559-бап. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас мал дәрiгерлiк инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттiк шекара мен көлiктегi мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспектор, облыстардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мал дәрiгерлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мал дәрiгерлiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
аудандардың, қалалардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары, селолық округтердiң мал дәрiгерлiк инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ведомстволық мал дәрiгерлiк қызметтiң мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген мал дәрiгерлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдары лауазымды адамдарының:
1) өткiзу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темiр жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 294, 307, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi республиканың Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аудандық қызметтер мен шекаралық посттардың мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
561-бап. Су ресурстары жөнiндегi органдар
1. Су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 127, 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281, 314-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган басшысының жерасты суларын қорғауды бақылау мәселелерiн басқаратын орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жүйесiнiң аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 282-290, 292, 294-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
орман қорының жерiнде, орман, балық және аңшылық шаруашылықтарында орманшылар, қорықшылар, орман шеберлерi, өрт-химия станцияларының ары, орман инспекторлары, орман күтушiлерi, орман шаруашылығының, орманды қалпына келтiрудiң және қорғаныш орман өсiрудiң барлық санаттағы инженерлерi, барлық санаттағы инженер-ормантанушылар, орман питомниктерiнiң бастықтары, аңшылық жүргiзушiлер, бас аңшылық жүргiзушiлер, бас орман күтушiлерi, директорлар;
орман қорғау станцияларында - барлық санаттағы техник-ормантанушылар, барлық санаттағы инженерлер, бастықтар;
орман селекциялық-тұқым өсiру орталықтарында - орман шеберлерi, орман күтушiлерiнiң көмекшiлерi, орман күтушiлерi, барлық санаттағы инженер-тұқым өсiрушiлер, бас тұқым өсiрушiлер, директорлар;
облыстардың орман және аңшылық шаруашылық органдарында - құрылымдық бөлiмшелердiң (бөлiмдердiң, секторлардың, инспекциялардың) орманды сақтау және қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары, бас аңшылық жүргiзушiлер, бас орман күтушiлерi, бас директорлар;
ормандарды авиациялық қорғау базасында, авиабөлiмшелерде, авиабазаларда, авиабуындарда - парашюттiк-өрттен қорғау және десанттық-өрттен қорғау топтарының, командаларының, қызметтерiнiң нұсқаушылары, аға нұсқаушылары, механикаландырылған отрядтардың бастықтары, бақылаушы ұшқыштар, авиабөлiмшелердiң бастықтары, авиабуындардың командирлерi, орман қорғау жөнiндегi инженерлер, авиабазаның ұшу қызметi жөнiндегi бастығының орынбасары, бастық;
ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, бiлiктiлiктi арттыру институтында, орман тұқымы станцияларында - құрылымдық бөлiмшелердiң орманды сақтау және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру, орманды пайдалану және орман орналастыру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман, балық және аңшылық шаруашылығын басқару органында - құрылымдық бөлiмшелердiң орманды сақтау және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру, орманды пайдалану және орман орналастыру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары, төрағаның орынбасарлары, төраға құқылы.
563-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 120, 121, 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөнiндегi республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
564-бап. Мемлекеттiк сынамалық қадағалау органдары
1. Мемлекеттiк сынамалық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 142-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
мемлекеттiк сынамалық қадағалау инспекцияларының бастықтары - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
565-бап. Монополияға қарсы органдар
Монополияға қарсы органдар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер соттың қарауына жатқызылатын реттердi қоспағанда, осы Кодекстiң 147-бабында көзделген iстердi қарайды.
566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды
567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
568-бап. Құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдары
1. Құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдары осы Кодекстiң 130, 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары, ал жергiлiктi жерлерде тексеру жүргiзген кезде осы органдардың инспекторлары (мамандары) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
569-бап. Статистика органдары
1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
аудандық (қалалық) статистика бөлiмдерiнiң басшылары - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң - беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстық (Астана, Алматы қалаларының) статистика және талдау жөнiндегi басқармаларының басшылары айлық есептiк көрсеткiштiң - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 570-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшінші бөлігінде), 146, 164-166, 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 206-209, 210, 212, 215, 216, 218, 219, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 146, 159, 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 166, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 167, 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары;
2) осы Кодекстiң 178, 185, 186-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары;
3) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары құқылы.
ҚР 28.03.03 ж. N 398-II Заңымен 572-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 168, 169-171, 180-182, 187, 189, 218-баптарында, сондай-ақ мемлекеттiк статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн деректерi бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 573-бап өзгертілді және толықтырылды
573-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган
1. Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган 173, 174, 175 (бірінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар, сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының құзыреті осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 574-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің органдары осы Кодекстің 88-бабында (екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 574-1-баппен толықтырылды
574-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің,
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар
мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган 88-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық баскаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұлдар салуға құқылы.
575-бап. Шекара қызметiнiң органдары
1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға: шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiнде қызмет атқаратын шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын күзету органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны немесе осы лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруге кедергi жасағаны үшiн:
шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
576-бап. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу
33-тарау. Негізгі ережелер
577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.
2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.