ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын табыс ету тәртiбi
1. Ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту (өзгерту) қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметтерiне тарифтiк сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн алпыс күн iшiнде өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық жағынан негiзделген есептер табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсi көрсететiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерi (бағалары, алымдар ставкалары) жобаларын қырық бес күн iшiнде қарайды. Бағалар мен тарифтердiң жобаларын қараудың мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын қарау тәртiбi
1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданылып жүрген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) өзгерген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған табиғи монополия субъектiлерiн тарта отырып, тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жобаларына қаржылық және қажет болған жағдайда техникалық сараптама жүргiзедi;
2) жоба сараптамасының негiзiнде табиғи монополиялар субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) ұсынылып отырған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша алдын ала шешiм әзiрлейдi және жария тыңдаулар өткiзiлген жағдайда оны талқылауға шығарады. 1-1. Уәкiлеттi орган жария тыңдаулар өткiзген жағдайда оларды өткiзудiң күнi мен орны туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында кемiнде он күн бұрын хабарлама жариялауға мiндеттi. Жария тыңдаулар табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын өткiзiледi. Жария тыңдау өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның төтенше реттеу шаралары түрiнде қабылдайтын шешiмдерiне қолданылмайды.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Бағалар мен тарифтердi бекiту туралы
2. Табиғи монополия субъектiсi қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерi (бағалары, алымдар ставкаларын) бекiту туралы түпкiлiктi шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде 15 күн бұрын жiберiлуге тиiс.
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгерту екi тоқсанда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тоқсанның бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде 10 күннен бұрын жеткiзуге мiндеттi.
5. Жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсi үшiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген оңайлатылған тәртiппен жүргiзiледi. Бұл орайда табиғи монополияның аталған субъектiсi алты ай өткеннен кейiн тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта қарау үшiн жалпы тәртiпте өтiнiм беруге мiндеттi.
Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiткен айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттiк бақылау
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және, онымен өзге де мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметпен технологиялық жағынан байланысты және (немесе) табиғи монополия аясына жатқызылған өзге де қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарымен белгiленген қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртiбiмен шағымдана алады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыру және онымен өзге де мәмiлелер жасау, сондай-ақ оның акцияларын (үлестерiн) сатып алу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыру, cол сияқты онымен өзге де мәмiлелер жасау табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) көтерiлуiне, тұтынушылармен шарттардың бұзылуына, қоршаған ортаға терiс ықпал етуге, тығыз байланысқан технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) үзiлуiне не көлемiнiң едәуiр төмендеуiне әкеп соқпайтын жағдайдa, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он проценттен астамын сатып алған жеке немесе заңды тұлға (немесе адамдар тобы) бұл туралы уәкiлеттi органды алдын ала хабардар етуге мiндеттi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды
18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жүзеге асыруы кезiндегi мемлекеттiк бақылау
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржы ресурстарын және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
3. Тендер өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, баға ұсыныстары сұранымын пайдалана отырып берушiнi таңдауына, көздердiң бiрiнен және ашық тауар биржасы арқылы сатып алуына, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына келiсiм беруге құқылы.
5. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген шектi сома мөлшерiнен асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткiзу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзiндегi уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгiзу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтеру, қызметтер ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды
22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының