суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 282-290, 292, 294-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
орман қорының жерiнде, орман, балық және аңшылық шаруашылықтарында орманшылар, қорықшылар, орман шеберлерi, өрт-химия станцияларының ары, орман инспекторлары, орман күтушiлерi, орман шаруашылығының, орманды қалпына келтiрудiң және қорғаныш орман өсiрудiң барлық санаттағы инженерлерi, барлық санаттағы инженер-ормантанушылар, орман питомниктерiнiң бастықтары, аңшылық жүргiзушiлер, бас аңшылық жүргiзушiлер, бас орман күтушiлерi, директорлар;
орман қорғау станцияларында - барлық санаттағы техник-ормантанушылар, барлық санаттағы инженерлер, бастықтар;
орман селекциялық-тұқым өсiру орталықтарында - орман шеберлерi, орман күтушiлерiнiң көмекшiлерi, орман күтушiлерi, барлық санаттағы инженер-тұқым өсiрушiлер, бас тұқым өсiрушiлер, директорлар;
облыстардың орман және аңшылық шаруашылық органдарында - құрылымдық бөлiмшелердiң (бөлiмдердiң, секторлардың, инспекциялардың) орманды сақтау және қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары, бас аңшылық жүргiзушiлер, бас орман күтушiлерi, бас директорлар;
ормандарды авиациялық қорғау базасында, авиабөлiмшелерде, авиабазаларда, авиабуындарда - парашюттiк-өрттен қорғау және десанттық-өрттен қорғау топтарының, командаларының, қызметтерiнiң нұсқаушылары, аға нұсқаушылары, механикаландырылған отрядтардың бастықтары, бақылаушы ұшқыштар, авиабөлiмшелердiң бастықтары, авиабуындардың командирлерi, орман қорғау жөнiндегi инженерлер, авиабазаның ұшу қызметi жөнiндегi бастығының орынбасары, бастық;
ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, бiлiктiлiктi арттыру институтында, орман тұқымы станцияларында - құрылымдық бөлiмшелердiң орманды сақтау және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру, орманды пайдалану және орман орналастыру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман, балық және аңшылық шаруашылығын басқару органында - құрылымдық бөлiмшелердiң орманды сақтау және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру, орманды пайдалану және орман орналастыру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары, төрағаның орынбасарлары, төраға құқылы.
563-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 120, 121, 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөнiндегi республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
564-бап. Мемлекеттiк сынамалық қадағалау органдары
1. Мемлекеттiк сынамалық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 142-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
мемлекеттiк сынамалық қадағалау инспекцияларының бастықтары - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
565-бап. Монополияға қарсы органдар
Монополияға қарсы органдар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер соттың қарауына жатқызылатын реттердi қоспағанда, осы Кодекстiң 147-бабында көзделген iстердi қарайды.
566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
568-бап. Құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдары
1. Құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдары осы Кодекстiң 130, 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары, ал жергiлiктi жерлерде тексеру жүргiзген кезде осы органдардың инспекторлары (мамандары) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
569-бап. Статистика органдары
1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
аудандық (қалалық) статистика бөлiмдерiнiң басшылары - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң - беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстық (Астана, Алматы қалаларының) статистика және талдау жөнiндегi басқармаларының басшылары айлық есептiк көрсеткiштiң - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 570-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшінші бөлігінде), 146, 164-166, 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 206-209, 210, 212, 215, 216, 218, 219, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 146, 159, 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 166, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 167, 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары;
2) осы Кодекстiң 178, 185, 186-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары;
3) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары құқылы.
ҚР 28.03.03 ж. N 398-II Заңымен 572-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 168, 169-171, 180-182, 187, 189, 218-баптарында, сондай-ақ мемлекеттiк статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн деректерi бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
573-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган
1. Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган 173-175-баптарда көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 574-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің органдары осы Кодекстің 88-бабында (екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. N 394-II Заңымен 574-1-баппен толықтырылды
574-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің,
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар
мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган 88-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық баскаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік айыппұлдар салуға құқылы.
575-бап. Шекара қызметiнiң органдары
1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға: шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiнде қызмет атқаратын шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын күзету органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны немесе осы лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруге кедергi жасағаны үшiн:
шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
576-бап. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу
33-тарау. Негізгі ережелер
577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.
2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.
579-бап. Өтiнiш жасау
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.
2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.
3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.
580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi болдырмайтын
мән-жайлар
1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;
3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбiр ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылуы;
5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;
6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;
7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.
581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.
582-бап. Прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуде прокурордың
заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;
2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;
3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;
5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.
34-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге
қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері
584-бап. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп
жатқан адам
1. Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөнiндегi қаулыға шағымдануға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда қаралуы мүмкiн.