Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
199-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 199-қосымша алып тасталды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
200-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк
рейтингiн қайта қарау мәселелерi бойынша
халықаралық рейтинг агенттiктерiмен өзара іс-қимыл жасау"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 23071 мың теңге (жиырма үш миллион жетпiс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы, "Мемлекеттік органдардың рейтингiлiк агенттiктерi ақпаратты ұсыну жөніндегі қызметiн үйлестiрудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 31 шiлдедегi № 116-ө өкімі, Standard and Poor's (1997 жылғы 4 маусымдағы), Fitch Rating Ltd (1997 жылғы 8 қыркүйектегi), Moody's Investors Service (1996 жылғы 1 шiлдедегi) агенттіктерi Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингтi беру және қайта қарау жөнiнде қызметтердi ұсынуға арналған келісімдер.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық беделiн қалыптастыру үшiн егемен кредиттiк рейтингтi арттыру мәселелерi жөнiнде халықаралық рейтингілік агенттiктермен өзара iс-қимыл жасау және халықаралық капитал рыноктарына шығу, елге тiкелей инвестицияларды тарту, сыртқы экономикалық байланыстардың тұрақтылығы.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: рейтингілік агенттiктерге Қазақтан Республикасының Үкіметі Standard and Poor's (1997 жылғы 4 маусымдағы), Fitch Rating Ltd. (1997 жылғы 8 қыркүйектегi), Moody's Investors Service (1996 жылғы 1 шiлдедегі) сияқты үш озық халықаралық рейтингтік агенттіктерiмен жасасқан Келісімдердiң шарттарына сәйкес оның әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және тәуелсіз бағалау негiзiнде Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингiн бергенi және жыл сайынғы қайта қарағаны үшiн рейтингтiк агенттiктердiң қызметтерiне уақтылы ақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 010 Қазақстан Standard and Жыл Қазақстан
Республика- Poor's, Fitch бойы Республикасы
сының еге- Rating Ltd, Экономика және
мен кредит- Moody's Investors бюджеттік
тiк рей- Service жоспарлау
тингiн халықаралық рей- министрлігі
қайта қа- тингтiк
рау мәсе- агенттiктерi ұсы-
лелерi натын қызметтерге
бойынша ақы төлеу.
халықа-
ралық рей-
тинг
агенттiк-
терiмен
өзара iс-
қимыл жа-
сау
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының егемен кредиттiк рейтингiн арттыру; инвесторлық базаны кеңейту; Қазақстанның халықаралық инвестициялық беделiн арттыру; Қазақстанның мiндеттемелерi үшiн төмен тәуекел және өзi борышын өтеуге жеткiлiктi қабiлеттілігi; Қазақстан Республикасына тiкелей инвестициялардың ағынын ұлғайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
201-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Әлеуметтiк-экономикалық дамудың талдамалық зерттеулерi"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 242064 мың теңге (екi жүз қырық екi миллион алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы
№ 1096 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспарында көзделген мiндеттердi iске асыру бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі Техникалық ынтымақтастық туралы келісім негізiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiмен бірлескен талдамалық зерттеулер жүргiзуi;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарларының iске асырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыны басқаруды жетiлдiру, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық даму, ел экономикасының теңгерiмдiлiк деңгейiн арттыру негiзiнде халықтың тұрмыс деңгейiн жоғарылатуды қамтамасыз ететiн тиiмдi экономикалық тетiктi қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экономиканың түйiндi секторларындағы мемлекеттік органдардың жұмысында талдамалық әдiстердi қолдануды өрiстету, мемлекеттік қаржыны жоспарлау мен перспективалы болжаудың әдiснамалық және әдiстемелiк базасын қалыптастыру, әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi кезеңге арналған индикативтiк жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргiзу, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту; ҚР Президентi H.Ә.Назарбаевтың "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес инновацияларды енгiзудiң тиiмдi жүйесiн құру және дамыту әрi бәсекеге қабiлеттіліктi дамыту;
орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары жөнінде зерттеулер жүргізу; жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде елдің "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар мен тетіктерді тұжырымдау; дүниежүзілік экономиканың, Қазақстанның негізгі сауда және экономикалық әріптестері болып саналатын елдердің даму үрдістерін зерделеу, сыртқы және ішкі факторлардың экономика мен әлеуметтік салаға ықпалын бағалау және мұның келеңсіз салдарларын жеңiлдету жөнiнде кешендi зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 011 Әлеуметтiк-
экономика-
лық дамудың
талдамалық
зерттеулерi
2 100 Халықаралық Техникалық ынты- Жыл Қазақстан
қаржы ұйым- мақтастық туралы бойы Республика-
дарымен келісім негiзiнде сының
бірлескен Халықаралық Қайта Экономика және
талдамалық Құру және Даму бюджеттік
зерттеулер Банкiмен бірлескен жоспарлау
жүргiзу зерттеулерге министрлігі
мынадай тақырыптар
бойынша үлестiк
қатысу:
1. Мемлекеттік
шығыстар және
институционалдық
шолу;
2. Макроэкономи-
калық болжау және
экономикалық өсу
нүктелерiн
айқындау;
3. Өңiрлiк су-
энергетикалық
мәселелерi;
4. Аумақтық даму;
5. Өндiрумен ай-
налыспайтын сала-
лардың бәсекеге
қабiлеттілігi;
6. ДСҰ-на кіру;
7. Кедейшiлiктi
бағалау;
8. Денсаулық
сақтау және білім
беру секторлары-
ның стратегиясы;
9. Қоршаған орта-
ның стратегиялық
мәселелерi;
10. Телекоммуни-
кациялар мәселе-
лерi;
11. Қаржы секто-
рындағы зерттеу-
лер;
12. Мұнай өндiру
саласында
технологияларды
коммерцияландыру
және жеткізушiлер-
дi дамыту мәселе-
лерi жөніндегі
зерттеулер;
13. Қазақстан
Республикасы
Үкіметінiң
сұраулары бойынша
консультациялар
өткізу
3 101 Экономика Мынадай: Жыл Қазақстан
және мем- Экономика және бойы Республика-
лекеттiк бюджеттік жоспар- сының
қаржы са- лау министрлігі Экономика және
ласындағы үшiн болжамдық- бюджеттік
талдама- талдамалық жұмыс- жоспарлау
лық зерт- тар; министрлігі
теулер елдiң әлеуметтiк-
экономикалық
дамуын талдау
және оның перс-
пективалары;
iшкi және әлемдiк
экономика дамуы-
ның мониторингi;
ұзақ мерзiмдi
және орта мерзiм-
дi кезеңге арнал-
ған тұрақты эко-
номикалық даму
проблемаларын
зерттеу;
стратегиялық
орта мерзiмдi
және бюджеттi
жоспарлау жүйесiн
жетiлдiру бағыт-
тары;
Қазақстан
Республикасының
әлеуметтік-
экономикалық
дамуының талда-
малық зерттеулерi-
нiң басқа да
бағыттары бойынша
Қазақстан Респуб-
ликасының әлеумет-
тiк-экономикалық
дамуына талдама-
лық зерттеулер
жүргiзу.
____________________________________________________________________