2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты Әлеуметтiк қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-Ө бұйрығымен бекітілген, "Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жасына байланысты әлеуметтiк қамсыздандыру бөлігінде мемлекет кепiлдiк берген мiндеттемелердi орындау, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерiн жыл сайынғы зейнетақы мөлшерiн арттыруды ескере отырып уақытында төлеу, зейнеткерлiкке 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн шыққан азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы төлеу жөніндегі өткен жылдардың мiндеттемелерін орындау.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 002 Зейнетақы
бағдарламасы
2 100 Ортақ зейне- Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
тақыларды касы Үкiметінiң iшiнде. Республи-
төлеу шешіміне сәйкес зей- касының
нетақы төлемдерiн Еңбек және
және базалық халықты
зейнетақы төлемiн әлеуметтiк
уақытында жүзеге қорғау ми-
асыру. нистрлiгi
алушылардың болжамды
орташа жылдық саны
1608767 адам болады.
3 101 Семей ядролық Семей ядролық сынақ Жыл Қазақстан
сынақ полиго- полигонында ядролық iшiнде. Республи-
нындағы ядро- сынақтар салдарынан касының
лық сынақтар зардап шеккен аза- Еңбек және
салдарынан маттардың, қайтыс халықты
зардап шеккен болған азаматтардың әлеуметтiк
азаматтардың мұрагерлерiне зейне- қорғау ми-
зейнетақыла- тақыға үстемеақы нистрлiгi.
рына үстеме- төлеу. Алушылардың
ақылар болжамды саны - 9770
адам.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнеткерлік жасына жеткен адамдарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету, зейнетақыларына үстемеақы төлеу жөніндегі өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
128-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 52025875 мың теңге (елу екi миллиард жиырма бес миллион сегiз жүз жетпiс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-Ө бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген "Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық".
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жасына байланысты, мүгедектiгі, асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлiгiнде мемлекет кепiлдiк берген мiндеттемелердi Заңда белгіленген мөлшерлерде қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды уақытында төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 003 Мемлекеттік
әлеуметтік
жәрдемақылар
2 100 Мүгедектiгi Мемлекеттік әлеу- Жыл Қазақстан
бойынша меттік жәрдемақы- iшiнде. Республи-
ларды уақытында касының
төлеу. Мүгедектiгі Еңбек және
бойынша мемлекеттік халықты
әлеуметтік жәрдемақы әлеуметтiк
алушылардың болжамды қорғау ми-
орташа жылдық саны нистрлiгi.
396 213 адам.
3 101 Асыраушысынан Асыраушысынан айрылу Жыл Қазақстан
айрылуына жағдайы бойынша мем- iшiнде. Республи-
байланысты лекеттiк әлеуметтік касының
жәрдемақы алушылар- Еңбек және
дың болжамды орташа халықты
жылдық саны 247 221 әлеуметтiк
адам. қорғау ми-
нистрлiгі.
4 102 Жасы бойынша Жасына байланысты Жыл Қазақстан
мемлекеттік әлеу- iшiнде. Республи-
меттік жәрдемақы касының
алушылардың болжамды Еңбек және
орташа жылдық саны халықты
13 830 адам болады. әлеуметтік
қорғау ми-
нистрлiгi.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мүгедектердi, асыраушысынан айрылған отбасыларды және қартаң жастағы азаматтарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны 657 264 адам болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
129-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24315980 мың теңге (жиырма төрт миллиард үш жүз он бес миллион тоғыз жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексiнiң 50-бабы, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегі Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды уақытында төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 004 Арнайы
мемлекеттік
жәрдемақылар
2 100 ҰОС Арнаулы мемлекеттік Жыл Қазақстан
мүгедектерi жәрдемақыларды уақы- iшiнде. Республи-
тында төлеу. ҰОС касының
мүгедектерiнiң бол- Еңбек және
жамды орташа жылдық халықты
саны 10570 адам әлеуметтiк
болады. қорғау ми-
нистрлігі.
3 101 ҰOC Арнаулы мемлекеттік Жыл Қазақстан
қатысушылары жәрдемақыларды уақы- iшiнде. Республи-
тында төлеу. ҰOC касының
қатысушыларының бол- Еңбек және
жамды орташа жылдық халықты
саны 23300 адам әлеуметтiк
болады. қорғау ми-
нистрлігі.
4 102 ҰOC мүгедек- Арнаулы мемлекеттік Жыл Қазақстан
терiне теңес- жәрдемақыларды уақы- iшiнде. Республи-
тiрiлген тында төлеу. ҰOC касының
адамдар мүгедектерiне теңес- Еңбек және
тірілген адамдардың халықты
болжамды орташа әлеуметтiк
жылдық саны 20774 қорғау ми-
адам болады. нистрлігі.
5 103 ҰОС қатысу- Арнаулы мемлекеттік Жыл Қазақстан
шыларына жәрдемақыларды уақы- iшiнде. Республи-
теңестiрiлген тында төлеу. ҰОС касының
адамдар қатысушыларына те- Еңбек және
ңестірілген адамдар- халықты
дың болжамды орташа әлеуметтiк
жылдық саны 28100 қорғау ми-
адам болады. нистрлігі.
6 104 ҰOC қаза Арнаулы мемлекеттік Жыл Қазақстан
болған жауын- жәрдемақыларды уақы- iшiнде. Республи-
герлердің тында төлеу. Қайтыс касының
жесiрлерi болған ҰOC мүгедек- Еңбек және
терiнiң әйелдерiнiң халықты
(күйеулерi) болжамды әлеуметтiк
орташа жылдық саны қорғау ми-
3800 адам болады. нистрлігі.
7 105 Қайтыс болған Арнаулы мемлекеттік Жыл Қазақстан
ҰОС мүгедек- жәрдемақыларды уақы- iшiнде. Республи-
терiнiң тында төлеу. Қайтыс касының
әйелдерi болған ҰОС мүгедек- Еңбек және
(күйеулерi) терiнiң әйелдерiнiң халықты
(күйеулерi) болжамды әлеуметтік
орташа жылдық саны қорғау ми-
29648 адам болады. нистрлiгi.