Сонымен бірге алыс шетелдермен сот сараптамасы саласындағы халықаралық қызметтi де кеңейту қажет.
6. Сот сараптамасы қызметiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру
Сот сараптамасының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн сот сараптамасы органдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету: зертханаларды сараптамалық практиканың қазiргi жай-күйiнiң талаптары деңгейiне сай келетiн сапалы құрал-жабдық базасымен толықтыру қажет.
Мәселен, қылмыстардың көптеген түрлерiн тергеу сот бейнефонографиялық сараптама жүргiзудi көздейдi. Қазiргi кезде ҚР ӘдМ ССО-ның 17 зертханасының тек 4-i ғана сараптаманың осы түрiн жүргiзуге арналған мамандандырылған құрылғымен қамтамасыз етiлген.
Криминалистiк сараптамалар қызметiнiң барлық бағыттарының тиiмдiлiгiн одан әрi арттыру, жүргiзiлетiн зерттеулердiң мерзiмдерiн қысқарту және сапасын көтеру үшiн сараптамалардың жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған қазiргi заманғы сараптамалық технологияларды, соның iшiнде қазiргi заманғы бағдарламалық кешендердi енгізу мақсатында жабдықтар сатып алу қажет.
Сот сараптамасының орталық (Алматы) ғылыми-өндiрiстiк зертханасының құқық қорғау органдары мен соттар тағайындайтын молекулярлық-генетикалық зерттеулер (ДНК зерттеу) жүргiзудегi техникалық мүмкiндiктерi аталған зерттеу түрiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты, республиканың iрi қалаларында орналасқан бес аймақтық зертхана үшiн ДНК-ны зерттеу бойынша арнайы жабдық сатып алу қажет.
Зертханаларды үй-жайлармен қамтамасыз ету проблемасы да толық көлемде шешiлген жоқ. Қазiргi кезде сот сараптамасының тек 14 зертханасы ғана Орталықтың теңгерiмiнде тұрған ғимараттар мен үй-жайларда орналасқан. Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола облыстық зертханалары үй-жайларды жалға алады, бұл оларды арнайы жабдықтау бойынша қажеттi жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Кейбір зертханалар алаңдары ғылыми-өндiрiстiк зертханаларға қойылатын құрылыс, санитарлық-техникалық нормативтерге (алаң нормасы, инсоляция деңгейi, дыбыс изоляциясы, желдету) сәйкес келмейтін үй-жайларда орналасқан.
Суық, атыс қаруына, жарғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарға эксперименттiк зерттеу жүргiзуге арналып арнайы жабдықталған бөлмелер жоқ.
ҚР ДСМ CMO-ның үй-жайлармен қамтамасыз етiлу жағдайы да осындай. Орталық аппарат ғимараттарының, үй-жайлары мен алаңдарының материалдық-техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайы және жергiлiктi жерлердегi филиалдарының жартысынан көбi нормативтiк талаптарға сәйкес келмейдi.
Мысалы, Орталық аппарат ауданы 550 м2 жалға алынған үй-жайда, ал оның сот-медициналық зертханасы жалпы ауданы 354,3 м2 есептен шығарылған ғимаратта орналасқан, бұл мұнда қазiргi заманғы аппаратура тұрмақ, сарапшыларды орналастыруға да мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты Орталық аппарат пен Сот медицинасы орталығының сот-медициналық зертханасы үшiн типтiк ғимарат салу қажет.
ҚР ДСМ СМО Алматы филиалы 1935 жылы салынған бір қабатты үш ғимаратта орналасқан. Мұндағы өндiрiстiк алаңдар жеткiлiксiз, үй-жайлар күрделi жөндеудi талап етедi.
Қаржыландырудың болмауына байланысты 2001 жылы басталған жөндеу жұмыстары осы уақытқа дейiн аяқталған жоқ. Астана қаласындағы Ақмола филиалы да қанағаттанғысыз жағдайда әрi аумақтық бөлiмше мәртебесiне сай келмейдi. Маңғыстау филиалының өз үй-жайы жоқ. Қызылорда филиалы облыстық аурухананың бұрынғы жұқпалы аурулар бөлiмшесiнiң жапсарлас ғимаратында орналасқан. Жамбыл филиалы Психикалық денсаулық орталығының жанында орналасқан. Атырау филиалы облыстық аурухананың жанындағы патологиялық анатомия бөлiмшесiнiң үй-жайын жалға алып отыр. Ақтөбе филиалы қаладан сегiз шақырым жердегi облыстық аурухананың жанында, ал әкiмшiлігі Ақтөбе облыстық IIББ жанындағы үш кабинетте орналасқан. Осыған байланысты Сот медицинасы орталығының аймақтық филиалдары үшiн ғимараттар салу қажет. Қалған Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Семей, Қостанай филиалдары күрделi жөндеудi талап етедi.
Бұдан басқа, сот-медицина сараптамасының 39 аудандық және 34 ауданаралық бөлiмшелерi орталық аудандық ауруханалардың жанындағы мәйiтханалар мен кабинеттерде орналасқан, яғни олардың да өз үй-жайлары жоқ.
Тұжырымдар
Сонымен, Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы органдары мен сот сараптамасы қызметi жүйесiнiң қазiргi жай-күйi құқықтық, институционалдық, ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық сипаттағы бірқатар проблемалармен сипатталады, оларды шешу үшiн нақты шаралар қабылдау қажет.
Қазiргi кезеңде елiмiздiң сот сараптамасы жүйесi үшiн аса маңызды, тез арада шешiлуге жататын проблемалар:
1) сот сараптамасы қызметiнiң нормативтiк-құқықтық жағынан жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi, Әдiлет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінiң сот-сараптамалық қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасының келісімсiздiгi;
2) сот сараптамасы органдарының әртүрлi ведомстволық бағыныстылығына байланысты сот сараптамасы қызметiнде ұйымдастырушылық және әдiстемелiк біркелкiлiктiң жоқтығы;
3) сот сараптамасы органдарының біліктi кадрлармен жеткiлiктi толықтырылмауы;
4) сарапшы кадрларды iрiктеу жүйесiнiң болмауы, сарапшыларды кәсiби даярлау мен біліктілігiн арттыру жүйесiнiң жетiлдiрiлмеуi;
5) сот сараптамасы органдарының да, құқық қорғау органдарының да қызметкерлерiн, сондай-ақ судьяларды ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз етудiң жеткiлiксiз деңгейi;
6) шетелдiк сот сараптамасы органдарымен қалыпқа түскен халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң жоқтығы;
7) сот сараптамасы органдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң сот iсiн жүргiзу мiндеттерiне сәйкес келмеуi болып табылады.
Жазылған проблемаларды шешу Республиканың сот сараптамасы қызметiн тұтастай алғанда қоғамның қазiргi заманғы дамуына сай келетiн деңгейге шығаруға мүмкiндiк бередi.