3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған негiзгi құралдар;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:
бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
суды бұрып жiберетiн және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк өндiрiстiк кешендер, үйлер мен ғимараттар, тұрғын үйлер;
5) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлетiн негiзгi құралдар.
354-бап. Салық базасы
1. Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады.
3. Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып анықталады.
355-бап. Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда) мен жеке кәсiпкерлер салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.
2. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 356-бап өзгертілді
356-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртiбi осы Кодекстің 385-390-баптарында белгiленген.
3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезiнде салық сомасын салық кезеңi басталған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
7. Салық кезеңi iшiнде сатып алынған салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу объектiсiн сатып алу кезiндегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiмдерде төленедi, бұл ретте салық салу объектiлерiн сатып алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Салық кезеңi iшiнде шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектiлерiнiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиiс салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.
Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгерген сомасына түзетіледі.
8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
1. Жеке кәсiпкер тұрғын үй қоры құрамында тұрған үй-жайларда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жағдайда, осы үй-жайлар бойынша салық осы Кодекстiң 361-367-баптарында көзделген ставкалар бойынша және тәртiппен есептеледi және төленедi.
2. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй қоры құрамынан шығарылған үй-жайларда жүзеге асыратын жағдайда, осы үй-жайлар бойынша салық осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептеледi және төленедi.
358-бап. Салық кезеңi
1. Мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
2. Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн белгiленедi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 359-бап өзгертілді
359-бап. Салық есептілігi
1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi.
Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
Осы Кодекстің 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5)-тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi iшiнде сатып алынған және (немесе) шығып қалған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы, салық салу объектiлерi сатып алынған және (немесе) шығып қалған тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей табыс етіледi.
4. Мүлiк салығы бойынша декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 360-бап алып тасталды
62-тарау. Жеке тұлғалардың мүлік салығы
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 361-бап өзгертілді
361-бап. Салық төлеушiлер
1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;
2) салық салу объектiлерiнiң бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке тең құны шегiнде Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, І және ІI топтағы мүгедектер, жеке тұратын зейнеткерлер.
Осы тармақта аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiлердi анықтау
1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн.
Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
363-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
364-бап. Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Егер салық кезеңiнің ұзақтығы он екi айдан кем болса, салық базасы салық салу объектiсiнiң құнын 12-ге бөлу және салық кезеңiндегi айлар санына көбейту арқылы есептеледi.
3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
365-бап. Салық ставкалары
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,1 проценті; |
1 000 000-нан теңгеден жоғары - 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1000 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15%; |
2 000 000 теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2500 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2%; |
3 000 000 теңгеден жоғары - 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4500 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3%; |
4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7500 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4%; |
5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11500 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5%; |
6 000 000 теңгеден жоғары - 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16500 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6%; |
7 000 000 теңгеден жоғары - 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22500 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7%, |
8 000 000 теңгеден жоғары - 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29500 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,8%; |
9 000 000 теңгеден жоғары - 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37500 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,9%; |
10 000 000 теңгеден жоғары | 46500 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 1%. |
366-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
3. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
4. Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
9. Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
367-бап. Салық кезеңi
1. Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.
15-бөлім. Арнаулы салық режимдері
63-тарау. Жалпы ережелер
368-бап. Жалпы ережелер
1. Мыналарға:
1) шағын бизнес субъектiлерiне;
2) шаруа (фермер) қожалықтарына;
3) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;
4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.
2. Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.
3. Патент - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактiсiн растайтын құжат.
4. Белгiлi бiр арнаулы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
5. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша дубликат берiледi. Салық төлеушi бүлiнген патенттi салық органына тапсыруға тиiс.
6. Берiлген патенттердi тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.
Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, бiржолғы талон және патент бланкiлерi қатаң есептiлiк бланкiлерi болып табылады және ақша алынбай берiледi. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 369-бап өзгертілді
369-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.
2. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда өткiзудi қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу осы Кодекстiң 373-бабында белгiленген тәртiппен бiржолғы талон негiзiнде шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимi бойынша ғана жүргiзiледi.
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды.
3. 392-баптың 1-тармағында белгiленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы Кодекстің 391-397-баптарында көзделген кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимiнде ғана жүзеге асырады.
64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған
арнаулы салық режимі
§ 1. Жалпы ережелер
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 370-бап өзгертілді
370-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстiң 371, 372, 374, 376-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Бұл орайда, осы Кодекстiң 146-162-баптарын қоспағанда, жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi 77-140, 315-322, сондай-ақ 141-174-баптарда белгiленген шағын бизнес субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салықты есептеудiң оңайлатылған тәртiбi салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 375, 377-баптарында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
4. Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Осы Кодекстің 163-бабына сәйкес жеке кәсiпкердiң , мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды.
5. Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - күнтiзбелiк жыл, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.
6. Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
7. Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 371-бап өзгертілді
371-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану талаптары
1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;
3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.
2. Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
3. Мыналардың:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдардың;
4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
4. Арнаулы салық режимi:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
5) жер қойнауын пайдаланатын;
6) мыналарды:
медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметтi;
тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөнiндегi өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндiрудi және сатуды;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет көрсетудi;
дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын дайындауды, өндiрудi, ұқсатуды және көтерме саудада сатуды, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерiн;
автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
емдiк препараттар дайындау мен сатуды;
жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарын;
алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сатуды;
пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;
жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдер өткізуді;
өлшеу құралдарын тексеруді, жасауды және жөндеуді;
тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
жол қозғалысын реттеу құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеуді және пайдалануды;
іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;