Қала құрылысы мен құрылыс объектiлерiн жобалау саласындағы да, өндiрiстi, күрделi құрылысты дамыту саласындағы да проблемалар iшкi рынокты қорғаумен, мамандарды қайта даярлаумен және жаңа кадрларды даярлаумен, сондай-ақ тұтастай экономикалық және әлеуметтiк проблемалармен байланысты.
Қызметi мемлекеттiң айрықша құзыры болып табылатын және қала құрылысын жоспарлау, инженерлiк iздестiрулер, сейсмикалық төзiмдi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк функцияларды және басқа да мiндеттердi орындаумен байланысты жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу институттардағы iстiң жайы ерекше алаңдату туғызуда.
Мiндеттер
Республиканың мемлекеттiк функцияларға жатқызылған сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мiндеттердi шешу үшiн ғылыми және жобалау-iздестiру әлеуетiн сақтау мен дамыту, сондай-ақ ұлттық байлық ретiнде жобалау, iздестiру және ғылыми мұрағаттар мен қорларды сақтау мемлекеттiк жобалау iсiн жетiлдiру мәселелерiндегi басты мiндет болып табылады.
Iс-шаралар
Жобалау саласындағы мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру мақсатында Аумақтарды ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу бөлiгiнде конкурстардың (тендерлердiң) негiзiнде мамандандырылған қала құрылысын жобалау ұйымдарының күшiмен бас жоспарлар мен басқа да жобалау-жоспарлау құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмалары орындалады.
Сейсмология, сейсмикалық төзiмдi құрылыс, аумақты инженерлiк даярлау және жалпыұлттық маңызы бар басқа жұмыстар саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер бойынша жұмыстар жалғасады.
ҚР Үкіметінің 26.01.2002 ж. N 127; 20.05.03 ж. N 462 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 10-бөлім өзгертілді
10. Мемлекеттік басқару жүйесі
Проблемалар
Саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң негiзгi проблемалары мыналар болып табылады.
1) мемлекеттiк басқарудың орталық атқарушы органы мен жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымындағы мемлекеттiк сәулет, қала құрылысы мен Құрылыс органдарының арасында тиiмдi өзара iс-қимылдың болмауы;
2) сәулет-қала құрылысы мен құрылыс бақылауы тиiмдiлiгiнiң:
- уәкiлеттi органның бақылау-қадағалау функцияларын жергiлiктi атқарушы органдардың қайталауы;
- салалық ведомстводан құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сертификаттау жөнiндегi уәкілеттiктерiн алып қоюы нәтижесiндегi жеткiлiксiздiгi;
3) саладағы мемлекеттiк реттеудiң заң базасының толымсыздығы мен пысықталмағандығы;
4) белгiленген тәртiппен бекiтiлген мемлекеттiк қала құрылысы саясатының болмауы.
Мiндеттер
Негiзгi мiндет сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында ел экономикасын дамытудың осы заманғы кезеңiне жауап беретiн мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
Iс-шаралар
Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында:
1) "Мемсәулетқұрылысинспекция" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын оның аумақтық еншiлес кәсiпорындарымен мемлекеттiк мекемеге қайта құру;
2) облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң, оларға лицензиялау, мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясының және жергiлiктi жерлерде құрылыс өнiмдерiн сертификаттау функцияларын жүктей отырып, аумақтық бөлiмшелерiн құру;
3) Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеттiң құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмысын осы салада келiсiлген саясат жүргiзу негiзiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Мемстандарттарымен бірлесе отырып күшейту;
4) республикалық бюджет есебiнен орталық орган және жергiлiктi бюджет есебiнен аумақтық бөлiмшелер құра отырып, Қазақстан Республикасында тұрғын үй-жайлардың техникалық жай-күйi мен сақталуының мемлекеттiк инспекциялау жүйесiн енгiзу;
5) Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымын оларға жүктелген саланы мемлекеттiк басқару жөнiндегi мiндеттерге сәйкес жетiлдiру жүзеге асырылады.
11. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздері
Қазiргi тұрғын үйлердi мемлекеттiк қадағалау мен инспекциялау жүргiзу жүйесiн жетiлдiруге бюджеттен 16 млн. теңге сомасында қаржы бөлудi, ал республиканың барлық аумағындағы жаңа құрылысқа мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен реттеуiн жүргiзу республикалық бюджеттен 125 млн. теңгенi қажет етедi.
Саланы нормативтiк-техникалық базамен қамтамасыз ету - жаңа нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен қолданылып жүргендерiн қайта пысықтау және өте маңызды бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырудың жыл сайынғы 50-70 млн. теңге шегiнде қалыптасқан көлемiн сақтауды талап етедi.
Үкiметтiң тапсырмасы бойынша маңызды және жауапты объектiлер жөнiнде техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеуге байланысты жобалау iсi, жобалар мен жұмыс жобалары республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады. Қажеттi қаражат көлемi нақты қойылған мiндеттер мен жұмыс көлемдерiне қарай айқындалады.
Республикада аумақтарды пайдалану мен дамытуды және сәулет пен қала құрылысы саласында тұтастай мемлекеттiк саясатты реттеудiң қалыптасқан бiрыңғай мемлекеттiк құқықтық жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу жыл сайын 50 млн. теңге сомасында шығынды қажет етедi.
Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бағдарламасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк қала құрылысын бақылау мен мониторингтi жүзеге асыру, МҚҚК ақпараттық жүйесiн пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын (МҚҚК) қалыптастыру мен жүргізу жыл сайын 12 млн. теңгені қажет етеді.
12. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін
нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру мемлекет өмiрiнiң экономикалық және әлеуметтiк-саяси жағына елеулi әсерiн тигiзедi.
Мемлекеттiк қала құрылысының жүйелi саясаты аумақтық-жоспарлау және экологиялық проблемаларды шешудi қамтамасыз етедi, аумақтық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік туғызады, шаруашылық есеп қағидаттарында жұмыс iстейтiн қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесiн қалыптастырады.
Сонымен бiр мезгілде, күрделi құрылысқа оның тұрақтануы мен одан әрi өсуi үшiн, оның iшiнде негiзгі қорларды ұдайы жаңғырту негiзiнде инвестициялардың құйылуы көтермеленетiн болады. Аталған процесс, тәуекелдi сақтандыру жүйесiн енгiзудi қоса алғанда, тиiстi нормативтiк кесiмдердi күшiне енгiзудiң мемлекеттiк саясатына негiзделедi.
Сенiмдi және елiмiзде халық сенiмiне иеленген құрылыс жинақ ақшасы мен ипотекалық несие беру жүйелерiн құру тұрғын үй құрылысы көлемiнiң құлдырауын тоқтатады және 1999 жылғы берілген 1,072 млн. шаршы метр көлеммен салыстырғанда тұрғын үйдi пайдалануға беру 2003 жылы болжамдалған көлемде 1,310 млн. шаршы метрге өсуге әсерiн тигiзедi. Қолданыстағы тұрғын үй қорын қайта жаңарту мен жаңғырту саласындағы жұмысты ұйымдастыру үшiн экономикалық және құқықтық алғышарттар жасалады, ал тұрғын үйлердi мемлекеттiк инспекциялау жүйесiн енгiзу олардың тозуы мен қирап, iстен шығуын күрт төмендетедi.
Нормативтiк құқықтық базадағы өзгерiстер мен толықтырулар отандық ұйымдар орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының үлесiн 1999 жылғы 78%-дан 2003 жылы 90%-ға арттыру үшiн алғышарт жасайды.
Бағдарламада көзделген құрылыс материалдары мен құрастырмаларының өнеркәсiбiн атаулы қолдау, инвестицияларды iздестiру мен тарту, импортты алмастыру жөнiндегi шаралар республикадағы өнеркәсiп өнiмдерiнiң жалпы құрылымындағы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының 1999 жылғы 0,89% үлесiн 2003 жылы 4%-ға арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Құрылыс саласының осы заманғы нормативтiк техникалық базасын жасау, ғылымның алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн ескере отырып, ұдайы сонымен сүйемелдеу құрылыс жұмыстары мен өнімдерінің сапасын арттыруға жағдай жасайды, отандық ұйымдарға құрылыстық қызмет көрсетудің халықаралық рыногына кіруіне мүмкіндік береді.
Күрделі құрылыстағы тәуекелді сақтандыру жүйесін экономиканың әртүрлі салаларындағы отандық ұйымдарға шетелдік және бірлескен фирмалар жүргізетін, оның ішінде мұнай-газ саласында және көліктік инфрақұрылым құрылысын салу кезіндегі мердігерлік жұмыстарға арналған тендерлерге шетелдіктермен бірдей қатысуына мүмкіндік береді.
Бағдарламада көзделген мемлекеттік басқарудың жетілдірілген жүйесі кәсіпкерлікті, шағын бизнесті дамытуға, бәсекеге қабілетті құрылыс материалдары өндірісінің өсуіне және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы
N 1778 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.10.2001 N 1369; 26.01.2002 N 127; 17.05.2002 N 534 қаулыларына сәйкес жоспар өзгертілді; ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін
дамытудың 2000-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орын. далу мерзі. мі | Болжа. нып отырған шығыс. тар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Сәулет және қала құрылысы |
1. "Қазақстан Респуб- ликасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Респуб- ликасы Заңының жобасын әзiрлеу ("Құрылыстағы мердi- герлiк жұмыстар" деген тараумен толықтыру) 2. Қазақстан Республи- касының мемлекеттік қала құрылысы сая- саты тұжырымдамасы- ның жобасын әзiрлеу 3. Инфрақұрылымды орна- ластыру және дамыту жүйесi бар Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру- дың бас сызбасының жобасын әзiрлеу 4. "Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры орталығы" РМК-ны құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу 5. Республикалық, об- лыстық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарының бұрын бекiтiлген бас жос- парларын жаңартуды немесе жаңаларын әзiрлеудi немесе бекітудi қамтамасыз ету | | 2001 жылғы 3-тоқсан 2001 жылғы 2-тоқсан 2004-2005 жылдар 2001 жылғы 3-тоқсан 2003- 2005 жылдар | - - Жыл сайын респуб- ликалық бюджет жобасын қалып- тастыру кезінде | Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет Жергі- лікті- бюд- жет |
2. Күрделі құрылыс |
6. Шетелдiк және отан- дық инвесторлардың тең құқықтарын көз- дейтiн "Инвестициялар туралы" Қазақстан Pecпубликасы Заңының жобасын әзiрлеу 7. Күрделі құрылыстағы инвестициялық про- цеске қатысушыларға салық салу жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау | | 2001 жылғы 4-тоқсан 2001 жылғы 2-тоқсан | | |
3. Тұрғын үй құрылысы |
8. "Құрылыс жинақтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу 9. Қазақстан Республи- касында тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үй қорын сақтау тұжы- рымдамасын әзiрлеу 10. Жергiлiктi бюджет- тер есебiнен өңiрлер- дегi тұрғын үй ғима- раттарын мемлекеттiк инспекциялауды жүргiзу 11. Ипотекалық тұрғын үй кредит беру норма- тивтiк құқықтық база- сын дамыту және жетiл- дiру 12. Сейсмикалық қауiптi өңiрлердегi ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзiмдi- лiгiн арттыру жөнiнде республикалық iс-ша- ралар жобасын дайындау 13. Жаппай құрылыс салу- дың алғашқы жылдарында салынған iрi панелдi тұрғын үйлерді жаңғыр- ту жөнінде үлгілiк шешiмдермен ұсынымдар әзiрлеу | | | |
4. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстар |
14. Құрылыстағы лизингтi дамыту жөнiнде ұсыныс- тар әзiрлеу 15. Құрылыс-монтаж ұйым- дары мен кәсiпорындар- ды халықаралық сапа стандарттарына көшiру жөнiндегi жұмысты жалғастыру 16. Кәсіпорындарды ше- телдік фирмалардың басқаруына беру нәтижесінде жинақ- талған құрылыс-мон- таж ұйымдарының дебиторлық берешегiн кезең-кезеңiмен өтеу кестесiн әзiрлеу | | ЭИСМ ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитеті Қаржымині, ЭИСМ | 2001 жылғы 3-тоқсан Тұрақты 2000 жылғы 4-тоқсан | | |
5. Құрылыс материалдарының өндірісі |
17. Құрылыстың перспек- тивалы, өтемдi жоба- ларын ipіктeу, құрылыс материалдарын шығара- тын кәсiпорындарды жаңғырту және техни- калық қайта жарақтан- дыру жөнiндегi жұмыс- ты ұйымдастыру 18. Құрылыстағы инвес- тициялық жобаларды қаржыландырудың сыртқы көздерiн iздестiру мен тарту 19. Сыртқы инвесторлармен және кредиторлармен келiсiм-шарт жасау кезiнде қазақстандық мердігерлік ұйымдар мен құрылыс материал- дарын өндiрушілердің мүдделерiн сақтау 20. Құрылыс тауарларын әкелудi тарифтік және тарифтiк емес реттеу шараларын енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу 21. Республикада өндi- рiлетiн құрылыс тауарларына мони- торинг жүргiзу және бәсекеге қабiлеттi құрылыс материал- дарының, бұйымдары мен құрастырмалары- ның каталогын шығару 22. Отандық мaтериалдар- ды қолданудың мүмкiн еместігі туралы тиiстi негiздемелер болғанда ғана мемле- кеттiк инвестициялар есебiнен толық немесе ішiнара қаржыланды- рылатын жобаларға импорттық құрылыс материалдарын, бұйым- дар мен құрастырмалар- ды қолдануды көздейтiн тәртiп енгiзу 23. Құрылыс тауарларының көрмелерiн, оның ішінде халықаралық көрмелердi өткiзу практикасын жалғастыру | | Тұрақты Жыл сайын Жыл сайын Жылына 1 реттен кем емес Жылына 1 рет 2005 жылғы IV тоқсан Жылына 1 көрме- ден кем емес | | |
6. Нормативтік-техникалық база |
24. Сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салу, қайта жаңарту, жөндеу және пайдалану саласындағы жаңа норма- тивтiк-техникалық құ- жаттарды әзiрлеу және қолданылып жүргендерiн жаңарту 25. Құрылыстың сметалық құнын айқындаудың жаңа жүйесiне көшу 26. ТМД елдерi үшiн ортақ мемлекетаралық норма- тивтiк-техникалық құжат тарды әзiрлеу жөнiндегi Құрылыстағы cтaндарттaу метрология және серти- фикаттау жөнiндегi мем- лекетаралық ғылыми-тех- никалық комиссия (бұдан әрі - ҚМҒТК) шеңберiнде ТМД елдерiмен ынтымақ- тастықты жалғастыру 27. ҚМҒТК шеңберiнде нор- мативтiк-техникалық құжаттарды сатып алуды, жыл сайын қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды бюджеттiк комиссияға дайындау және енгiзу 28. Мектептердің, денсау- лық сақтау объектiлерi- нің, кеден бекеттерiнiң және темiр жол терми- налдарының үлгiлi жоба- ларын әзiрлеу және бекi ту. Yлгілі жобалардың альбомдарын шығару, тираждау және тарату | | 2003- 2005 жылдар 2003 жылғы І жарты жылдық Тұрақты 2003-2005 жылдар 2003- 2005 жылдар | 180,0 2003 ж.- 60,0 2004 ж.- 60,0 2005 ж.- 60,0 45,0 2003 ж. - 15,0 2004 ж. - 15,0 2005 ж. - 15,0 2003- 150,0 | Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет Рес- пуб- ли- ка- лық бюд- жет Рес- пуб- лика- лық бюд- жет |
7. Қолданбалы ғылым және жобалау ісі |
29. Қазқұрылыскомитетін мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын және респуб- ликалық меншiктегi жобалау-iздестiру ұйымдарында акциялар- дың мемлекеттiк паке- тiн және мемлекеттiк үлестi басқару құқығы бар мемлекеттiк орган деп белгiлеу 30. Құрылыс саласындағы ғылыми зерттеу қолдан- балы ғылыми зерттеу | | 2000 жылғы 4-тоқсан 2003- 2005 жылдар | | |
8. Мемлекеттік басқару жүйесі |
31. "Мемсәулетқұрылысинс- пекция" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын- дарын мемлекeттiк меке- мелер етiп қайта құру жөнiнде Қазақстан Рес- публикасының Yкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу 32 Құрылыс өнімін стан- дарттау және серти- фикаттау саласындағы жұмысты күшейту | | ЭИСМ, ҚарМ ЭИСМ | 2001 жыл 2002 жылға арналған бюджет қаражатын бөлу кезінде 2001 жылғы 3-тоқсан | | |