“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына өзгерiс енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 316 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
1-тармақтың жетiншi абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi