Жергiлiктi атқарушы билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесе отырып өңiрлерде дамытудың өзектi проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерiн, "дөңгелек үстелдерiн" өткiзуi ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетiн болады.
Қайырымдылық, ерiктiлiк, мәдени-көпшiлiк және өзге де акцияларды бiрлесiп өткiзу ауыл халқы әлеуметтiк белсендiлiгi артуының маңызды шарты болып табылады.
Халықтың неғұрлым әлсiз жiктерiн қолдау, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарламаларды тиiмдi әрi сапалы iске асыру үшiн коммерциялық сектор әлеуетiн барынша толық пайдалану есебiнен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетiн ресурстар көлемiн елеулi түрде ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасау қажет.
Мемлекеттiк билiк органдары жеке тұлғалардың үкiметтiк емес ұйымдар қызметi шеңберiнде iске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар қызмет ретiнде өтеусiз еріктi қызметiн дамытуға жәрдем көрсетуi тиiс.
Ерiктiлер көмегi мынадай: халыққа қызмет көрсету түрiнде көмек көрсету, қоғамдық пайдалы еңбектi жүзеге асыру, қайырымдылық бағдарламаларын iске асыруға қатысу нысандарында жүзеге асырылады.
Өңiрлiк деңгейде азаматтық бастамаларды дамыту проблемаларының табысты шешiлуi әлеуметтiк саладағы үкiметтiк емес ұйымдардың тиiмдi қызметi үшiн жағдайлар жасайды.
5.3. Yкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi
органдар құру
Жергiлiктi атқарушы билiк органдары жанындағы консультативтiк-кеңесшi мәртебесi бар кеңестер мемлекеттiк билiк органдарының үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының оңтайлы жолдарын iздеуге жәрдемдесетiн болады. Кеңестер қызметiнiң негiзгi бағыттары: мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту, оларға жүйелiлiк сипат беру; бiрлескен iс-қимылды үйлестiру және оларды үйлестiрудiң нақты тетiктерiн әзiрлеу; әлеуметтiк және экономикалық мәселелерді шешуге, қазақстандық мемлекеттiлiктi нығайтуға, қоғамдық процестердi демократияландыруға бағытталған бiрлескен iс-шаралардың кешендi бағдарламасын әзiрлеу; өзара қолайлы шешiмдердi iздеудегi қоғамдық дамудың өзектi проблемаларын бiрлесiп талқылау.
Кеңестер қызметiне бiрыңғай талаптарды әзiрлеу мақсатында жергiлiктi билiк органдарына ұсынылатын атқарушы билiк органдары жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi консультативтiк кеңестер туралы үлгi ереже жасалатын болады.
Yкiметтiк емес ұйымдарды әлеуметтiк маңызы бар заң жобаларын және орталық мемлекеттiк органдар бағдарламалық құжаттарын әзiрлеу процесiне кеңiнен тарту Бағдарламаны iске асырудың маңызды тетiгi болып табылады.
5.4. Yкiметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету
Yкiметтiк емес ұйымдар қызметiн ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында үкiметтiк емес сектордың әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешудегi жұмыс тәжiрибесiн, оның мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңiнен жария етудi көздейдi. Yкiметтiк емес ұйымдар қызметi туралы мамандандырылған айдарлар, тақырыптық радио және теле хабарларын жасау, қоғамда үкiметтiк емес сектордың жағымды бейнесiн қалыптастыруға жәрдемдесуге тиiс.
Yкiметтiк емес ұйымдардың проблемаларын, әлеуметтiк маңызы бар қызметтiң даму практикасын, қоғамдық-азаматтық бастамаларды мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру көзделген.
Ақпараттық қолдау шеңберiнде, сондай-ақ әлеуметтiк жарнамалар рыногын дамыту үшiн құқықтық және қаржылық жағдайлар қалыптастыру қажет.
5.5. Yкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк және әдiстемелiк қолдау
Yкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк қолдау үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн түсiндiрудi; оларға үкiметтiк емес сектормен ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, отандық және шетелдiк грант берушiлердiң жұмыс әдiстерi, бағыттары туралы ақпарат, елдегi үкiметтiк емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпарат берудi көздейдi.
Қазақстан Республикасы үкiметтiк емес ұйымдарының деректер банкiн жасау көзделген.
Yкiметтiк емес секторды одан әрi жандандыру мен топтастыру мақсатында "Қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдар 21 ғасырда: қалыптасу проблемалары, даму перспективалары" халықаралық форумы өткiзiлетiн болады, онда Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының даму үрдiстерi мен перспективалары талқыланатын болады, кең көлемде тәжiрибе алмасу өтедi, мемлекеттiк органдармен тиiмдi ынтымақтастықтың жолдары қаралады.
Әдiстемелiк қолдау үкiметтiк емес сектор қызметiне жүргiзiлетiн мониторинг пен зерттеулер, оның мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы проблемаларын талдау негiзiнде үкiметтiк емес ұйымдар үшiн әдістемелік ұсынымдар, материалдар, анықтамалықтар, оқу құралдарын жасауды көздейдi.
5.6. Yкiметтiк емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау
Ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты практикалық сипаттағы iс-шаралар: "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялар, тренингтер, үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесiп өзге де акциялар өткiзу, сондай-ақ iс-шараларды өткiзуге техникалық көмек көрсету (үй-жайларды, техникалық құралдарды беру, мүдделi органдарды, адамдарды шақыру және т.б.) болып табылады.
Yкiметтiк емес секторды дамытудың өзектi проблемалары бойынша "дөңгелек үстелдердi" жүйелi негiзде ұйымдастыру мен өткiзу үкiметтiк емес ұйымдардың даму процесінiң, олардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын көтермелеу мен кедергiлерiн анықтауға жәрдемдесетiн болады.
"YЕҰ ақпарат-орталығы" үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсету республикалық орталығы мен орталықтың өңiрлiк өкiлдiгiн байланыстыратын бiрыңғай жүйе құру, бағдарламалық жабдықтар орнату жұмысты тиянақты үйлестiруге, мемлекеттiк органдар мен үкіметтiк емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту жөнiндегi қызметтi жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа кеңiнен қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, үкiметтiк емес ұйымдарды экологиялық проблемаларды шешуге тарту, қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.
5.7. Yкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша
мемлекеттiк қызметшiлердi дайындау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
Осы бағыт үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жүйелерiн жетiлдiрудiң әртүрлi мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер үшiн жүйелi семинарлар, оқыту тренингтерiн ұйымдастыруды және өткiзудi көздейдi.
Yкiметтiк емес секторды дамыту саласындағы тәжiрибе, әдiстемелiк және теориялық әзiрленiмдер Қазақстанда әзiрше жеткiлiксiз болғандықтан, бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жұмыс көбiнесе инновациялық сипатта болады. Осыған байланысты Бағдарлама бойынша iс-шараларды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiн даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға едәуiр көңiл бөлу қажет.
Аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiктi арттыру семинарларын өткiзiп, бөлiмшелер мен әртүрлi деңгейлер арасында тәжiрибе алмасу жүйесiн жолға қойып, қызметкерлердiң халықаралық және ұлттық оқыту iс-шараларына қатысуына жәрдемдескен жөн.
Халықаралық ұйымдармен әрiптестiк қатынастар негiзiндегi ынтымақтастық демократиялық реформалардың алға басуының, азаматтық қоғам құрудың маңызды көрсеткiшi болып табылады. Әлеуметтiк маңызы бар мiндеттердi шешуге бағытталған бiрлескен бағдарламаларды орындау елдiң үкiметтiк емес секторын дамытуға оң ықпал етедi. Халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржылық және техникалық қолдауы үкiметтiк емес ұйымдарды нығайту мен дамытуға, мемлекеттiк органдармен ынтымақтастық жасауға жәрдемдесетiн болады.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. N 146 қаулысымен 5.8-бөлімше өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.8. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
Бағдарламаны iске асыру үшiн белгiленген iс-шаралардың кезең-кезеңiмен орындалуын көздейтiн, Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) әзiрленедi.
Жоспар Бағдарламаны орындау жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру процестерiн үйлестiру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктелген.
Бағдарламаны iске асыру тетiгi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың бiрлескен iс-қимылын, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықты көздейдi.
Бағдарламаның орындалуын үйлестiру мен бақылау мақсатында жүргiзiлетiн iс-шаралар тиiмдiлiгiн бақылаудың айқын көрсеткiштерiн (индикаторларын) қамтитын оның мониторингi мен бағалау жүйесi жасалатын болады. 2003 жылдың 4 тоқсанында 300 сараптамашы (мемлекеттiк органдар, ғылыми, үкiметтiк емес ұйымдар) қатысатын Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк емес сектордың даму проблемалары жөнiнде сараптамалық сұрау салуды өткiзу жоспарланып отыр.
Бағдарлама мониторингiн талдау нәтижелерi жекелеген бағыттарға түзету енгiзу, Бағдарлама мен Жоспарға тиiстi өзгерiстер енгiзу, сондай-ақ кейiнгi бағдарламаларды әзiрлеу үшiн негiз болады.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. N 146 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi
Бағдарламаны iске асыру мынадай қаржыландыру көздерiнен жүзеге асырылатын болады:
1) республикалық бюджеттен;
2) жергiлiктi бюджеттерден;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың өзге де көздерiнен.
Бағдарламаны қаржыландыру бiлiм беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, демографиялық саясат, гендерлiк саясат, әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек, мәдениет, ақпарат, cпopт, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар салаларындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралардың бiр бөлiгiн орындауға республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қорлардың техникалық және гранттық көмегiн, барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың өз қаражаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен тыйым салынбаған өзге де көздердi тарту көзделедi.
Бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi 37 628 000 теңге көлемінде көзделедi, оның ішінде: 2003 жылға - 14000 000 теңге, 2004 жылға - 11 146 000 теңге, 2005 жылға - 12 482 000 теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген барлық шараларды қабылдау нәтижесiнде мемлекеттiк органдар мен қоғамдық сектор арасында әрiптестiк қатынастардың тиiмдi жүйесi, сондай-ақ республика азаматтық қоғамының тұрақты дамуы қамтамасыз етiлетiн болады.
Осы Бағдарламаның iске асырылуы елдiң үкiметтiк емес секторына нақты ұйымдастырушылық-техникалық, әдiстемелiк, консультативтiк, ақпараттық қолдаудан көрiнетiн болады, қайырымдылық қызмет үшiн жағдайлар жасайды, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыра түседi.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлетiн үкiметтiк емес сектор дамуындағы оң өзгерiстердi сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер (индикаторлар): үкiметтiк емес ұйымдардың сандық және сапалық құрамы, кадрлық әлеуетi, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстары, олардың қоғамдық рейтингi, өңірлерде үкiметтiк емес сектордың өсуi, үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға қатысуы, мемлекеттiк құрылымдармен әрiптестiк қатынастар.
Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген шараларды қабылдау нәтижесiнде:
Қазақстанның үкiметтiк емес секторын одан әрi дамыту үшiн құқықтық, әдiснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасалатын;
халыққа көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен көлемiн арттыруға жәрдемдесетiн мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес сектор арасындағы әрiптестiк қатынастардың тиiмдi жүйесi жасалатын және енгiзiлетiн;
өңiрлерде азаматтық бастамалардың өсуiне жағдайлар жасалатын;
халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөнiндегi әдiснамалық база нығайтылатын болады.
Көрсетiлгендер, тұтастай алғанда азаматтық қоғамды дамыту мен нығайтуға, елдiң әлеуметтiк және гуманитарлық әлеуетiн арттыруға жәрдемдесетiн болады.
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. N 146 (бұр. ред. қара); 20.03.04 ж. N 364 қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
┌────┬─────────────┬────────┬─────────┬────────┬────────┬───────────┐
│ Р/с│ Іс-шара │ Аяқтау │Орындалу-│Орындалу│Болжамды│ Қаржылан- │
│ N │ │ нысаны │ына жау- │ (іске │шығыстар│ ландыру │
│ │ │ │аптылар │ асыру)│ │ көздері │
│ │ │ │ │ мерзімі│ │ │
├────┼─────────────┼────────┼─────────┼────────┼────────┼───────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├────┴─────────────┴────────┴─────────┴────────┴────────┴───────────┤
│ 1. Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар │
│ │
│ 1 Қазақстан Қазақстан МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды-│
│ Республика- Республи- 2 тоқсан руды қажет │
│ сының "Мем- касы За- етпейді │
│ лекеттiк ңының │
│ әлеуметтiк жобасы │
│ тапсырыс │
│ туралы" │
│ заңының │
│ жобасын │
│ әзiрлеу │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2 Yкiметтiк Бұйрық МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды-│
│ емес ұйым- 2 тоқсан руды қажет │
│ дардың әлеу- етпейді │
│ меттiк ма- │
│ ңызды жоба- │
│ ларына тен- │
│ дер (кон- │
│ курс) өткiзу │
│ ережесiн │
│ әзiрлеу │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 3 Орталық және Бұйрық МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды-│
│ жергiлiктi ҮЕҰ 2 тоқсан руды қажет │
│ атқарушы (келісім етпейді │
│ органдар бойынша) │
│ жанындағы │
│ үкіметтік │
│ емес ұйым. │
│ дармен өзара │
│ iс-қимыл │
│ жөнiндегi │
│ консульта- │
│ тивтiк ке- │
│ ңестер тура- │
│ лы үлгiлiк │
│ eреже │
│ әзiрлеу │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 4 Yкiметтiк Орталық Ақпарат- 2003 ж. 10700000 Республи- │
│ емес ұйым- атқарушы минi, 2 тоқсан теңге калық │
│ дардың әлеу- органдар- ЕХҚМ, ДСМ, (Ақпара- бюджет │
│ меттiк ма- дың бұй- ҚОҚМ, тминi) │
│ ңызды жоба- рықтары ТурСА, │
│ ларын iрiк- КДА, 2004 ж. 9700000 │
│ теу жөнiнде ОӘІҰК 2 тоқсан теңге │
│ тендерлер (келісім (Ақпара- │
│ (конкурстар) бойынша) тминi) │
│ ұйымдастыру 2005 ж. 9700000 │
│ және өткізу 2 тоқсан теңге │
│ (Ақпара- │
│ тминi) │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 5 Мемлекеттiк Қазақстан МАҚКМ 2003 ж. - Қаржыланды-│
│ емес ұйымдар Республи- 4 тоқсан руды қажет │
│ қызметiн касының етпейді │
│ қамтамасыз Үкіметіне │
│ ететiн құ- ақпарат │
│ қықтық база- │
│ ны жетiлдiру │
│ жөнiнде │
│ ұсыныстар │
│ енгiзу │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 6 Үкiметтiк Қазақстан МАҚКМ │
│ емес ұйым- Республи- │
│ дардың қыз- касының │
│ метiне мони- Үкіметіне │
│ торинг өткi- ақпарат │
│ зу: │
│ Yкiметтiк 2003 ж. - Қаржыланды-│
│ емес сектор- 4 тоқсан руды қажет │
│ ды дамыту етпейді │
│ мәселелерi │
│ бойынша са- │
│ раптамалық │
│ сауалдама │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2. Аймақтарда азаматтық бастаманы дамыту │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 7 Yкiметтiк Қазақстан Ақпарат- Желтоқсан - Қаржыланды│
│ емес ұйым- Республи- минi, жыл сайын руды қажет│
│ дармен бiр- касының облыстардың, етпейді │
│ лесiп өңiр- Үкіметіне Астана │
│ лiк әлеумет- ақпарат және │
│ тiк маңызды Астана │
│ проблемалар қалала- │
│ бойынша рының │
│ семинарлар, әкімдері, │
│ "дөңгелек ҮЕҰ │
│ үстелдер" (келісім │
│ өткiзу бойынша) │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 8 Yкiметтiк Қазақстан Ақпарат- Желтоқсан - Қаржыланды-│
│ емес ұйым- Республи- минi, жыл сайын руды қажет │
│ дармен бiр- касының облыстардың, етпейді │
│ лесiп қайы- Үкіметіне Астана │
│ рымдылық, ақпарат және │
│ ерікті, мә- Астана │
│ дени-көпшілік қалала- │
│ және өзге рының │
│ де акциялар әкімдері, │
│ ұйымдастыру ҮЕҰ │
│ және өткізу (келісім │
│ бойынша) │
├─────────────────┬─────────────────────────────────────────────────┤
│ 3. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл │
│ жөніндегі органдар құру │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 9 Жергiлiктi Әкімдердің Облыстар- 2003 ж. - Қаржыланды-│
│ атқарушы шешімдері дың, Ас- 2 тоқсан руды қажет │
│ органдар тана, Ал- етпейді │
│ жанынан маты қа- │
│ үкiметтiк лаларының │
│ емес ұйым- әкімдері │
│ дармен ын- │
│ тымақтастық │
│ және өзара │
│ iс-қимыл │
│ жөнiндегi │
│ консульта- │
│ тивтiк ке- │
│ ңестер құру │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 10 Yкiметтiк Қазақстан Ақпарат- 4 тоқсан, - Қаржыланды-│
│ емес ұйым- Республи- мині, жыл сайын руды қажет │
│ дарды әлеу- касының орталық етпейді │
│ меттiк ма- Үкіметіне атқарушы │
│ ңызды заң ақпарат органдар │
│ жобаларын │
│ және бағдар- │
│ ламалар жо- │
│ баларын │
│ әзiрлеу про- │
│ цесiне тар- │
│ туды ұйым- │
│ дастыру │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 4. Yкіметтiк емес ұйымдар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 11 Әлеуметтiк Қазақстан Ақпарат- Маусым, - Қаржыланды-│
│ маңызды про- Республи- мині желтоқсан, руды қажет │
│ блемаларды касының жыл сайын етпейді │
│ шешудегi Үкіметіне │
│ үкіметтік ақпарат │
│ емес ұйым- │
│ дардың жұмыс │
│ тәжiрибесiн │
│ бұқаралық │
│ ақпарат құ- │
│ ралдарында │
│ кеңiнен │
│ жариялау │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 12 Әлеуметтiк Қазақстан Ақпарат- 2005 ж. - Қаржыланды-│
│ жарнама Республи- мині 1 тоқсан руды қажет │
│ рыногын да- касының етпейді │
│ мыту үшiн Үкіметіне │
│ құқықтық ұсыныс │
│ және қаржы- │
│ лық жағдай- │
│ лар қалып- │
│ тастыру │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤