"Базалық зейнетақы
төлемi" - 1 жиынтық,
сатып алу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнетақылар мен жәрдемақылардың толық және уақытылы төленуiн қамтамасыз ету. Мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiн жүргiзу және оларды уақытылы аудару. Әлеуметтiк сақтандыру жөніндегі аударымдар мен төлемдердiң есебiн жүргізу және транзиттеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
138-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Жұмыспен қамту және кедейшiлiк базасы бойынша
ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 49239 мың теңге (қырық тоғыз миллион екі жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4 , 6 , 12-баптары; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1686 қаулысы; "Қазақстан Республикасында кедейлiктi төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жұмыссыздық, кедейлiк деңгейiн төмендету мақсатымен еңбек рыногы, жұмыспен қамту жөнiнде мониторинг ұйымдастыруда мемлекеттік саясатты icкe асыру, республиканың аз қамтамасыз етiлген азаматтарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы ақпаратты өңдеу және қорытындылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 014 Жұмыспен Жұмыспен қамту Жыл Қазақстан
қамту және базасы бойынша бағ- бойы. Республи-
кедейшiлiк дарламалық - қолдан- касының
базасы балы шағын жүйенi Еңбек және
бойынша қолдау: халықты
ақпараттық- - өңiрлердiң, мини- әлеуметтік
талдамалық стрлiктер мен ведом- қорғау ми-
қамтамасыз ствалардың ақпарат- нистрлігі.
ету тары негiзiнде
жұмыспен қамту дерек-
қорларын өзектендiру;
- республикадағы
еңбек рыногының
жай-күйi бойынша
ақпараттық талдау ма-
териалдарын дайындау;
Шетелдiк жұмыс күшiн
әкелу және жұмыс
берушiлердiң берiлген
рұқсаттар бойынша
шарттарды орындау
мониторингi:
- басқа елдердiң
мамандарын тартатын
жұмыс берушiлердiң
өңiрлер, қызмет түр-
лерi бойынша дерек-
қорларын қолдау;
- өтiніштер мен олар
бойынша берiлген
рұқсаттар дерекқоры;
- шетелдiк мамандар-
дың дербес есебiнiң
базасы; Қазақстан
Республикасында қайта
оқытылған азаматта-
рының санына қосымша
жұмыс орындары туралы
дерекқор.
Атаулы әлеуметтік
көмек бойынша бағ-
дарламалық - қолдан-
балы шағын жүйенi
қолдау:
- атаулы әлеуметтiк
көмек алушылардың
өңiрлiк базасына
iлесу;
- республикада кедей-
лікті төмендету
жөніндегі бағдарла-
маны iске асыру
жөніндегі материалдар
бойынша ақпарат
дайындау.
Басқа да активтердi
сатып алу: (серверлiк
қосымшалар үшiн, оны
платформа ретiнде
пайдаланатын, опера-
ция жүйесi; оқшау
жүйедегі ақауларды
басқару және анықтау
үшін бағдарламалық
қамтамасыз ету;
вирусты қосымшалардан
қорғану үшiн антиви-
рустық бағдарламалық
қамтамасыз ету;
(қосымша модульдерi
бар) кәсiптiк офистiк
пакет).
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: орталық және өңiрлiк органдарды жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету; жұмыспен қамту және кедейлiк жөніндегі қолданыстағы базаны ұлғайту, бағдарламалық-қолданбалы жүйенi жетiлдiру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
139-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың
ақпараттық жүйесiн дамыту"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 165000 мың теңге (бір жүз алпыс бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйесiн дамыту; мiндеттi әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын жүзеге асыру, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген, орталықтандырылған есебiн жүргiзу, техникалық құралдармен жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 015 Зейнетақы 310 дана көлемінде Жыл Қазақстан
төлеу компьютерлер сатып iшiнде. Республи-
жөніндегі алу. Әлеуметтік сақ- касының
мемлекеттік тандыру жүйесi Еңбек және
орталықтың деректер базасын халықты
ақпараттық орналастыру үшiн әлеуметтiк
жүйесiн деректер сақтау қорғау ми-
дамыту жүйесiнiң 1 кешенiн нистрлiгi.
сатып алу; әлеумет-
тiк сақтандыру
деректерi базасының
телекоммуникациялық
жүйесiн инсталляциялау
және икемдеу жөнiнде
қызметтер сатып алу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру бойынша аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген есебiн жүргiзу процесiн автоматтандыру. Әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік сақтандыру қорына уақытында аудару, алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң толық және уақытында аударылуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
140-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Заңды тұлғаның қызметi тоқтатылған жағдайда, сот
мемлекетке жүктеген, адамның өмiрi мен денсаулығына
келтiрiлген зиянды өтеу"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 414500 мың теңге (төрт жүз он төрт миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық Кодексiнiң 945-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің мiндеттемелерiн орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 016 Заңды Сот шешiмдерi Жыл Қазақстан
тұлғаның бойынша төлемдердi бойы. Республи-
қызметi тоқ- жүзеге асыру. касының
татылған Еңбек және
жағдайда, сот халықты
мемлекетке әлеуметтiк
жүктеген, қорғау ми-
адамның өмiрi нистрлігі.
мен денсау-
лығына кел-
тiрiлген
зиянды өтеу
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: заңды тұлға тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі мемлекеттің мiндеттемелерiн орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
141-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне Ұлы Отан соғысына
қатысушылар мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеу
үшiн берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1109618 мың теңге (бip миллиард бір жүз тоғыз миллион алты жүз он сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1173 қаулысы.