ҚР 08.04.04 ж. N 542-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы
2) екінші кезекте - банкроттық мәселелерін реттейтін заң актісіне сәйкес талаптар сомасының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және өтем төлеу, соның ішінде еңбекақыдан ұсталатын алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;