Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету,
ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттiк
эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу
1. Қазақстан Республикасының үкiметтiк борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзiнiң билiгiндегi активтер есебiнен жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссияланған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды олар тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша жергiлiктi атқарушы орган тартқан екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.
12-бап. Мемлекеттiк борышты есепке алу
Барлық мемлекеттiк заемдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелiп, есепке алынуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк борышын есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар келiсiлген тәртiппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға өз заемдарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетiлуi және өтелуi туралы ақпарат тапсырып отырады.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышты өтеу
және оған қызмет көрсету жөнiндегі мiндеттемелерi
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi атқарады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзiнiң билiгiндегi барлық активтермен қамтамасыз етiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi атқарады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдардың билiгiнде тұрған меншiк құқығындағы мүлiкпен, қаржы ресурстарымен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлетiн өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi атқарады.
4. Мемлекеттiк борыш борыштың негiзгi сомасы кредиторларға қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер толық көлемiнде төленген жағдайда өтелген болып саналады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың осындай шарттың (келiсiмнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, заем туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын өтеуге, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзiмiнен бұрын сатып алуға құқығы бар.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II; 02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Мемлекеттiк борышты басқару
Мемлекеттiк борышты басқару мыналарды қамтиды:
1) өтеу және қызмет көрсету көлемдері, үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдік берудің лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді жыл сайын нақтылау және айқындау арқылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың жай-күйін жыл сайын бағалау және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжам. Бұл құжатты әзірлеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, елді экономикалық дамытудың орта мерзімді болжамы, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемдері мен құрылымы, несие капиталы рыногындағы өзгерістер болжамы негізінде жүзеге асырады;
Бұл құжатты дайындауды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеуге уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, елдi экономикалық дамытудың ұзақ мерзiмдi болжамы, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемi мен құрылымы, несие капиталы рыногындағы өзгерiстер болжамы негiзiнде жүзеге асырады;
2) Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын, тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу көлемiн, нысандары мен талаптарын, үкiметтiк борыштың лимиттерiн және өтеу мен қызмет көрсету көлемiн, жергiлiктi атқарушы органдардың борышы лимиттерiн анықтау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдары бойынша бұл рәсiмдердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының заемдарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркеуi және үкiметтiк заемдар мен жергiлiктi атқарушы органдар заемдары талаптарының бақылауы мен мониторингi және оларды өзгерту;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын алуды, өтеудi және қызмет көрсетудi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын бақылау мен мониторингi;
5) Борыштың құрылымын оңтайландыру жөнiндегi, оның iшiнде мемлекеттiк бағалы қағаздар жөнiндегi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмитенттің мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөнiндегi мемлекеттiк борыштың құрылымын өзгерту, мемлекеттiк қарыз алу тәуекелдерiн басқару жөнiндегi iс-шараларды дайындау мен iске асыру.
3-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз
алу және борыш
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Мемлекеттiк емес қарыз алу
1. Мемлекеттiк емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың мемлекеттiк емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2. Мемлекеттiк емес заемдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен заңды тұлғалар тартуы мүмкiн. Мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылатын мемлекеттiк емес заемдар заем туралы шарттың (келiсiмнiң) нысанында болуға тиiс.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
16-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру
Мемлекеттiк кепiлдiктер кредит берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттiк емес заемдар бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету ретiнде берiледi.
3аемдар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепiлдiктер беруге Қазақстан Республикасы Үкiметiнің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепiлдiктер беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен мемлекеттiк кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
17-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк
кепiлдiктердi орындау жөнiндегi мiндеттемелерi
Қазақстан Республикасының Yкiметi заем алушы заем туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес өзiнен алынатын төлемдердi төлемеген жағдайда мемлекеттiк кепiлдiктердi орындау жөнiнде мiндеттемелер алады.
Заем алушы заем туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес өзiнен алынатын соманы төлеген жағдайда немесе заем алушыдан алынатын соманы қолданылып жүрген заемның мемлекеттiк кепiлдiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi төлеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктердi орындау жөнiндегi мiндеттемелерi тоқтатылады.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
18-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi шектеу
Мемлекеттiк кепiлдiктер тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген лимит шегiнде берiледi.
Мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті жылдың шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
Мемлекеттiк кепiлдiктердi жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын қамтамасыз ету ретiнде беруге болмайды.
19-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру талаптары
Мемлекеттiк кепiлдiктер әрбiр инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негізiнде берiледi.
Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру кепiлшiнiң мiндеттемелерiн және осы Заңның 20-бабына сәйкес талаптарды орындау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмсаған бюджеттiк қаражатты заем алушының қайтаратын талаптары негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк емес заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiк берiлгенi үшiн түпкi заем алушыдан мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 0,2 процентi мөлшерiнде және өзге заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 2 процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы ақы (алым) алынады.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II; 02.07.03 ж. N 443-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға
қойылатын талаптар
1. Заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар заем алушы ретiнде әрекет ететiн болса, бұл заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидентi болуы;
2) Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған мемлекеттiк кепілдіктepi бар мемлекеттiк емес заемдар қаражатының есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобалардың орындалуын жүзеге асыруы;
3) банктiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бюджетті атқару жөнiндегi уәкілеттi орган белгiлейтiн заемдардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банктiк кепiлдiктiң болуы;
3-1) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
3-2) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
3-3) экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
3-4) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
4) бұрын мемлекеттiк кепiлдiкпен алынған, төлеу мерзiмi басталған мемлекеттiк емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiнде берешегiнiң, сондай-ақ кредит берушiлер алдында мерзiмi өткен өзге де берешегiнiң болмауы;
5) жобаның жалпы құнын жаппайтын заем тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөнiндегi мiндеттеменi қамтамасыз етуi тиiс.
Мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiм, сондай-ақ салалық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға олардың қорытындылар әзiрлеу үшiн қажеттi құжаттар табыс етедi. Бұл орайда салалық уәкiлеттi орган мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар берген заңды тұлғаларға және ұсынылған қорытындыларды жинақтауды және экономикалық талдауды жүзеге асыратын экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi органға тиiстi қорытындылар жiберуге мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк емес заем шарттарына және инвестициялық жобаның тәуекелiне байланысты мемлекеттiк кепілдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар белгiлеуi мүмкiн.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық
жобаларды iрiктеу
Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдар қаражатының есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн жыл сайын қалыптастыру жолымен жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдар қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол жариялануға тиіс.
22-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк нысаны
1. Мемлекеттiк кепiлдiк:
1) Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган кредит берушiмен жасасқан мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы жазбаша ресiмделген шарт (кепiлдiк шартты), не
2) мемлекеттiк емес заемдар бойынша кепiлшiнiң мiндеттемелерiн (кепiлдiк мiндеттемелерiн) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның қабылдағандығы туралы кредит берушiнiң жазбаша хабарламасы нысанында болуға тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiгiн беру туралы шарт болған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган заң актiлерiнде белгіленген тәртiппен заем алушының мiндеттемелерiн авальдауға құқылы. Аваль авальшының борышкер векселiне немесе оған қосымша бетке қойған қолы түрiнде не оның берiлген орны көрсетiлген жеке актiмен ресiмделедi.
Осы баптың және осы Заңның 23-бабының талаптарына сәйкес келетiн құжаттар ғана мемлекеттік кепілдiк деп танылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының және олардың лауазымды адамдарының ешқандай актiлерiнiң немесе өзге де құжаттарының мемлекеттiк кепiлдiк ретiндегi заң күшi болмайды.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiк шарты оған тараптар қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.
Кепiлдiк мiндеттеме немесе аваль олар берiлген күннен бастап күшiне енедi.
3. Кепілдiк шартына, әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк мiндеттемеге, заем алушының әрбiр мiндеттемесi бойынша авалiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қол қояды.
23-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдігiнiң мазмұны
1. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк мiндеттемеде:
1) мемлекеттiк кепілдiк беруге негiз болатын Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулысының реквизиттерi;
2) заем алушының атауы және орналасқан жерi;
3) заем туралы шарттың (келiсiмнiң) тараптары және заем алушының негiзгi мiндеттемелерiнiң мазмұны;
4) заемның кепiлдiк берiлетiн сомасы, берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктiң күшi қолданылатын, заем бойынша өзге де кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер;
5) мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi;
6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк мiндеттемеге) қол қойған лауазымды адам көрсетiледi.
2. Борышкердiң векселiне соғылған белгi нысанындағы аваль үшiн лауазымды адам-авальшы көрсетiледi.
3. Кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемеде) осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген ережелер болмаған жағдайда:
1) мемлекеттiк кепiлдiк борышкердiң заемдар бойынша барлық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етедi деп;
2) мемлекеттiк кепілдiк заем қолданылатын мерзiмге берiлген деп саналады.
Кепiлдiк шарты мен кепiлдiк мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талап болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы Заңның 22-бабының 3-тармағын бұза отырып, заем алушының мiндеттемелерiн уәкiлдiк берiлмеген тұлға авальдандырған жағдайда мемлекеттiк кепілдiк жарамсыз деп саналады.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң және олар кепiлдiк
берген заемдардың есебi
Берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктер мен олар кепiлдiк беретiн заемдар бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілеттi органда тiркелуге және есепке алынуға тиiс.
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң орындалуы
Егер заем туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарында өзгеше көзделмесе, кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген заемды төлем мерзiмi басталған күнi заем алушы толық немесе iшiнара және тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегiнде өтемеген жағдайда, кепiлдiк кредит берушiнiң талап етуi бойынша, төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Үкiметi заем туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарына сәйкес және кредитордың келiсiмiмен мемлекет кепiлдiк берген заемды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған заем алушы үшiн мерзiмiнен бұрын өтеудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен мемлекеттiк кепiлдiктердi орындау жолымен жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II Заңымен 25-1-баппен толықтырылды
25-1-бап. Мемлекет кепілдiк берген заемдар құрылымын өзгерту
Мемлекет кепілдiк берген заем құрылымын өзгерту кредиторлардың және заемшының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiм қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекет кепiлдiк берген заем құрылымын өзгерту кезiнде кредиторлардың талап етуi бойынша бұрын берiлген мемлекеттiк кепілдiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi растауы немесе ауыстыруы мүмкiн.
Бұл ретте кепiлдiк берiлетiн заем сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша заемның сомасынан аспауға тиiс. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Заңның 18-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулер қолданылмайды.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 25-2-баппен толықтырылды
25-2-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушыны ауыстыру
Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушыны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi қабылданған жағдайда заем туралы шарт (келiсiм) тараптарының келiсiмi бойынша ауыстыруға жол берiледi.
Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушы ауыстырылған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган кредитордың талабы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде мемлекеттiк кепiлдiктi ауыстыруы немесе растауы мүмкiн.
Бұл ретте кепiлдiк берiлетiн заем сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша заемның сомасынан аспауға тиiс. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Заңның 18-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулер қолданылмайды.
ҚР 06.11.01 ж. N 252-II; 02.07.03 ж. N 443-II (бұр.ред. қара) Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктердiң қолданылуын тоқтатудың негiздерi
Мемлекеттiк кепiлдiк, егер:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген заем бойынша мiндеттемелердi заем алушы немесе кепiлшi толық орындаса;
2) егер онда өзгеше айтылмаса, кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемеде) көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi бiтсе;
3) заем туралы шартта (келiсiмде) және /немесе/ кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемеде) арнайы айтылған жағдайларда;
4) ол заем құрылымын өзгерту және (немесе) мемлекет кепілдiк берген заем бойынша заем алушыны ауыстыру кезiнде жаңасымен ауыстырылса;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның 25-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес мемлекет кепiлдiк берген заемды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асырса, қолданылуын тоқтатады.
27-бап. Мемлекеттiк кепiлдiкпен алынған қаражатты пайдалануды шектеу
Мемлекеттiк кепiлдiкпен алынған қаражатты заем туралы шартта (келiсiмде) көзделмеген мақсатта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.
ҚР 02.07.03 ж. N 443-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Мемлекеттiк кепiлдiгi бар, заем шарты (келiсiмi) бойынша алынған қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасау және жауапкершiлiк
Мемлекеттiк кепiлдiгi бар заем шарты (келiсiмi) бойынша алынған қаражаттың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк кепiлдiгi бар заем бойынша заем алушы және кепiлдiк берген банк Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген заем бойынша алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн және заем алушы заем бойынша борыш мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда мемлекеттiк кепілдiк жөнiндегi мiндеттемелердi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган орындауы үшiн пайдаланған қаражаттың қайтарылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендей жауапкершiлiкте болады.
4-тарау. Кредит берушілердің мүдделерін қорғау
29-бап. Кредит берушi алдындағы мiндеттемелердiң күшi жойылуына немесе мерзiмiн ұзартуға жол берiлмеуi
Кредит берушiлердің алдындағы мiндеттемелердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiнен туындайтын мiндеттемелердің, бiр жақты тәртiппен күшiн жоюға немесе мерзiмiн ұзартуға болмайды.
30-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiнен қорғау
Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тарту, пайдалану немесе өтеу жағдайларын нашарлататын актiлерiнiң заң күшi болмайды.
31-бап. Шетелдiк кредит берушiлердiң залалдарын өтеу және олардың орнын толтыру
Соғыс немесе басқа қарулы жанжал, революция, төтенше жағдай, азаматтардың қақтығыстары немесе сол сияқты мән-жайлар нәтижесiнде, сондай-ақ заңсыз нормативтiк құқықтық актiлер мен сот шешiмдерiнiң қабылдануына немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттердi жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасында мүдделерiне зиян келтiрiлген шетелдiк кредит берушiлерге жоғарыда аталған мән-жайлар нәтижесiнде келтiрiлген залалдың орнын толтыру және (немесе) өтемақы төлеу кезiнде Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жөнiнде қолданылатынынан кем емес қолайлы режим жасалады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
32-бап. Дауларды шешу
1. Заем туралы шарттарға (келiсiмдерге), мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясына, үкiметтiк кепiлдiктерге немесе мемлекеттiк, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдардың борышын немесе соларға байланысты қызметке, оның iшiнде мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруға байланысты туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше келiссөздер жолымен не заем туралы шарттарда (келiсiмдерде), мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару ережелерiнде белгiленген, дауларды шешудiң бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған дауларды бiр тарап екiншi тарапқа алғаш рет айтқан күннен бастап үш ай iшiнде шешу мүмкiн болмаса даудағы кез келген тарап екiншi тараптың жазбаша келiсiмi болған жағдайда дауды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай дауларды қарауға уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының сот органдарына немесе
2) егер қатысушы резидент емес болса - мынадай төрелiк органдардың бiрiне:
- егер инвестордың мемлекетi осы Конвенцияның қатысушысы болса, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол қойылу үшiн ашылған мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы халықаралық дауларды реттеу жөнiндегi Конвенцияға (ИКСИД Конвенциясы) сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа (бұдан әрi - Орталық);
- егер инвестордың мемлекетi ИКСИД Конвенциясына қатысушы болмаса, Орталықтың (қосымша органның тәртiптерi бойынша жұмыс iстейтiн) қосымша мекемесiне;
- Бiрiккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелiк регламентiне сәйкес құрылатын төрелiк органдарына;
- Стокгольмдегi Халықаралық сауда палатасының төрелiк институты жанындағы төрелiк органдарына жүгiнуге құқылы.
3. Дауды шешудiң бастамашысы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып, ал шетелдiк кредит берушi дауларды қараудың белгiлi бiр рәсiмiн таңдаудан жалтарған жағдайда, уәкiлеттi орган дауды бейбiт жолмен реттеу мақсатымен шетелдiк кредит берушiге уәкілеттi мемлекеттiк органның бiрiншi жазбаша хабар берген күнiнен бастап үш ай өткен соң Қазақстан Республикасы сот органдарының қарауына беруге құқылы.
Шетелдiк кредит берушi осы баптың 2-тармағында көзделген дауларды шешудiң өзге рәсiмiн таңдағаны туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда, iстi қараушы сот оны жүргiзудi қысқартады.
4. Шетелдiк кредит берушiнiң Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен дауларын қоса алғанда, осы баптың 1-тармағы шеңберiнде қамтылмаған барлық өзге дауларды, егер тараптардың келiсiмдерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.
33-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш бойынша заңдардың бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап беруге әкеп соғады.
34-бап. Осы Заңның нормаларын ол күшіне енгізілгенге дейін пайда
болған құқықтық қатынастарға қолдану тәртібі