
өтеу
Қаржы активтерiмен 81,5 1,4 86,3 1,5 4,8
жасалатын операциялар
бойынша сальдо
Қаржы активтерiн сатып алу 83,5 1,4 88,3 1,5 4,8
Мемлекеттің қаржы 2,0 2,0
активтерiн сатудан түсетiн
түсiмдер
Бюджет тапшылығы -87,8 -1,5 -101,4 -1,7 13,7
(профицитi)
__________________________________________________________________
Бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат 5850
бойынша ЖIӨ болжамы, млрд. теңге
5.1. Елдiң 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
2004 жылы ЖIӨ нақты өсуi 9,4 % құрады және көлемнiң өнеркәсiпте 10%-ға, құрылыста - 11,2%-ғa ұлғаюымен қамтамасыз етілдi. Қызметтер секторында көлiктiң барлық түрiмен жүктердi тасымалдау көлемi 9%-ға, байланыс - 32%-ға, сауда - 10,4%-ға ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң көлемi 2003 жылдың деңгейiне 100,1% құрады.
Инфляцияның деңгейi жыл бойы орта есеппен 6,9 % мөлшерінде қалыптасты.
2004 жылы сыртқы тауар рыноктарында мұнайға және металлургиялық өнеркәсіп өнiмiнiң жоғары бағаларымен қатар әлемдiк экономиканың өсуi қазақстандық тауарлардың экспортына ықпал еттi.
Ауқымды шетел қарыз капиталының келiп түсуiмен қатар экспорттан түскен валюталық түсiмдер iшкi валюта рыногындағы шетелдік валютаның артық ұсынысына себеп болды. Теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы iшкi валюта рыногына көрсетiлген қысымның салдары болды. 2004 жыл iшіндегі теңгенiң орташа өлшемдiк айырбас бағамы бір долларға 136,04 теңгенi құрады. Жыл басынан бастап теңге номиналды мәнде АҚШ долларына қарағанда 9,3 %-ға нығайды. Теңгенiң айырбас бағамының АҚШ долларына нақты нығаюы 2004 жылы 5,3 % құрады.
Iшкi сұраныстың ұлғаюы мен теңгенiң айырбас бағамының АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан импорт көлемi өсті.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) бағалауы бойынша тауарлар экспорты (ФОБ) 20537 млн. АҚШ долларын, тауарлар импорты (ФОБ) - 13783,4 млн. АҚШ долларын, өсу тиiсiнше 55,6 % және 52,6 % құрады. 2004 жылы сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы 2003 жылмен салыстырғанда 61,9 %-ға ұлғайды және Министрлiктiң бағалауы бойынша 6753,6 млн. AҚШ долларына жетті.
Мұнай өңдеу саласындағы шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iрi инвестициялық жобаларды, Индустриялық-инновациялық стратегияны iске асыру, сондай-ақ бірқатар салалық бағдарламаларды жүзеге асыру экономикаға тартылған инвестициялардың көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға мүмкiндiк бердi. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы негiзгi капиталға инвестициялар 10,6 %-ға ұлғайды.
5.2. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған негiзгi көрсеткiштерінің нақтыланған болжамы.
Бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат экономика дамуының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған бекiтілген орта мерзiмдi жоспарының базалық сценарийiне негізделген.
Әлемдiк тауар рыноктарындағы қолайлы жағдай, макроэкономикалық тұрақтылық, елде жүргізілiп отырған тиiмдi экономикалық саясат, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруы нәтижесiнде iшкi сұраныстың артуы, өндiрiс секторының тұрақты жұмысы, инвестициялық климаттың жақсаруы экономика дамуының жоғары қарқынына себеп болды, бұл негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi қайта қарау үшiн негiз болып табылды.
Болжамды көрсеткiштердiң ұлғаюына ықпал еткен негiзгi факторлар мынадай: 2004 жылғы неғұрлым жоғары нақты база, экспорт тауарларына арналған қолайлы конъюнктура, тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң неғұрлым жоғары өсу қарқыны.
2005 - 2007 жылдарға арналған ЖIӨ-нiң болжамы ұлғаю жағына қарай нақтыланды және 2005 жылы - 6580 млрд. теңге, 2006 жылы - 7808 млрд. теңге және 2007 жылы - 8892 млрд. теңге құрайды.
2005-2007 жылдары инфляцияның орташа жылдық деңгейi бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген 4,1 - 6,5 %-ға қарағанда, 5 - 7 % аралығында қалыптасады. Оған мұнайға және металдарға әлемдiк бағаның жоғары деңгейi, шетелдiк капиталдың келуi, сондай-ақ бюджеттен мемлекеттік қызметшiлер мен бюджет салаларының қызметкерлерiне жалақының, зейнетақының, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердiң артуы ықпал етуi мүмкiн.
Соңғы жылдары қалыптасқан мұнай өңдеу секторындағы өсу үрдiсiн негiзге ала отырып, 2005 - 2007 жылдарға арналған мұнайға әлемдiк бағаның болжамы нақтыланды. Базалық сценарий мұнайға әлемдiк бағаларды бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген бір баррель үшiн 28,5 - 32,9 AҚШ долларына қарағанда, бір баррель үшiн 40 - 42 АҚШ доллары аралығында көздейдi.
Мұнайға экспорттық бағалар бекітілген орта мерзiмдi фискалдық саясатқа есептеулерде ескерiлген бір баррель үшiн 21,4 - 24,7 АҚШ долларына қарағанда 30 - 31,5 АҚШ доллары деңгейiнде тұрақтанады.
Сауда теңгерiмiнің оң сальдосы жылына орта есеппен 5,6 млрд. жуық АҚШ долларын құрайды.
Мұнайға жоғары бағалар инвестициялардың құйылуына, өнеркәсiптiк өнiмдер, көлiктiк қызметтер көлемiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өсуiне оң ықпал етедi.
7-кесте
Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға
арналған макроэкономикалық көрсеткіштерiнiң болжамы
(базалық сценарий)
Атауы | 2004 есеп | 2005 баға | 2006 болжам | 2007 болжам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ЖIӨ, млрд.теңге | 5542 | 6580 | 7808 | 8892 |
ЖIӨ-нiң алдағы жылға %-бен нақты өзгеруi | 109,4 | 108 | 108 | 108,3 |
ЖIӨ дефляторы, % | 109,9 | 110 | 109,8 | 105,2 |
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. | 40,7 | 50,6 | 61,5 | 71,7 |
Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ, АҚШ долл. | 2697 | 3352,8 | 4041,8 | 4681 |
Тұтыну бағалары индексі, % | | | | |
Жылына орта есеппен | 6,9 | 5-7 | 5-7 | 5-7 |
Тауарлар экспорты млн. АҚШ долл. (ФОБ) | 20537 | 22857,9 | 23386,3 | 24196,2 |
Тауарлар импорты млн.АҚШ долл. (ФОБ) | 13783,4 | 14976,6 | 18254,7 | 19635,1 |
Сауда теңгерiмi, млн. АҚШ долл. | 6753,6 | 7881,3 | 5131,6 | 4561,1 |
Негізгi капиталға инвестициялар | | | | |
Алдағы жылға %-бен | 110,6 | 112 | 115 | 114 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге | 693,3 | 738,4 | 791,7 | 841,5 |
алдағы жылға %-бен | 100,1 | 102,7 | 102,9 | 102,9 |
Өндiрiстік өнiмнiң көлемi, млрд. теңге | 3733,8 | 4294,4 | 4624,3 | 5056,6 |
алдағы жылға %-бен | 110 | 107,1 | 106,2 | 106,3 |
Мұнай мен газ конденсатын өндiру, млн. тонна | 59,4 | 64 | 68 | 72 |
оның iшiнде экспорт, млн. тонна | 52,4 | 54,4 | 55,1 | 58,7 |
Мұнайға әлемдік баға (Bre№t қоспасы), бір баррель АҚШ доллары | 38,3 | 42 | 41 | 40 |
Мұнайға экспорттық баға бір баррель үшiн АҚШ доллары | 28,7 | 31,5 | 30,8 | 30 |
Құрылыс, млрд. теңге | 687,8 | 828,5 | 997,9 | 1217,9 |
алдағы жылға %-бен | 111,2 | 109,5 | 109,5 | 110 |
Көлiк қызметтерi, млрд. теңге | 1180,8 | 1367,5 | 1589,9 | 1854,8 |
алдағы жылға %-бен | 109 | 107,2 | 109 | 109 |
Байланыс, млрд. теңге | 172,4 | 217,3 | 273,7 | 341,6 |
алдағы жылға %-бен | 132 | 120 | 120 | 120 |
Сауда, млрд. теңге | 1117,8 | 1279,3 | 1498,9 | 1747,7 |
алдағы жылға %-бен | 110,4 | 109 | 109,5 | 110 |
5.3. Салық және бюджет саясаты.
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрi - Жолдау) басты мақсаты саясатта, экономикада және азаматтардың әлеуметтiк қорғалушылығын бір мезгілде арттыра отырып, әлеуметтік салада, олардың әл-ауқатын өсiруде, шағын және орта бизнестi дамытуда ауқымды реформалар жүргiзу, сондай-ақ Қазақстанның көп ұлтты және көп конфессиялы халқына қатысты жатсынбаушылық саясатын жалғастыру болып табылады.
Мемлекеттің салық саясаты тұтастай алғанда, бекiтілген орта мерзiмдi фискалдық саясаттың мiндеттерi шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, Жолдауда атап көрсетілгендей, мемлекет кәсіпкерлiк ортаның бастамашылықтарын iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауы тиiс.
Осыған байланысты, әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсiпкерлігін дамыту жөніндегі жедел шаралар бағдарламасына сәйкес салық заңнамасын жетілдiрудiң негiзгi бағыттарына қосымша iс-шаралар енгiзілдi:
шағын кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану саласын кеңейту және салықтық жүктеменi азайту, сондай-ақ оларды инвестициялар, ең алдымен экономиканың шикiзаттық емес секторына салуға тарту шараларын қабылдау;
өткізу бойынша ең төмен айналыс мөлшерiн ұлғайту, ол өскен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндеттi.
Сөйтiп, салық жүйесi экономикалық реттеуіш ретiнде жұмыс орындарының санын, өндiрілетiн жұмыс пен көрсетілетін қызметтер көлемiнiң ұлғаюын қамтамасыз ете отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілер санының өсуiн ынталандыратын болады.
Тұтастай алғанда, орта мерзiмдi кезеңде мемлекет жүргiзетiн бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес келетiн және орнықты экономикалық дамуды қолдауға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, бюджеттi жоспарлау мен атқару сапасын және мемлекеттік шығыстардың тиiмділiгiн арттыруға бағытталады.
Жолдауда көрсетілген шағын бизнесті қолдау, білім алуға қол жетiмділiк, студенттерге кредит берудiң қазiргi заманғы жүйесiн құру, халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру сияқты бағыттардағы маңызды бастамалар мемлекеттің бюджет саясатында көрiнiсiн тапты.
5.4. 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кiрiстерi.
Мемлекеттік бюджеттің кiрiстерi 2005 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткiштердi қайта қарау нәтижесiнде, 2004 жылдың қорытындысы бойынша есептiк көрсеткiштерге, сондай-ақ мұнай секторындағы кәсiпорындар бойынша біржолғы сипаттағы болжамды қосымша түсiмдерге негізделе отырып нақтыланды.
2005 жылы салықтық түсiмдердiң өсуi алдыңғы жылға қатынасы бойынша 23,9 %, 2006 және 2007 жылдары тиiсiнше - 10,6 % және 12 % құрайды.
Кiрiстердiң болжамын есептеулерде бұрын болжанған мерзiм 2005 жылғы 1 қаңтардың орнына 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібiн реттейтiн Салық кодексiнің ережелерiне енгiзiлген өзгерістер ескерiлдi.
2005 жылы салықтық емес түсiмдер 2004 жылға теңге бағамының нығаюымен және 2004 жылғы біржолдық төлемдердiң түсуiмен, 2006 жылы 2005 жылға нақтыланған болжамға 5,7 %-ға өсуiмен және 2007 жылы - 2006 жылғы нақтыланған болжамға 4 %-ға ұлғаюмен байланысты 49,2%-ға азаюмен болжанады.
8-кесте
2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бюджет кірістерінің болжамы
(ЖIӨ-ге пайызбен)
Атауы | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Кiрiстер | 23,3 | 21,8 | 21,7 |
Салықтық түсiмдер | 22,3 | 20,8 | 20,5 |
Салықтық емес түсiмдер | 0,6 | 0,6 | 0,5 |
Негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер | 0,3 | 0,4 | 0,7 |
Орта мерзiмдi перспективада Ұлттық қорда қаражат жинақтау саясатын жалғастыру жоспарлануда.
Әлемдiк қаржы рыноктарындағы қолайлы конъюнктураға байланысты мемлекеттік бюджетке табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты түсетiн төлемдер едәуiр ұлғайды.
2005 жылы қолданыстағы заңнама жағдайында Ұлттық қорға 128 млрд. теңге, бұл бұрын болжанған сомадан 48,2 %-ға көп, 2006 жылы - 114 млрд. теңге (45,4 %-ға), 2007 жылы - 107,2 млрд. теңге (36%-ға) сомасында түсiмдер болжанады.
9-кесте
Мемлекеттік бюджет кiрiстерiнiң құрылымы
(мемлекеттік бюджет кірiстерiне пайызбен)
Кәсiпорындардан түсетiн түсiмдер | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Мұнай секторынан | 26,4 | 20,9 | 17,6 |
Мұнай емес секторынан | 73,6 | 79,1 | 82,4 |
5.5. 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттiң шығыстары.
Оң макроэкономикалық ахуал және соның нәтижесіндегі бюджет жүйесiнiң барлық деңгейлерiнде кiрiстер түсiмдерiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет шығыстарын қаржыландыруды ұлғайтуға және оның құрылымын өзгертуге айтарлықтай ықпал eттi.
Нарықтық экономика жағдайында еңбек рыногында жеке сектордағы еңбекке ақы төлеу деңгейiмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшiлердiң еңбекақысының төмен деңгейiмен сипатталатын ахуал қалыптасты. Бұл мемлекеттік сектордағы жалақының деңгейiн жеке сектордың деңгейiне жақындату қажеттілiгiн негiздейдi.
Осы проблеманы шешу үшiн, орындалатын жұмыстың өнiмділiгi мен сапасын ынталандыру, мемлекеттік қызметке жоғары біліктi және кәсiптiк кадрларды тарту, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Жолдауға сәйкес 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттік қызметшілер мен бюджет сапасы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 32 %-ға, ал 2007 жылдан бастап - орта есеппен 30 %-ға ұлғайтылатын болады.
2005 жылғы 1 шілдеден бастап ең төменгi жалақы мөлшерi 9200 теңгенi құрайды.
Мемлекеттік қызметшiлер мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын ұлғайту үшiн мемлекеттік бюджетте 2005 - 2007 жылдары 242 млрд. жуық теңге, оның iшiнде 2005 жылы 53,2 млрд. теңге қосымша қаражат көзделетін болады.
Қазiргi уақытта экономика білімге негiзделген дамудың сапалы жаңа кезеңiнде ауысуда. Қатаң әлемдiк рыноктық бәсекелестік жағдайда мемлекеттің экономикалық өсуi мен өркендеуi қазiргi заманғы ойшыл, жұмысқа қабілеттi, білiмдi адамдарға байланысты, оларға өзiн өзi барынша көрсете білу және жаңа білiмдер алу үшiн барлық жағдайлар жасалатын болады.
Қазақстанға қазiргi әлемде лайықты орын алуға мүмкiндiк беретiн тиiмдi жұмыс iстейтiн білiм беру жүйесiн қалыптастыру, кадрларды оқыту мен даярлаудың неғұрлым жоғары деңгейiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен Білім берудi дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілдi, оның iске асырылуына 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік бюджеттен 2004 жылдың деңгейiне қосымша 90 млрд. астам теңге жiберiлетін болады.
Мемлекет басшысы Жолдауында білім беру жүйесiн әлемдiк стандарттар деңгейiне шығару, болашақтың жоғары технологиялық әрi ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерi үшiн кадрлық қорлар жасақтау мақсатында оны жетілдiру қажеттігi туралы атап өттi.
Осыған байланысты, студенттердiң оқуын бюджеттен қаржыландырудың бірыңғай жүйесiн құру мақсатында білім беру кредиттерiнiң есебiнен білiм беруге арналған кредиттердiң мөлшерi
50 % ұлғайтылады, сонымен бip мезгілде осы аталған кредиттердің қайтарылуына мемлекеттің кепiлдiгiн берудi қамтамасыз ете отырып, екiншi деңгейдегі банктер арқылы студенттерге кредит бөлудiң осы заманғы жүйесi жасалады.
Сондай-ақ, студенттерге берілетiн кредиттердi мемлекеттік кепiлдендiру жүйесiн iске асыру мақсатында таяудағы 5 жыл iшiнде «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы қосымша шамамен 2 млрд.теңге, оның ішiнде:
2005 жылы - 600 млн. теңге;
2006 жылы - 350 млн. теңге;
2007 жылы - 350 млн. теңге бөлiнетiн болады.
2005 жылғы 1 шiлдеден бастап жоғары оқу орындарының студенттерiне, сондай-ақ кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының оқушыларына стипендиялар мөлшерi екi еседен аса ұлғайтылатын болады. Осы мақсаттарға 2005 - 2007 жылдары бюджеттен 22,5 млрд. теңге қосымша бөлiнедi.
Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасының шеңберiнде ең үздiк үш мың студентке республикалық бюджеттен әлемнің озық жоғары оқу орындарында тағлымдамадан өту үшiн қаражат бөлiнетiн болады.
Профессор-оқытушылар құрамын қолдау мақсатында «Үздiк оқытушы» мемлекеттік стипендия төленетiн болады, ол кез келген шетелге тәжiрибеден өтуге баруды қарастыратын әрi бір жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргiзуге берілетiн гранттың мәртебесiне ие болады.
Әзiрленетiн «Жасыл ел» бағдарламасының шеңберiнде жастар арасында жұмыссыздық деңгейiн азайту мақсатында ормандарды молықтыру, республика аумақтарын көгалдандыру мен абаттандыру жөніндегі iс-шараларға оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жұмыс iстемейтiн жастар тартылатын болады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезiнде тұрғын үй салу жөніндегі iс-шараларға студенттердiң қатысуы үшiн құрылыс жасақтары ұйымдастырылатын болады.
«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 3,5 %, 2006 жылы - 3,8 %, 2007 жылы - 4,4 % деңгейiнде көзделетiн болады.
Денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекiтілдi, оның iске асырылуына 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік бюджетте 2004 жылдың деңгейiне қосымша шамамен 117,7 млрд. теңге сомасында қаражат көзделетін болады.
Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде 2005 жылғы мемлекеттік бюджетте мыналарға қаражат көзделген:
жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен тегiн қамтамасыз етуге - 736,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 2,3 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге - 532,3 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 1,7 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық алдын-алу тексерулерiн жүзеге асыруға - 847,8 млн. теңге, барлығы 2005 - 2007 жылдары шамамен 10,2 млрд. теңге бөлiнетiн болады;
жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 5,2 млрд. теңге;
«Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2005 жылы ЖIӨ-ге 2,6 %, 2006 жылы - 2,7 %, 2007 жылы - 2,8 % деңгейiнде көзделетiн болады.