10. Iшкi рынокта отандық және импорттық тауарға бағалардың ара
қатынасы 5%, 10%, 15%, 20% және 30% өзгерген жағдайда iшкi рынокта
отандық және импорттық тауар сату ара қатынасының өзгеру (төмендеу/арту)
мүмкiндiгiне Сiздiң бағалауыңызды берiңiз.
11. Оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн қолдау мақсатында осындай тауар
өндiрушi отандық өнеркәсiп саласы қабылдаған шаралар туралы мәлiметтер.
12. Қайта қараудың орындылығын негiздейтiн, қаралатын проблемаға
қатысы бар қосымша мәлiметтер.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
14 қарашадағы N 1389 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
"Қазақстан Республикасы беретiн жеңiлдiктер кестесiн пайдаланатын елдердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1009 қаулысы (Қазақстан Респубилкасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 292-құжат).
"Әкелiнетiн тауарларға арналған кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысы. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 1361 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 300 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 305 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 91-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi N 849 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 15 тамыздағы N 1125 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 шiлдедегi N 865 қаулысы.