2. Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.
3. Орталықтан толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жыдцарының және еңбек стажының өр жыльгаа шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жыддан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерінің жалпы мөлшерін осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңцарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.
ҚР 16.07.01 ж. N 244-II; ҚР 29.12.02 ж. N 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Еңбек сiңiрген жылдарды есептеу
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есепетеледі.
ҚР 16.11.99 ж. N 482-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 29.12.02 ж. N 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; 05.04.99 ж. N 364-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 29.12.02 ж. N 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін республикалық бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне жеке жинақтаған зейнетақы қаражатының есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
4. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің, прокуратураның, кеден комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатылған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.
ҚР 22.12.98 ж. N 328-1; ҚР 16.07.01 ж. N 244-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 29.12.02 ж. N 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Қаражат және зейнетақы төлеу тәртібі
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан астам әскери қызмет немесе ішкі істер және Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетіндегі қызмет стажы бар арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін тиісті бюджеттің қаражаты есебінен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгіленген ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының тандауы бойынша жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі.
Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негізге алына отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
4. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн тұңғыш рет қызметке кiрген арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке жинақтаған зейнетақы қаражатын негiзге ала отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.
ҚР 05.04.99 ж. N 364-1; 16.07.01 ж. N 244-II; 29.12.02 ж. N 369-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қодданылатын әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік ертке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырады.
2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақылық жарналар есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
5 Бөлім
Қорытынды ережелер
67-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы барларға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
1. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында мемлекеттiк бюджеттен төленедi.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Осы Заңның 9-бабында белгiленген жағдайлар болған ретте мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың тiлегiне орай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн ауыстырылуы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындаудың шарттары, тәртiбi және мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
68-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
69-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi
Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1, 2-баптар, 4-баптың 1, 3, 4-тармақтары, 5, 7-21-баптар, 23-баптың 1, 2, 4, 5-тармақтары, 24-бап, 27-баптың 2-тармағының 1)-тармақшасы, 60-67-баптар қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының