"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. N 1388; 27.03.04 ж. N 371
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 10 сәуірдегі N 402 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес:
кiрiстер бойынша - 791306164 мың теңге сомасында;
алынған ресми трансферттер бойынша - 66908685 мың теңге;
кредиттердi қайтару бойынша - 17681372 мың теңге;
шығындар бойынша - 930652184 мың теңге;
кредиттер бойынша - 37907037 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 92663000 мың теңге, немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiне 1,9 процент болатын 2004 жылға арналған республикалық бюджет атқаруға қабылдансын.
2. Қoca берiлiп отырған 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:
1) 2004 жылғы 17 ақпанға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926 қаулысына мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен инвестициялық жобалар тiзбелерiн нақтылау бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру тәртiбiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
3) 2004 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
4) 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне шағын қалаларды, соның iшiнде экономикасы күйзелiске ұшыраған қалаларды дамытуға қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 2003 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне полицияның учаскелiк инспекторларының ақшалай ризығын ұлғайтуға және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 27.03.04 ж. N 371 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) мыналарға:
су берумен байланысты емес республикалық су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға;
шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың апатты учаскелерiн күрделi жөндеу мен қалпына келтiруге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға қаражат төлеу;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау;
екiншi деңгейдегi банкiлер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау;
ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге қаражат төлеу;
астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу;
республика меншiгiне жататын ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен алынатын ауыз суды беру бойынша қызметтер көрсету құнын субсидиялау;
көктемгi егiс және жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беру;
сондай-ақ, сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртiбiн де көздейтiн лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру;
ауылдық кредиттiк серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру;
сондай-ақ, сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртiбiн көздейтiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингiне кредит беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
мал шаруашылығы өнiмiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiм бойынша 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген, ауыз сумен қамтамасыз ету, гидротехникалық құрылыстар, бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жөндеуге бағытталған инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды бекiту туралы шешiмдердi бекітсін.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының балансынан алып берiлген жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес ұйымдар тiзбесi мен берешек көлемiн айқындау туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 25 күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
9. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;
2) жаңадан iске қосылатын бiлiм беру объектiлерiн ұстауға;
3) патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырауға арналған ақшалай қаражат төлеуге;
4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо- және тифлоқұралдармен қамтамасыз етуге көзделген мақсатты трансферттердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке және тiзбеге сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте орта кәсiптiк оқу орындарында жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк тапсырысы негiзiнде оқитын студенттер стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
12. Жергiлiктi атқарушы органдар тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған қосымша шығыстардың қаражатын мынадай мақсаттарға бағыттасын:
1) заңнамаға сәйкес амбулаториялық емделу кезiнде онкологиялық, психоневрологиялық, жұқпалы, терi-венерологиялық аурулармен, туберкулезбен (республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын туберкулезге қарсы препараттарды қоспағанда), алкоголизммен, нашақорлықпен ауыратындарды, терапевтiк және хирургиялық аурулармен ауыратын балаларды, сондай-ақ бiр жасқа дейiнгi балаларды дәрiмен қамтамасыз ету;
2) гемофилиямен ауыратын балаларды қан ұйыту факторларымен қамтамасыз ету;
3) жүктi әйелдердi жатыр iшiндегi инфекциясына, шарананың өсiп жетiлуiндегi туабiттi ауытқуларына, жыныстық жолмен берiлетiн инфекцияларға тексерудi қамтамасыз ету;
4) тұрақты көмек көрсететiн ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында ауруларды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету;
5) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-10 сыныптарының оқушылары және кәсiптiк мектептер мен колледждерде оқитын жастардың есiрткi және психотроптық заттарды пайдалануы мәнiне зерттеу жүргізу;
6) онкодиспансерлердi қуық асты безiнiң обырын ерте диагностикалауға арналған жабдықтармен жарақтандыру.
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) 2004 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтep жөнiндегi агенттiгi 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Мемлекеттiк материалдық резервтiң дизель отынының нормативтен тыс қорын сатып алу ережесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
15. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) 2004 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде 009 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркін жаңарту" деген республикалық бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың тiзбесi мен сатып алынатын техниканың санын бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
16. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының әкiмдерi 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде тиiстi келiсiмдердi жасаса отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес борышты өтеудi қамтамасыз етсiн.
17. Жергiлiктi атқарушы органдар 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көзделген бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жөндеуге арналған конкурстық рәсiмдердi заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.
18. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Бiлiм және ғылым, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен келiсiм бойынша 2004 жылғы 15 наурызға дейiнгi мерзiмде республикалық бюджеттен Алматы қаласының денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiн сейсмикалық күшейту үшiн көзделген қаражатты бөлу туралы шешiмдердi бекiтсiн.
19. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
20. Құпия.
21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1260 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
2004 жылға арналған республикалық бюджеті
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Санаты Атауы Сомасы,
Сыныбы мың теңге
Ішкi сыныбы
Ерекшелiгi
───────────────────────────────────────────────────────────────────
1 2 3
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Түсімдер 875896221
І. Кірістер 791306164
1 Салық түсiмдерi 717358881
01 Табыс салығы 310944940
1 Корпоративтік табыс салығы 310944940
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 217884982
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 11707879
корпоративтiк табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 4467715
көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 18288408
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген 53283956
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 383000
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 4929000
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 359034136
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 242122016
01 Қазақстан Республикасының аумағында 60599674
өндiрiлген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 102956488
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 14950604
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 60407734
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
06 Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және 2054681
импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы
аумағына импортталатын тауарлардың
кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 1152835
және импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған
құн салығы
2 Акциздер 5871022
29 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген,
газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай 816497
41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 45000
латын спирттiң барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 92819
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 36910
латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да
күштi алкогольді сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 92796
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 42715
латын коньяк
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1507
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 878622
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 705
латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
49 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 803
латын бекіре және албырт балықтардың уылдырығы
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 336352
латын темекi бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 711173
латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2702181
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
81 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 112942
латын жеңіл автомобильдердің (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа) кедендік құнына
тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
есептелген акциздер
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 110424445
үшін түсетiн түсiмдер
02 Үстеме пайда салығы 300000
05 Бонустар 1170400
06 Роялти 75815208
08 Жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмді 1283976
бөлгендегі Қазақстан Республикасының үлесi
09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 4887042
10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 65315
үшiн төлем
11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 152006
13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 29819
табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 12900906
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 13819773
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
келiсiмшарттар бойынша өнiмді бөлгендегі
Қазақстан Республикасының үлесі
4 Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi 616653
үшiн салынатын алымдар
06 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік 493368
автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынатын
алымнан басқа, Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргенi
үшiн алынатын алым
12 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары 51307
жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
үшiн алым
13 Телевизиялық және радио хабарын тарататын 31234
ұйымдарға радиожиiлiк өрісін пайдалануға
рұқсат бергені үшін алым
15 Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi 6294
мемлекеттiк тiркеу үшiн алым
16 Дәрi-дәрмектердi мемлекеттiк тiркеу үшiн 22424
алым
17 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу 1408
үшiн алым
19 Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы 10618
автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде
сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны
үшiн төлем
06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 45131622
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 39178115
01 Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен 32983164
жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін
тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда,
әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден баждары
02 Әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден баждары 5451269
03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына 679542
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген кедендiк баждар
04 Кеден бажының бірыңғай ставкасын енгізу 64140
нәтижесінде жеке тұлғалардан өндіріп алынатын
әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары
2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 5953507
басқа да салықтар
01 Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді 5953507
жүзеге асырудан түсетін түсімдер
07 Басқа да салықтар 150000
1 Басқа да салықтар 150000
09 Республикалық бюджетке түсетiн басқа да салық 150000
түсiмдерi
08 Заңдық мәндi іс-әрекеттердi жасағаны үшiн және 2098183
(немесе) оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк
органдардың немесе лауазымды адамдардың
құжаттар бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлемдер
1 Мемлекеттiк баж 2098183
01 Консулдық алым 2092914
13 Апостиль қойғаны үшiн мемлекеттiк баж 5269
2 Салыққа жатпайтын түсiмдер 63684189
01 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн 57430143
кiрiстер
1 Ведомстволық кәсiпорындардың тауарлар мен 415795
қызметтердi пайдамен сатудан түсетiн iс
жүзiндегi пайдасы
01 Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар 415795
пайдасының үлесi
2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен 53956765
түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер
01 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 16500000
кiрiсiнен түсетiн түсiмдер
02 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi 1500000
бойынша алынған сыйақылар (мүдделер)
03 Республикалық меншiк болып табылатын 3738564
акциялардың пакеттерiне дивидендтердің
түсімі
04 Мемлекеттiң сыртқы заемдар қаражатын екiншi 6000
деңгейдегi банктер шоттарына орналастырудан
түсетін сыйақылар (мүдделер)
11 Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға 237911
берiлгенi үшiн ақы
26 Әскери полигондарды пайдаланғаны үшiн 4215750
жалгерлiк төлемнен түсетін түсiмдер
27 "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн 27594000
жалгерлiк төлемнен түсетiн түсiмдер
28 Республикалық меншiк мүлкiн жалға беруден 164540
түсетiн түсiмдер
3 Кәсiпкерлік қызмет пен меншіктен түсетiн басқа 3057583
да кiрiстер
01 Ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл 400621
және орман шаруашылықтарын жүргiзуге
байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн
алған кезде ауыл шаруашылығы және орман
шаруашылығы өндiрiстерiнiң зияндарын өтеуден
түсетiн түсiмдер
02 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 145000
мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтердi
сатудан түсетiн түсiмдер
05 Қалааралық және халықаралық байланыс 2511962
қызметін ұсынғанынан түсетін түсімдер
02 Әкiмшiлiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық 104302
емес және iлеспе саудадан алынатын кiрiстер
3 Коммерциялық емес және iлеспе саудадан 104302
алынатын басқа да төлемдер мен кiрiстер
03 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 28079
мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын
мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн
ақшаның түсiмi
05 Тәркiленген мүлiктi, белгiленген тәртiппен 76223
республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiкті,
оның iшiнде кедендiк бас тарту режимiнде
мемлекеттiң пайдасына ресiмделген тауарлар
мен көлiк құралдарын сатудан түсетiн түсiмдер
03 Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсетiн 1084014
түсiмдер
1 Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсетiн 1084014
түсiмдер
01 Орталық мемлекеттiк органдар, олардың аумақтық 895300
бөлiмшелерi салатын әкiмшiлiк айыппұлдар мен
санкциялар
04 Казино, тотализаторлар және ойын бизнесi 11193
қызметiнен алынған кiрiстердi қоспағанда, өзіне
қатысты лицензиялық тәртiп белгiленген
лицензиясыз қызметтен түскен кiрiстердi
алудан түсiм
06 Атқарушылық санкция 83420
07 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1275
белгiлеген экономикалық нормативтердi және
статистикалық есептiлiктi берудiң мерзiмдерiн
бұзғаны үшiн екiншi деңгейдегi банктерге
қолданылатын санкциялар сомаларының түсiмi
09 Салық заңнамасы нормаларын уақытылы 1743
орындамағаны үшiн банктерден немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардан өсiмпұл және айыппұл
сомаларының түсуi
12 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 90385
мемлекеттiк мекемелер салатын басқа да
санкциялар мен айыппұлдар
16 Монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесінде 698
алынған аударылған кірістер
04 Кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) 2036205
1 Заңды тұлғаларға республикалық бюджеттен 1178681
кредиттер бергенi үшiн алынған сыйақылар
(мүдделер)
01 Лизингтi ұйымдастыру бағдарламасының 374882
шеңберiнде берiлген кредиттер бойынша
сыйақылар (мүдделep)
03 АДБ бағдарламалық заемы шеңберiнде 207860
ауылшаруашылық секторы үшiн берiлген кредиттер
бойынша сыйақылар (мүдделер)
04 "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-на инвестициялық 1000
жобаларды қаржыландыру үшін берілген кредиттер
бойынша сыйақылар (мүдделер)
05 Мал шаруашылығы өнімдерін шығаруға және 96000
сатып алуға берілген кредиттер бойынша