56. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, пайдалануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары мен тәсілдерінің түрлерімен жүргізіледі.
57. Мемлекеттік тапсырыстан тыс жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу ережесіне сәйкес айқындалатын құралдармен, тәсілдермен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
58. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мемлекеттік тапсырыстан тыс жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау аталған балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісімен келісім болған жағдайда жүргізіледі.
9. Эксперименттік аулау тәртібі
59. Эксперименттік аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында аулау.
60. ҚР Үкіметінің 2013.30.01. № 64 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61. Эксперименттік аулау тек ведомствоның аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады, оның нәтижелері актілінеді және оларды балық шаруашылығы субъектісі эксперименттік аулауға рұқсатты пайдалану жөніндегі есеппен бірге береді.
62. Бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде эксперименттік аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген балық шаруашылығы субъектісінің келісімі болған жағдайда жүргізіледі.
63. Эксперименттік аулау эксперименттік аулауға рұқсатта көрсетілген тәсілдермен және құралдарымен жүзеге асырылады.
10. Қорытынды ережелер
64. Осы Ереженің сақталуын бақылауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері, балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі жүзеге асырады.
65. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.01. № 64 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Балық аулау ережесіне
қосымша
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсiпшілік мөлшері
Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні үшін
1. Шардара су қоймасы және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзенi
Аулауға рұқсат етілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының сантиметрлік (бұдан әрi - см) мөлшері (бұдан әрі мәтін бойынша - кәсiпшілік балық мөлшері): сазан - 35, көксерке - 38, ақ амур және дөңмаңдай - 45, жайын - 65, патшабалық - 17, қылышбалық - 31, ақмарқа - 31, айнакөз -18.
2. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгі Сырдария өзенi, Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындары және Келес, Арыс өзендерi
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 30, көксерке - 38, айнакөз - 18, патшабалық - 17, ақмарқа және қылышбалық - 31, ақ амур және дөңмаңдай - 45, жайын - 65.
3. Үлкен, Кiшi Арал теңiзi және Қызылорда облысы шегiндегі Сырдария өзенi
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 35, ақмарқа - 31, көксерке - 38, табан - 20, арал тортасы - 17.
4. Қызылорда облысының шегіндегі су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 32, көксерке - 38, табан - 20, ақмарқа - 31, ақ амур және дөңмаңдай - 45.
Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi үшін
1. Балқаш көлi, сағадан Қапшағай су қоймасына дейінгі Iле өзенi, Қаратал, Лепсi, Ақсу, Аягөз өзендері, осы өзендердің барлық жылғалары мен салаларын қоса алғандағы атыраулық және жайылымдық су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 40, табан - 19, ақмарқа - 37, көксерке - 37.
2. Қапшағай су қоймасы және Қапшағай су қоймасынан Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі - ҚХР) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Iле өзенi
Кәсiпшілік балық мөлшері см: табан - 26, сазан - 40, ақ амур - 55, жайын - 80, көксерке - 38, ақмарқа - 37, дөңмаңдай - 70.
3. Алакөл көлдер жүйесi
Кәсiпшілік балық мөлшері см: көксерке - 37, сазан - 43.
Зайсан-Ертiс балық шаруашылығы бассейнi үшін
1. Бұқтырма су қоймасы, Зайсан көлі және Зайсан көліне құятын жерден ҚХР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзені
Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан - 45, көкшұбар балық - 19, көксерке - 38, шортан - 32.
2. Шүлбi су қоймасы
Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан - 36, көксерке - 38.
3. Павлодар облысының шегіндегі су айдындары және Ертіс өзені
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 32, көксерке - 32.
Есіл балық шаруашылығы бассейні үшін
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: шортан - 42.
Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні үшін
1. Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) - 32, көксерке - 35, оңғақ - 20, шортан - 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур - 45, дөңмаңдай - 45, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық - 22.
2. Қарағанды және Павлодар облысының шегiндегi Қаныш Сәтпаев атындағы арна
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) - 32, көксерке - 35, шортан - 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур - 45, дөңмаңдай - 45, оңғақ - 20.
Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні үшін
Қостанай және Ақтөбе облыстарының шегіндегі су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см:
1) Қостанай облысының су айдындары үшін (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын қоспағанда): сазан (тұқы) - 26, көксерке - 45, табан - 20, оңғақ - 20, шортан - 45, нәлiм - 45, көкшұбар - 16, көкшұбар балық - 22, пайдабалық - 26, ақсаха - 30, шаян - 9;
2) Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су қоймалары үшiн: сазан (тұқы) - 45, көксерке - 45, табан - 22, оңғақ - 20, шортан - 45, нәлiм - 45, көкшұбар - 16, көкшұбар балық - 22, пайдабалық - 26, ақсаха - 30, шаян - 9;
3) Ақтөбе облысы су айдындары үшін: шортан - 40, табан - 19, тұқы (сазан) - 33, мөңке - 21, аққайран - 24, торта - 19, оңғақ - 17, көксерке - 37, жайын - 53, ақмарқа - 40, нәлім - 45, шаян - 9.
Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні үшін
1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: солтүстік Каспийдегi көксерке - 37, ортаңғы Каспийдегі теңiз көксеркесi - 30, Каспийдің шығыс бөлiгiнен басқа сазан - 40, Каспийдің шығыс бөлiгiндегi сазан - 30, табан - 24, қаракөз - 17, қызылқанат шұбар балық - 17, майшабақ - 20, бозаңқы - 14, ақ амур - 75, дөңмаңдай - 75, анчоус тәрізді шабақ және қамса бадырақ шабақ - 7, шаян - 9, ақмарқа - 41, тiкендi балық - 24, жайын - 53, шортан - 30, балпан балық - 17, қылышбалық - 26, ақкөз балық - 22.
2. Атырау облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: қаракөз - 18, көксерке - 37, ақмарқа - 41, жайын - 53, шортан - 30, сазан - 40, балпан балық - 17, ақкөз балық - 22, қызылқанат шұбар балық - 17, қылышбалық - 26, табан - 24, беріш - 26.
3. Батыс Қазақстан облысының шегінде
Жайық-Каспий бассейнінің су айдындары
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 40, табан - 24, қаракөз - 17, қызылқанат шұбар балық - 17, ақ дөңмаңдай - 75, шаян - 9, көксерке - 43, ақмарқа - 41, жайын - 53, шортан - 30.
Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні үшін
Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан - 36, көксерке - 42, табан - 21, мөңке - 20, аққайран және қызылқанат шұбар балық - 22, торта және тарақ-балық - 19, ақмарқа - 31, ақ амур және дөңмаңдай - 45.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 12, 140-құжат).
2. «Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 49, 479-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөнiндегі жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысының 3-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 және 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 мамырдағы № 427 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 190-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 және 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1204 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 495-құжат) 1-тармағы.