"Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі N 721 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 3 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
Геннадий Николаевич Гамарник - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi;
Әсет Өрентайұлы Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
Haталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
Азамат Рысқұлұлы Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Евгений Евгеньевич Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |