Банк жүйесiнде де белгiлi бiр жұмыстар жүргiзу қажет болады. Мысалы, төлем құжаттарының нысанына және тиiсiнше, төлемдерге қызмет көрсету бойынша, оның iшiнде CH және БСН дәлдiгiн тексеру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерiстер енгiзу қажет болады.
Ақпараттандыру саласында жұмыстар жүргізу бөлiгiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен, ақпараттық iс-шараларды жүргiзу туралы мәселеге мұқият болған жөн. Жұртшылық мемлекеттiк органдардың қолданғалы отырған даярлық iс-әрекеттерi туралы кең құлақтандырылуы үшiн бар күштi салу қажет. Жүргiзiлетiн шешiмдердiң мерзiмдерi, жүйелiлiгi, СН-ге көшу мүмкiндiгiнше қалыпты өтетiндей және халыққа аса ыңғайсыздық туғызбайтындай етiп жоспарлануы тиiс.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттiк бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн қолдануға көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, есепке алудың жалпы мемлекеттiк жүйесi ретiнде Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мiндетiн iске асыруға септiгiн тигiзедi.
Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрi негiзiнде Ұлттық тiзiлiмдердi жасау мен жүргiзудiң; бiрыңғай нөмiрдi берудiң, тиiстi растаушы құжаттарды берудiң тәртiбi мен мерзiмдерiнiң; бiрыңғай нөмiрi көрсетiлмеген құжаттары бар жеке (заңды) тұлғаларға "қайта тiркеу" рәсiмiн жүргiзу мен тәртiбiн регламенттеу мен мерзiмдерiн белгiлеудiң тұжырымдамалық негiздерi; қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылданатын заң жобаларына сәйкес келтiру қажеттi құқықтық негiздемеге ие болады.
Мемлекет ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiгiн жетiлдiру мүмкiндiгiне ие болады. Мемлекеттiк атқарушы органдар Ұлттық тiзiлiмдердiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк бағасына жүгiне отырып, өздерiнiң ведомстволық есепке алу жүйесiн қалыптастыра алады және мемлекеттiк органдардың ақпараттық дерекқорын жандандыру және ақпараттың қосарланушылығын болдырмау мiндеттерiн шеше алады, бұл сайып келгенде, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды нығайтуға және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Бағдарламаны iске асыру азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгiнуi кезiнде мемлекеттiк рәсiмдердi жүргізудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен қарым-қатынастарын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл соның iшiнде кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiнiң дамуында да оң көрiнiс табады.
СН (БСН) байланыстырушы буын ретiнде пайдалану негiзiнде Ұлттық тiзiлiмдердiң бiрыңғай ақпараттық жүйелерiн жасау халықтан алынған ақпаратты бiрнеше мәрте енгiзудi болдырмау есебiнен ақпаратты енгiзуге мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек шығындарын төмендетуге ықпал ететiн болады, қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауы проблемасын шешедi.
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. N 13 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
P/c N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты | Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi | Бол- жалды шығы- стар |
1- 2. 3. 4. 5. 6- | |