ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. N 154 бұйрығымен 42-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
42. Сотталғандар бұдан басқа өздерiнiң қалаулары бойынша өз қаражаттарына түзеу мекемесiнiң қоныс аударған ауданына орналасқан (ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарды қоспағанда) коммуналды-тұрмыстық қызмет кәсiпорындарының қызметiн пайдалана алады.
43. Мұндай қызметтерге: азаматтық үлгiдегi киiмдер және аяқ киiмдер тiгу, оларды жөндеу, киiм тазалау, сотталғандарда бар тұрмыстық техникаларды жөндеу, фото-бейне түсiру (әкiмшiлiктiң бақылауымен жүргiзiледi), шаштараз қызметi, сот құжаттарын, сотталғандардың жеке iстерiндегi өзге де құжаттардың көшiрмесiн жасау, нотариальдық қызмет, аудармашы қызметi жатады. Сотталғандар сырттай оқуға ақша төлей алады.
44. Түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен осы 43 параграфта қарастырылмаған басқа да қызметтердi пайдалануға мүмкiндiк берiлуi мүмкiн.
45. Өз қаражаттарынан төленетін қосымша қызметтері сотталғандардың ТМ бастығының атына жазылған арызы бойынша беріледі.
46. Қызмет көрсету үшiн әкiмшiлiк тиiстi маманды (қызметкердi) колонияға шақырады.
47. Қосымша қызмет көрсету сотталғанның жеке есепшотынан оларға қызмет көрсететiн тиiстi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың немесе маманның (қызметкердiң) атына сотталғанның өтiнiшiнде көрсетiлген сомада поштамен (телеграфпен) ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.
11. Посылкаларды, сәлемдемелердi, бандерольдарды қабылдау және
сотталғандардың оларды алу тәртiбi
48. Сотталғандар посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi түзеу мекемесiне бiрден келген уақытта ала бередi. Оған құқығы жоқ адамдардың, сондай-ақ босатылған немесе өлген адамның атына посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер келiп түскен кезде, олар керi қайтару себебi көрсетiлiп, төлем төлеген жөнелтушiге жiберiледi. Басқа түзеу мекемелерiне ауыстырылған сотталғандардың атына келген посылкалар және сәлемдемелер түзеу мекемелерiнiң есебiнен олардың жаңа мекен-жайына жiберiледi.
49. Заңмен қарастырылғандармен бiрге кезектегiлердiң есебiне мыналар:
1) сотталғанның босатылғанға дейiн бiр ай бұрын алған, қоймада сақтаулы жатқан және босатылған күнi берiлетiн, киiмдерi мен аяқ киiмдерi бар посылка немесе сәлемдеме;
2) сотталғанның тапсырыс бойынша кiтап сауда жүйесiнен алдырған бандерольдерi кiрмейдi.
50. Посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi ашуды және оның iшiндегiлердi ашып қарауды адресаттардың қатысуымен түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi жүргiзедi. Табылған ақшалар, бағалы заттар, рұқсат етiлмеген салымдар алынып қойылады және олар бойынша осы Ереженiң 61 параграфына сәйкес шешiм қабылданады. Сәлемдемелерден табылған рұқсат етiлмеген салымдар керi қайтару себебi көрсетiлiп, оларды жiберген адамдарға қайтарылады.
51. Посылкалардан, сәлемдемелерден және бандерольдерден сотталғандардың қылмыстық мақсатқа пайдаланулары мүмкiн бұйымдар мен заттардың табылуы туралы фактiлер бойынша белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi.
52. Посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер салымдарының тiзбесi мен салмағы арнаулы журналға тiркеледi, бұдан соң сотталғанға қолы қойылып берiледi.
53. Сотталғандардың түзеу мекемесiне келген туысқандары немесе өзге адамдарға әкiмшiлiк тиiстi посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердiң орнына олардың сотталғандарға беру мақсатымен түзеу мекемесiнiң дүкенi арқылы тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталған адамға беру үшiн тамақ өнiмдерi және бiрiншi кезекте қажет заттардың саны және салмағы тiзбеленген екi данада өтiнiш бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алған соң өтiнiштiң бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.
ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. N 154 бұйрығымен 54-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
54. Айыптылық және тәртiптiк изоляторларында ұсталушы сотталғандарға посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер жазалау шараларын өтеген соң тапсырылады, ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға ТМ әкімшілігі камерада тапсырады. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердегi салымдардың түгелдiгiн қамтамасыз етедi, алайда бұл салымдардың ұзақ уақыт сақтаудың салдарынан табиғи бұзылуына жауап бермейдi.
55. Соңғы және оның алдында алынған посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердiң аралығы сотталғандарға жылына берiлуге тиiс посылкалардың жалпы санына 12 айды бөлгеннен жеке тең бөлiнген мерзiм сақталады.
56. Сотталғандар өз өтiнiштерi бойынша туысқандарына және өзге де адамдарға өз меншiгiндегi қаражат есебiнен, түзеу мекемесiнiң дүкенiнен сатып алынған тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажет заттарды, сондай-ақ өзiнiң жеке пайдалануындағы, қоймада сақтаудағы заттар мен бұйымдарды посылкамен және сәлемдемемен, бандерольмен жiбере алады. Мұндай жiберiлiмдердi әкiмшiлiк өкiлi сотталғанды қатыстыра отырып тексеруден өткiзедi.
12. Сотталғандардан түзеу мекемелерiнде пайдалануға тыйым
салынған заттарды алып қою тәртiбi
57. Сотталғандардан түзеу мекемелерiнде пайдалануға тыйым салынған заттарды алып қою құқығын мекеме әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi иеленедi.
58. Тыйым салынған заттар сотталғандардан табылған сәтте алынып қойылады, бұл туралы рапорт немесе акт жазылады және тексеру өткiзiледi.
59. Сотталғандардан алынған ақша олардың жеке шоттарына аударылады. Бағалы қағаздар және өзге де құндылықтар ТМ-нiң бухгалтериясында немесе қоймасында сақталады, оның иесiне квитанция берiледi, мерзімі біткеннен соң, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар берілген квитанция бойынша өздеріне қайтарылады.
60. Алынған ақшалар мен бағалы заттарды, оларды алған лауазымды адамның актiсi немесе рапорты бойынша мекеме бастығының кезекшi көмекшiсi бiр тәулiк мерзiмнен (демалыс және мерекелiк күндердi қоспағандағы) кешiктiрмей қаржы бөлiмiне немесе бухгалтерияға тапсырады. Алынып қойылған заттар журналға тiркеледi.
61. Сотталғандардан алынып қойылған бағалы заттарға жатпайтын, тыйым салынған заттар сақтау үшiн қоймаға тапсырылады не болмаса соттың шешiмiмен жойылады, онымен сотталған адам қолхат арқылы таныстырылады. Мұндай шешiмдер белгiленбеген тәртiппен алынған тамақ өнiмдерiне қатысты да шығарылады.
62. Сотталғандардың белгiленгеннен тыс ассортименттегi және мөлшердегi заттары алынып қойылады және сақтау үшiн қоймаға тапсырылады. Егер қоймадағы сақтаулы заттар сотталғандарға қажет болса және ассортимент пен мөлшерден артық болмаса, олар иелерiне берiлуi мүмкiн.
63. Түзеу мекемесiнiң аумағынан табылған ақшалардың, сондай-ақ комиссиялық сауда дүкенi арқылы өзге де бағалы құндылықтар мен заттарды сатудан соң алынған ақшалардың иелерiн анықтау мүмкiн болмаса, ол түзеу мекемесi бастығының қаулысы бойынша мекеме есебiне аударылады.
6-Тарау. Сотталғандардың хат-хабар алмасу, ақша аударылымдарын
жөнелту, сотталғандардың туысқандарымен және өзге
адамдармен кездесу, телефонмен сөйлесу, қорғаушымен
кездесу тәртібі
13. Сотталғандардың хат-хабар алмасу, ақша аударылымдарын алу
және жөнелту тәртiбi
64. Сотталғандардың өз қаржысы есебiнен шектеусiз хат және жеделхаттар алуы және жiберуi тек түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi арқылы жүргiзiледi. Мұндай мақсатпен колонияның әрбiр оқшауландырылған учаскесiнде, ал тәрбие колониясында әкiмшiлiк белгiлеген орында пошта жәшiктерi iлiнiп, лауазымды адамдардың өкiлдерi олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын алып, жiберiп отырады. Түрмелерде, колониялардың камералық үлгiдегi үй-жайларында сотталғандар хаттарын жiберу үшiн әкiмшiлiк өкiлдерiне бередi.
65. Хат пошта жәшiктерiне салынады және әкiмшiлiк өкiлiне желiмделмеген күйiнде берiледi.
66. Түзеу мекемесiнен кетiп қалған сотталғандардың атына келген хат 3 тәулiктен кешiктiрiлмей оның жаңа тұрғылықты жерiне жiберiледi.
67. Жеделхаттар жөнелту сотталған адамның түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiнен алынатын белгiленген нысандағы бланкiлердi толтыруы жолымен жүзеге асырылады. Егер қалыптасқан жағдай (түзеу мекемесi байланыс бөлiмшесiнен қашық жағдайда көлiк сынып қалса немесе жоқ болса, демалыс немесе мереке күндерi және басқа) кедергi болмаса жеделхаттар келесi күннен кешiктiрiлмей жiберiледi. Жеделхаттарды жiберу үшiн ақша төленгенi туралы квитанция сотталған адамның жеке iсiне ол оған қол қойған соң тiгiледi.
68. Сотталғандардың жазбалары цензураға жатады. Сотталғандардың өзге шарттылықтарды немесе жаргондарды қолданып, құпия жазулармен жазылған, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және жекелеген азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарына зиян келтiруге бағытталған арсыз сипаттағы немесе мемлекеттiк, қызметтiк құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар хаттары және олардың атына келген хаттар адресатқа жiберiлмейдi және сотталғанға берiлмейдi. Бұл туралы сотталғанға қол қойылып хабарланады, бұдан соң мұндай корреспонденциялар жойылады. Осы тәртiп ұқсас мазмұндағы жеделхаттарға да қолданылады.
69. Сотталғандарға келiп түскен ақша аударылымдары олардың жеке шоттарына аударылады. Жақын туыстарына және өзге де адамдарға ақша жiберу үшiн сотталған өзiнiң жеке есеп шотындағы қаржы есебiнен нақты соманы аудару туралы белгiленген нысандағы бланкiнi және өтiнiштi толтырады. Толтырылған бланкiлер мен арыздарды қабылдауды оған өкiлеттi лауазымды адам жүзеге асырады. Ақша аударылымының жөнелтiлгенi туралы квитанцияға сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке iсiне тiгiледi.
70. Өзге адамға ақша аударылымын жiбергенде сотталған, сонымен қатар өз өтiнiшiнде ақша аударғысы келетiн себебiн хабарлайды. Аталған өтiнiш бойынша әкiмшілiк шешiмi әдеттегiдей өтiнiш берiлгеннен бастап 5 күннен кешiктiрiлмей қабылданады. қабылданған шешiм туралы сотталғанға хабарланады.
14. Сотталғандардың өтініштері
71. Сотталғандар өтініштерін тек өз атынан ғана беруге құқылы, жөнелту жөнiндегi шығындарды төлеу сотталғанның жеке есеп шотындағы қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
72. Жазбаша өтініштер мекен-жай бойынша түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi арқылы жөнелтiледi. Олар түрменiң арнайы есепке алу бөлiмiнде немесе колония хатшысында (iс жүргiзушiде) тiркеледi және үш тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жөнелтiледi.
73. Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жiберiлетiн өтiнiштер тексеруге және цензураға жатпайды және бiр тәулiк iшiнде жөнелтiледi.
74. Сәлемдемелер, посылкалар алу, кездесулерге рұқсат алу, ақша жұмсау, еңбекақы аудару, еңбектi пайдалану, медициналық көмек көрсету, заттай мүлiктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергiлiктi жерде түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi шеше алатын осындай сипаттағы өзге де мәселелер жөнiндегi өтініштер оларды органдардың немесе жiберiлген адамның қарауын күтпей-ақ рұқсат берiледi.
75. Мемлекеттiк органдарға және қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға жiберiлетiн өтiнiштерді түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi баяндалған жәйт жөнiнде өзiнiң пiкiрiн қысқаша көрсеткен iлеспе хатпен бiрге жiбередi. Сот органдарына және прокуратура органдарына жаза шараларын кемiту туралы алғаш рет жазылған өтініштерге, сондай-ақ басқа түзеу мекемелерiне ауыстыру туралы өтініштерге анықтама-қолдаухат тiгiледi. Медициналық көмек көрсетуіне байланысты арыздарға денсаулық күйі туралы анықтама қосылады.
76. Өтініштерге қарау нәтижесi бойынша келген жауаптар келiсiмен, бiрақ үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей қолхат арқылы сотталғанға хабарланады және олардың жеке iсiне тiгiледi.
77. Жазбаша түрде баяндалған өтініштерге Ереженің 67 пунктінің күшi толық түрде таралады.
15. Сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi
78. ҚР ҚАК-нiң 84-бабында белгiленген тәртiппен, сотталғандарға туысқандарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесу түзеу мекемесi өкiлiнiң қатысуымен берiледi. Жұбайымен, ата-аналарымен, асырап алушылармен, асырап алған балаларымен, бiрге туған ағаларымен және әпкелерiмен, аталарымен, әжелерiмен, немерелерiмен, ал ерекше жағдайларда түзеу мекемесi бастығының - өзге адамдармен бiрге тұру құқығымен ұзақ мерзiмдi кездесу берiледi.
79. Кездесуге рұқсатты сотталғанның не болмаса онымен кездесуге келген адамның өтiнiшi бойынша түзеу мекемесiнiң бастығы немесе оның орнындағы адам бередi. Кездесу беруден бас тартылған кезде сотталғанмен кездесуге өтiнiш бiлдiрушiнiң өтiнiшiне бас тартудың себебi туралы белгi қойылады. Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың туыстық байланыстарын куәландыратын құжаттар болып табылатындар: паспорт, әскери билет, жеке бас куәлiгi, туу туралы куәлiк, неке туралы куәлiк, қамқоршы органдардың құжаттары.
80. Кездесуге келген адамды түзеу мекемесiнiң бастығы немесе оның орынбасары, не болмаса отряд бастығы немесе түзеу мекемесi бастығының кезекшi көмекшiсi қабылдайды. Оларға сотталғанның жүрiс-тұрысы туралы хабарланады және кездесу кезiндегi мiнез-құлқы жөнiнде, жасырын сәлемдемелер беруге болмайтындығы туралы және егер белгiленген тәртiптiң бұзылғандығы байқалса, кездесудiң дереу тоқтатылатындығы туралы ескерту жасалады.
81. Сотталғандар әдетте, ұзақ мерзiмдi кездесулер кезеңiнде жұмыстан алдын ала немесе соңынан өтейтiн болып босатылады.
82. Сотталғанға бiрiншi кездесу күзет қамауында ұсталған жерде бұрын кездесу алғанына қарамастан, түзеу мекемесiне келiсiмен берiлуi мүмкiн. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кездесу құқығы болған кезде қайсысын бiрiншi алуды сотталған анықтайды. Одан кейiнгi кездесу он екi айды сотталғанға бiр жылда тиесiлi аталған түрдегi кездесу санына бөлгендегi бөлiкке тең кезеңнiң өтуi бойынша берiледi.
83. Түзеу мекемелерiнiң қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн эпидемияға қарсы шаралар өткiзу, табиғи зiлзалар және басқа да төтенше жағдайлар кезiнде кездесулер уақытша тоқтатылуы мүмкiн. Түзеу мекемелерiнiң қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн карантинге, табиғи зiлзалаға немесе төтенше оқиғаларға байланысты сотталғандарға кездесу үшiн берiлмеген уақыт мерзiмге қоса есептеледi, ол мерзiм өткеннен кейiн сотталғанға кездесу берiлуi мүмкiн.
84. Әкiмшiлiк кездесуге келген адамның талабы бойынша кездесудiң мерзiмiн қысқартуы мүмкiн. Кездесулердi бiрiктiруге немесе бiр кездесудi бiрнешеге бөлуге жол берiлмейдi.
85. Сотталғандар кездесуге ұқыпты түрмен келуi қажет. Ұзақ мерзiмдi кездесулер кезеңiнде олар туысқандары әкелген киiмдердi, iш киiмдердi және аяқ киiмдердi пайдалана алады. Сотталғандар кездесуге дейiн және одан кейiн толық тiнтуден өтедi.
ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. N 154 бұйрығымен 86-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
86. Сотталғанға бiр мезгiлде жанында сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-iнiлерi, әпке-қарындастары, балалары, немерелерi бола алатын екi ересек адаммен ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат етiледi. ӨБА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулерге олардың кәдімгі және жеңілдетілген жағдайларда жазаларын өтеу кезінде рұқсат беріледі.
87. Сотталғанмен кездесуге келген адам, оған түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң, ақшаларын, сондай-ақ түзеу мекемесiнде пайдалануға рұқсат етiлмейтiн заттар мен бағалы заттарын қолхат бойынша кездесу өткiзу жөнiндегi бақылаушыға сақтауға тапсырады.
88. Кездесуге келген адам сотталғанға түзеу мекемелерiнде сақтауға рұқсат етiлмеген құралдарды, бұйымдарды және заттарды беруге ниетi бар деп ойлауға жеткiлiктi негiз табылса, түзеу мекемесiнiң бастығы мұндай адамға ол өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi қарауға келiскен кезде ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Қараудан жасырған рұқсат етiлмеген құралдар, бұйымдар және заттар табылған жағдайда ол тұлға кездесуге кіргізілмейді.
89. Егер кездесуге келген адам заттары мен киiмдерiн қараудан бас тартса оған сотталғанмен ұзақ уақыт кездесуге рұқсат етiлмейдi, бiрақ та қысқа мерзiмдi кездесу берiлуi мүмкiн.
90. Келушi кездесу өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған кезде ол дереу тоқтатылады.
91. Сотталғанмен кездесуге келген адамның қысқа мерзiмдi кездесу өткiзiлетiн бөлмеге қандайда бiр тамақ өнiмдерiн немесе заттарды алып кіруiне жол берiлмейдi, ал тәрбие колонияларында - әкiмшiлiктiң қарауы бойынша. Ұзақ мерзiмдi кездесу кезiнде тамақ өнiмдерiн (арақ-шарап өнiмдерi мен сырадан басқа) алып кiруге рұқсат етiледi.
92. Түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат етiлген соң сотталғанға айдауылсыз жүрiп-тұру құқығын пайдаланатын адамдарға арналған рұқсат қағазына ұқсас, ал тәрбие колониясында сотталғанға көтермелеу ретiнде колониядан тысқары шығу құқығын алған сотталғанға берiлетiн рұқсат қағазына ұқсас рұқсат қағазы берiледi. Кездесудi өткiзу орны мен тәртiбiн сотталғанның мiнез-құлқын қадағалауды ескере отырып, түзеу мекемесiнiң бастығы белгiлейдi. Сотталғанға түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс кездесу орнын өз еркiмен тастап кетуге тыйым салынады.
93. Сотталғанмен кездесуге келушiлердiң ұзақ мерзiмдi кездесу бөлмесiнде тұруын өздерi немесе сотталған адамдардың жеке қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған тариф және ставка бойынша төлейдi.
94. Кездесу түрлерiн және кездесулердi телефонмен сөйлесулерге алмастыру сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. N 154 бұйрығымен 95-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
95. Сотталғандардың заңгерлiк көмек алулары үшiн олардың өтiнiштерi бойынша қорғаушылармен немесе заңгерлiк көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдармен кездесу берiледi. Сотталғанның тiлегi бойынша кездесу оңаша берiлуi мүмкiн, ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмелерде беріледі.
96. Мұндай кездесулер заңмен белгiленген кездесулер санына есептелмейдi, олардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды, алайда кездесу сотталғандардың жұмыстан тыс уақытында және тек таңертең тұрғаннан кешкi жатарға дейiнгi сағаттарда өткiзiледi.
16. Сотталғандарға телефонмен сөйлесуге рұқсат беру тәртiбi
97. Телефон сөйлесулерiне рұқсат сотталғандардың жазбаша өтiнiшi бойынша берiледi, онда мекен-жайы, абоненттiң телефон номерi және сөйлесу ұзақтығы көрсетiледi, бiрақ ол 15 минуттан аспауы керек. Қалааралық телефон сөйлесулерiнiң төлемi сотталғандардың жеке есеп шотынан қолданылып жүрген тариф бойынша жүзеге асырылады. Телефон сөйлесулерi әкiмшiлiктiң бақылауымен өткiзiледi.
98. Түзеу мекемесiне келiсiммен, сондай-ақ ерекше жеке жағдайлар кезiнде сотталғанның өтiнiшi бойынша оған телефонмен қосымша сөйлесуге рұқсат берiлуi мүмкiн.
99. Түзеу мекемелерiнде ұсталушы сотталғандар арасында телефон сөйлесулерiне тыйым салынады.
100. Қатаң жағдайда ұсталушы сотталғандарға, сондай-ақ айыптылық, тәртiптiк изоляторларында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда айып шараларын өтеушiлерге телефон сөйлесулерiне тек ерекше жеке жағдайларда ғана рұқсат етiлуi мүмкiн.
ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. N 154 бұйрығымен 100-1-тармақпен толықтырылды
100-1. ӨБА-ға және ӨЖ-ға сотталғандарға телефонмен сөйлесуге рұқсатты ТМ бастығы ерекше жеке жағдайларда береді.
7-Тарау. Сотталғандарға түзеу мекемелерінің шегінен тыс шығуға
рұқсат беру тәртібі. Түзеу мекемесінің шегінен тыс жерде айдауылсыз
немесе еріп жүрусіз жүріп-тұру құқығын пайдаланушы сотталғандардың,
жеңіл жағдайда ұсталатын сотталғандардың жүріс-тұрыс ережелері
17. Сотталғандарға түзеу мекемелерiнiң шегiнен тыс шығуға
рұқсат беру тәртiбi
101. Түзеу мекемелерiнiң шегiнен тыс шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтiнiшi негiзiнде мекеме бастығы бередi.
102. Қысқа мерзiмдi шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке ерекше жеке бас жағдайын растайтын құжаттар денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және берiлген жерiндегi iшкi iстер органдары куәландырылған басқа да ресми құжаттар, сотталғанның босатылған соң еңбекке және тұрмысқа орналастыру мәселелерiн алдын ала шешу үшiн берген өтiнiшi және еңбекке және тұрмысқа орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi қолдаухаты қоса берiледi.
103. Жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс кезiндегi ұзақ мерзiмдi шығулар сотталғанның өтiнiшi бойынша графикке сәйкес берiледi. Жұмыспен қамтамасыз етiлмеген, бiрақ оның себебi оларға байланысты емес сотталғандардың шығу кезегi бөлек график бойынша белгiленедi. Шығуға рұқсат түзеу мекемесi бастығының бұйрығымен ресiмделедi.
104. Ұзақ мерзiмге немесе қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғандарға бекiтiлген нысандағы куәлiк берiледi, шығу тәртiбi түсiндiрiледi, оған бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарудың қылмыстық жауапкершiлiгi туралы ескертiледi, ол туралы қолхат бередi (7, 8-қосымша). Шығуға байланысты шығындарды төлеуге ақшаны сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша түзеу мекемесiнiң бухгалтериясы бередi.
105. Жолақы билетiн сотталған өз бетiнше сатып алады. Қажет болған жағдайда мекеме әкiмшiлiгi оған көмек көрсетедi.
106. Шығу кезеңiнде сотталғанның өзiне тиесiлi азаматтық киiмдерi мен аяқ киiмдерiн алуына құқығы бар.
107. Сотталған белгiленген жерге келген соң бiр тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне, ал ауылдық жерлерде - полицияның учаскелiк инспекторына келуге және куәлiгiне келгенi туралы белгi жасатуға, келу мақсатын, болатын жерi мен мерзiмiн, кететiн датасын хабарлауға мiндеттi. Шығу уақыты аяқталуы бойынша сотталған сол iшкi iстер органында мекемеге кеткенi туралы куәлiгiне белгi қойдырады. Түзеу мекемесiне түнгi уақытта немесе таңертең ерте қайтатын кезде белгi қайтатын күннiң алдындағы күнi қойылады. Келген және кеткен датасы туралы белгi iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады.
108. Сотталған мекемеге оралған соң куәлiгiн, жолақы билеттерiн көрсетедi. Сотталғанның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын ойда болмаған жағдай туындаған жағдайда, сотталғанның келген жерiндегi iшкi iстер органы бастығының қаулысы бойынша түзеу мекемесiне қайту мерзiмi 5 тәулiкке дейiн созылуы мүмкiн, бұл туралы түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне мiндеттi түрде жедел хабарланады.
109. Сыртқа шыққан уақытында ауырған және сотталғанды госпитализациялау қажеттiгi кезiнде оның ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар ол туралы сотталғанның жаза өтеп жүрген түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiне және келген жерiндегi iшкi iстер органына дереу хабарлайды. Мұндай жағдайда ол қылмыстық-атқару жүйесiнiң жақын жердегi емдеу мекемесiне немесе денсаулық сақтау органының емдеу мекемесiне жiберiлуi мүмкiн. Емдеу аяқталған соң және шыққан соң сотталған осы параграфпен бекiтiлген тәртiппен жаза өтеу орнына келедi.
110. Жауап беру қабiлеттiлiгiн жоққа шығармайтын психикалық бұзулардан зардап шегушi сотталғандарға, I және II топтағы мүгедек болып табылатын және денсаулық жағдайына байланысты тұрақты күтiмдi қажет ететiн сотталғандарға, сондай-ақ кәмелеттiк жасқа толмаған сотталғандарға түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс шығуға туысқандарының немесе өзге де адамдардың iлесуiмен рұқсат етiледi.
18. Түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс жерде айдауылсыз немесе ерiп
жүрусiз жүрiп-тұру құқығын пайдаланушы сотталғандардың, сондай-ақ
жеңілдетілген жағдайларда ұсталатын сотталғандардың жүрiс-тұрыс
ережелерi
111. Айдауылсыз немесе ерiп жүрусiз жүрiп-тұру құқығын пайдаланушы, сондай-ақ жеңілдетілген жағдайларда ұсталатын сотталғандары бекiтiлген үлгiдегi рұқсат қағазы негiзiнде түзеу мекемесiнiң шегiнен тыс жерде жүрiп-тұру құқығын пайдаланады.
112. Бұл сотталғандар жұмыстан бос уақыттарында оларға мекеме әкiмшiлiгi анықтап берген тұратын жатақхананың (объектiнiң) шегiнде болуға және сотталғандардың түзеу мекемесiндегi жүрiс-тұрыс ережесiн сақтауы керек.
113. Сотталғандар тұрғын аймақтан немесе жатақханадан (тұрғын объектiсi) тыс жерде жүрген кезде:
1) жүрiп-тұру бағытын және уақытын, қоғамдық тәртiп ережелерiн сақтауға;
2) жұмыстан соң тұрғын зонаға немесе жатақханаға (объектiге) дер кезiнде оралуға және келгенi туралы әкiмшiлiк өкiлiне хабарлауға;