4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап. Жергiлiктi бюджет
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi олар үшiн белгiленген салық және өзге де түсiмдер көздерi есебiнен құралады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, бекiту және атқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының