ҚР 11.05.04 ж. N 552-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 105-бап
ҚР 16.12.98 ж. N 320-1; 21.05.02 ж. N 323-II; 20.05.03 ж. N 417-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 105-бап өзгерді
105-бап. Мекеме
1. Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнiң шешiмдерi бойынша мемлекет құрған және егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
3. Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
3-1. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру жоспарынан асып кететін шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді.
4. Мекемелердiң және мемлекеттiк мекемелердiң оларға бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқықтары осы Кодекстiң 202-208-баптарына сәйкес белгiленедi.