Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi
мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1999 ж. 22 қарашадағы N 587 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрлігінің 30.10.00 ж. N 571; 12.11.01 ж. N 787;
10.12.02 ж. N 775 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 722 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 тамыздағы N 1206 қаулысын орындау үшiн Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн (1-қосымша).
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 2-тармақ толықтырылды
2. Қалалық iшкi iстер басқармаларының, облыстардың Астана және Алматы қалаларының iшкi iстер басқармаларының бастықтары:
1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;
3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланкілерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;
4) мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
5) Жол полициясының бөлiмшелерiне көлiк құралдарының саны мен олардың мемлекеттiк техникалық байқаудан өткендiгi туралы мәлiметтердiң компьютерлiк есебi мен талдауын енгiзудi қамтамасыз етсiн.
6) Жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыруға тартылатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерiн қарау жөнiнде ұсыныс енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 134 бұйрығымен бекiтiлген "Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбiнiң" күшi жойылды деп есептелсiн.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787; 10.12.02 ж. N 775 бұйрықтарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы Департаментіне жүктелсiн.
5. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Ішкi iстер министрi -
Iшкi әскерлерiнiң
қолбасшысы генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
Ішкi iстер министрлігінің
1999 жылғы 22 қарашадағы
N 587 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары
мен оларға тiркемелердi мемлекеттiк техникалық
байқауды жүргізудің
тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi (бұдан әрi мәтiн бойынша - көлiк құралдары) мемлекеттiк техникалық байқауды (бұдан әрi мәтiн бойынша - техникалық байқау) жүргiзудiң тәртiбi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясында тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын көлiк құралдарын техникалық байқауды жүргiзудің тәртiбi мен мерзiмдерiн белгілейтiн нормативтiк құқықтық актi болып табылады.
2. Осы Тәртiп барлық көлiк құралдарының меншiк иелерi мен көлiк құралдарының меншiк иесi оларға иелiк ету және (немесе) пайдалану және (немесе) билiк ету құқығын берген адамдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - көлiк құралдарының тәртiптерiнің, нормативтерiнiң және стандарттарының иелерi) меншiк нысандарына қарамастан барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - заңды тұлғалар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi мәтiн бойынша - жеке тұлғалар) үшiн мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және белгiленген тәртiппен тiркелген көлiк құралдары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясында мiндеттi техникалық байқауға жатады.
4. Техникалық байқаудың негiзгi мiндеттерi:
1) көлiк құралдарының құрамдас элементтерiнің техникалық жағдайын диагностикалаудың қорытындысы бойынша көлiк құралдарының техникалық жағдайының жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
2) көлiк құралдарының санын, олардың тиесiлiлiгiн және өзге де тiркеу деректерiн нақтылау;
3) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
5. Техникалық байқау кезiнде көлiк құралдары жүргiзушiлерiнің уақытылы медициналық қайта куәлiктендiруден өтуiн бақылау жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген өзге де iс-шаралар жүзеге асырылады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787; 10.12.02 ж. N 775 бұйрықтарымен 6-тармақ өзгертілді
6. Жыл сайын техникалық байқауға:
1) иелерi жеке кiсi тасумен айналысатын автобустар, автомобиль-таксилер, жеңiл автомобильдер, меншiк нысанына қарамастан адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған жүк автомобильдерi - тоқсанына бiр рет;
2) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнаулы көлiк құралдары байқаудың арасындағы мерзiмдiлiгi 3 айдан кем емес бiрiншi және екiншi жарты жылдықта жылына 2 рет;
3) осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағанда заңды тұлғалардың көлiк құралдары - қалалық iшкi iстер басқармасының iшкi iстер бөлiмiнiң жол патрулi бөлiмшесiнiң бастығы бекiткен кестеде белгiленген мерзiмдерде 1 қаңтардан 30 қазанға дейiн кезеңде жылына 1 рет;
4) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiк құралдарын қоспағандағы жеке адамдардың көлiк құралдары жылына бiр рет 1 қаңтардан 30 қазанға дейiнгi кезеңде техникалық байқауға жатады;
5) Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнген көлiк құралдары республика аумағында алғаш рет тiркеумен байланысты тiркеу iс-қимылдарын жасау кезiнде жол полициясының тiркеу-емтихан алу бөлiмшелерiнде техникалық байқауға жатады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Техникалық байқау көлiк құралдарын техникалық байқауды ведомстволық бағыныстағы көлiктiң техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi диагностикалық жабдықтары бар заңды тұлғалар жүргiзетiн жағдайды қоспағанда, iшкi iстер органдарының жол полициясы аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң жанынан ұйымдастырылатын Жол полициясының техникалық бақылау пункттерiнде жүргiзiледi.
Әр аудан, қала үшiн техникалық бақылау пункттерiнiң қажеттi санын көлiк құралдарының саны туралы деректердi ескере отырып Жол полициясы айқындайды.
Техникалық бақылау пункттерiндегi техникалық бақылау жүргiзуге уәкiлеттi жол полициясы қызметкерлерiнiң саны қолданылып жүрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi жұмыс ауқымының нормативтерiне сәйкес айқындалады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 8-тармақ алынып тасталды
8. Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар мен мекемелерге техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауға рұқсат ету осы Тәртiпте белгiленген тәртiппен конкурстық негiзде жүргiзiледi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді
2. Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң техникалық
байқауды жүргiзуге қатысуының тәртiбi
ҚР Ішкі істер министрлігінің 30.10.00 ж. N 571 бұйрығымен 9-тармақ толықтырылды ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Техника құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалауды өндiрiстiк-техникалық мүмкiндiктерi мынадай талаптарды:
1) техника құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалау жүргiзiлетiн стационарлық үй-жайдың, көлiк құралдарының диагностикалау желiлерi (постылары) арқылы өтуiнiң жоспар-сызбасы қойылған өндiрiстiк-техникалық алаңның болуын;
2) келген автомобильдердi қоюға арналған орындардың, көрсетiлген үй-жайға кiру және шығу жолдарының болуын;
3) диагностикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының болуын, олардың жарамдылығы мына тiзбеге:
тежеу жүйесiнiң техникалық жағдайын тексеруге арналған стендiге;
рулдiк басқарудағы жиынтық люфтiн тексеруге арналған аспапқа;
фарлардың жарықтық шоғын белгiлеу бұрыштарын тексеруге арналған аспапқа;
автомобильдердiң жағылған газдарының улылығын айқындауға арналған аспапқа;
автомобильдердiң жағылған газдарының түтінділігін айқындауға арналған аспапқа;
әйнектердiң жарық өткiзгiштiгiн тексеруге арналған аспапқа;
көтергiштерге немесе қарау шұңқырларына сәйкес оларға метрологиялық аттестациялау жүргiзудiң және соңғы тексерудiң уақыты мен мерзiмдiлiгiн;
4) бiлiктi мамандардың болуын;
5) нормативтiк және техникалық құжаттамалардың болуын;
6) санитарлық-техникалық жабдықтардың болуы мен жарамдылығын қанағаттандыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер жүзеге асырады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 10-25-тармақтар алынып тасталынды (бұрынғы ред. қара)
3. Техникалық байқауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787; 10.12.02 ж. N 775 бұйрықтарымен 26-тармақ өзгертілді
26. Жол полициясы жыл сайын 1 желтоқсанға дейiн қала (аудан) бойынша техникалық байқау жүргiзiлетiн мерзiмдер мен жерлер туралы мәлiметтi қамтитын, заңды тұлғалардың көлiк құралдарын техникалық байқаудың кестесiн жасайды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 27-тармақ өзгертілді
27. Кестенi IIБ ЖПБ-ның (қаланың, ауданның) бастығы бекiтедi және техникалық байқау өткiзу басталғанға дейiн бiр аптадан кешiктiрiлмей жергiлiктi атқарушы органдардың, салық органдарының, қалалық (аудандық) әскери комиссариаттардың және көлiк құралдарының иелерi - заңды тұлғалардың назарына жеткiзiледi.
28. Жол полициясы техникалық байқау басталғанға дейiн және оны өткiзу кезiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көлiк құралдарын техникалық байқауға ұсынудың мерзiмдерi, шарттары және тәртiбi туралы көлiк құралдарының иелерiне хабарлауға мiндеттi.
29. Көлiк құралдарының иесi - ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына Жол полициясы техникалық байқауды өткiзудiң мерзiмдерiн, өтетiн жерiн және тәртiбiн, сондай-ақ көлiк құралдарын техникалық байқауға дайындауға қатысты басқа да қажеттi мәлiметтердi көрсете отырып жазбаша хабарлама жолдайды. Көлiк құралдарын техникалық байқау жүргiзiлетiн жерлерде техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi, көлiк құралдарының техникалық жағдайына талаптарды белгiлейтiн нормативтер туралы, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың, көлiк құралдарына арналған салықты есептеудiң және төлеудiң тәртiбi және т.б. туралы станды-панно қойылады.
4. Техникалық байқауды жүргiзудiң тәртiбi
30. Көлiк құралдарын техникалық байқау олардың тұрақты немесе уақытша тiркелген жерi бойынша жүргiзiледi.
31. Иелерi (заңды және жеке тұлғалар) өздерiне тиесiлi көлiк құралдарын белгiленген мерзiмдерде және жерге техникалық байқауға әкелуге мiндеттi. Белгiленген мерзiмдерде техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдары техникалық байқаудан өтпеген деп саналады, ал оларды пайдалануға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тыйым салынады.
32. Қазақстан Республикасының Автокөлiк құралдары. СТ сәйкес ведомстволық көлiктiң техникалық жағдайын тексеруге арналған қажеттi диагностикалық жабдықтары бар заңды тұлғалардың көлiк құралдарын техникалық байқау, жол қозғалысының қауiпсiздiгi шарттары бойынша техникалық талаптар, бiлiктi мамандардың штатының тексерулерiнiң әдiстерi Жол полициясымен келiсiм бойынша тiкелей осы ұйымдар мен мекемелердiң аумағында белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi. Бұл ретте көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау ұйымдардың, мекемелердiң жылжымалы құрамды пайдалану мен олардың техникалық жағдайы үшiн жауапты лауазымды тұлғаларының қатарынан комиссия арнайы уәкiлеттендiрген Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiнiң бақылауымен жүргiзiледi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 33-тармақ жаңа редакцияда
33. Ведомстволық бағыныстағы көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру үшiн қажеттi жағдайлары жоқ заңды тұлғалардың көлiк құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың көлiк құралдарын диагностикалау көлiк құралдарының техникалық жағдайын техникалық байқаудың алдында диагностикалауға тартылған заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң диагностикалау желiлерiнде (постыларында) жүзеге асырылады.
34. Заңды тұлғалардың техникалық құралдарын техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеудi заңды тұлғаның балансындағы көлiк құралдары туралы деректердi Жол полициясының тiркеу деректерiмен салыстырғаннан, техникалық байқау өткiзiлетiн жерге әкелiнбеген техникалық құралдарға байқау жүргiзiлгеннен, бұл көлiк құралдарын арнаулы есептер бойынша тексергеннен кейiн Жол полициясы жүргiзедi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787; 10.12.02 ж. N 775 бұйрықтарымен 35-тармақ өзгертілді және толықтырылды
35. Көлiк құралдарын техникалық байқауды заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктi;
2) ұйымның, мекеменiң балансындағы көлiк құралдарының санын растайтын құжаттар;
3) көлiк құралдарының тiркелгендiгi туралы куәлiктi;
4) алынып тасталынды;
5) көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректерi, көлiк құралының және оның құрамдас элементтерiнiң параметрлерi көрсетiлген (осы Тәртiптiң 41-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда) және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер диагностикалық пунктiнiң көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзген маманының қолымен және мөрiмен расталған диагностикалық картаны (4-қосымша).
Көлiк құралдарына бекiтiлген жүргiзушiлердің аталған санаттағы көлiк құралдарын басқару құқығына арналған жүргiзушiлiк куәлiгi мен көлiк құралын басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтамасының болуы тексерiледi. Медициналық анықтаманың болуы жүргiзушi куәлiгi берiлген күннен бастап уақыты мерзiмдi медициналық куәлiктендiру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кеткен жағдайларда ғана мiндеттi.
Медициналық куәлiктендiрудің, тексерудiң тәртiбiн және оның мерзiмдiлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген орган белгiлейдi ("Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi заңының 17-бабының 3-тармағы).
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787; 10.12.02 ж. N 775 бұйрықтарымен 36-тармақ өзгертілді
36. Көлiк құралдарын техникалық байқауды жеке тұлға немесе оның атынан өкiл (сенiм бiлдiрiлген тұлға):
2) аталған санаттағы көлiк құралын басқару құқығына арналған жүргiзушi куәлiгінiң;
3) көлiк құралының тiркелгендiгi туралы куәлiктi;
4) белгiленген үлгiдегi көлiк құралын басқару және оған билiк ету құқығына арналған нотариалдық куәландырылған куәлiктi (көлiк құралын сенiмдi тұлғаға берген жағдайда);
6) жүргiзушi куәлiгiн алу уақыты мерзiмдi медициналық куәлiктендiру мерзiмiнен асып кеткен жағдайда аталған санаттағы көлiк құралын басқаруға жарамдылығы туралы белгiленген нысандағы медициналық анықтаманы;
7) көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң деректерi, көлiк құралының және оның құрамдас элементтерiнiң параметрлерi көрсетiлген (осы Тәртiптiң 41-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда) және заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер диагностикалық пунктiнiң көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргiзген маманының қолымен және мөрiмен расталған диагностикалық картаны (4-қосымша).
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 37-тармақ өзгертілді
37. Диагностика желiлерiнде (постыларында) көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалау кезiнде иелерi көлiк құралының тiркелгендiгi туралы куәлiктi ғана ұсынады.
Көлiк құралының техникалық жағдайын диагностикалаудың нәтижелерi көлiк құралының өлшемдерi мен оның құрамдас бөлiктерi көрсетiле отырып диагностикалық картада (4-қосымша) тiркеледi. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы диагностикаланғаннан кейiн диагностикалық карта жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде көлiк құралдарының параметрлерi мен оның құрамдас элементтерiнiң шектi рұқсат етiлетiн нысаналары бойынша көлiк құралының техникалық жағдайын бағалау және техникалық байқаудың нәтижелерiн ресiмдеу үшiн Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiне көрсетiледi. Диагностикалық карта 3 жыл бойы кәртiшкелермен бекiтiлiп Жол полициясында сақталады.
Диагностикалық карта көлiк құралдарының техникалық жағдайы диагностикаланған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде жарамды. Көлiк құралының бастапқы тексеруден өткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде қайталап тексеруге ұсыну кезiнде оның алдындағы тексеру кезiнде көлiк құралының өлшемдерi белгiленген талаптарға сәйкес келмеген құрамдас бөлiктерi ғана диагностикалауға жатады. Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн тексеру толық көлемде жүргiзiледi.
38. Белгiленген мерзiмде көлiк құралын өз жүрiсiмен техникалық байқау жүргiзiлетiн жерге әкелу мүмкiн болмаған жағдайда (бұзылуына және т.б. байланысты) олардың иелерi Жол полициясына тиiстi белгi қою және есепке алу үшiн жазбаша өтiнiш пен жүргiзушi куәлiгiн, медициналық анықтамаларды, көлiк құралының техникалық жағдайы туралы диагностикалық картаны қоспағанда, жазбаша өтiнiш пен осы Тәртiптiң 35 (36)-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
Ұзақ сақтауға қойылған көлiк құралдарын техникалық байқау заңды тұлға - көлiк құралының иесi көлiк құралының техникалық жағдайы туралы мәлiмет көрсетiлуi тиiс актiнi ұсынғаннан кейiн жүргiзiледi.
39. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен жабдықтары Қазақстан Республикасының "Автокөлiк құралдары. Жол жүру қауiпсiздiгiнiң шарттары бойынша техникалық талаптар. Тексерудің әдiстерi" стандартының талаптарына сәйкес тексерiледi.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған (жабдықталған) көлiк құралдарына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қосымша талаптар қойылады.
Жедел және арнаулы қызметтердiң автомобильдерiнде арнаулы жарықтық және дыбыстық сигналдардың, түстi графикалық бояу мен жазулардың болуы, олардың стандартқа сәйкестiгi қосымша тексерiледi.
Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жағдайы автопоездың құрамында тексерiледi.
40. Жол полициясының қызметкерi көлiк құралының құрамдас бөлiгiнiң техникалық жағдайын диагностикалаудың нәтижелерi бойынша көлiк құралының техникалық жағдайын бағалауды жүргiзедi және үлгiсiнiң, моделiнiң, нөмiрлiк белгiлерiнiң, дөңгелегiнiң (рамасының), кузовы мен двигателiнiң өндiрiстiк нөмiрлерiнiң көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң (техникалық төлқұжаттың) деректерiмен сәйкестiгiн салыстыруды жүзеге асырады. Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiн тексеру жүргiзiледi. Көлiк құралдары мен олардың иелерi арнаулы есепке алу бойынша тексерiледi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 12.11.01 ж. N 787 бұйрығымен 41-тармақ жаңа редакцияда
41. Жол полициясының тiркеу-емтихан алу бөлiмшелерiнде алғаш рет тiркелетiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген көлiк құралдары олардың заңнамада көзделген жол қозғалысы қауiпсiздiгінiң белгiленген талаптарына сай болуын растайтын құжаттың негiзiнде техникалық жағдайын диагностикалаусыз техникалық байқауға жатады.
42. Көлiк құралдары осы Тәртiптiң 39, 40-тармақтарының талаптарына жауап бермейтiн көлiк құралдарының иелерiне диагностикалық карта беру арқылы қолданып жүрген заңдарда сәйкес шаралар қолданылады.
43. Жол полициясы техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралына техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк пен талон бередi. Куәлiк Жол полициясының уәкiлеттi қызметкерiнің қолымен және оның жеке мөртаңбасымен расталады.
44. Техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк жоғалған немесе бүлiнген жағдайда оның көшiрмесiн Жол полициясының есепке алу деректерi бойынша тексеру жүргiзгеннен кейiн Жол полициясы бередi.
45. Заңды тұлғалардың әрбiр техникалық құралына техникалық байқаудың нәтижесi диагностикалық картада тiркеледi (4-қосымша). Одан кейiн көшiрмесi кәсiпорынның әкiмшiлiгiне берiлетiн актi (5-қосымша) ресiмделедi. Диагностикалық картаның деректерi Жол полициясының көлiк құралдары және олардың техникалық жағдайы туралы деректерiнiң базасына енгiзiледi.
Жеке адамдардың көлiк құралдарын техникалық байқаудың нәтижелерi диагностикалық картада тiркеледi (4-қосымша) және көлiк құралдары мен олардың техникалық жағдайы туралы деректердiң базасына енгiзiледi. Жол полициясының техникалық байқаудың нәтижелерi туралы деректердi пысықтауға және сақтауға арналған компьютерлiк техникамен жарақтандырылмаған бөлiмшелерiнде журнал толтырылады.
46. Көлiк құралы уақытша тiркелген жерi бойынша техникалық байқаудан өткен жағдайда диагностикалық картаның көшiрмесi бiр апта мерзiмде көлiк құралының тұрақты тiркелген жерi бойынша жiберiледi.
47. Жол полициясы техникалық байқаудың нәтижелерi бойынша техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдарының саны мен тиесiлiлiгiн белгiлеу мақсатында есептiк деректер бойынша салыстырулар жүргiзедi. Тиiстi есепке алуларға қажеттi түзетулер енгiзiледi, белгiленген тәртiппен тиiстi инстанцияларға жолданатын көлiк құралдары мен олардың техникалық жағдайы туралы есеп жасалады. Техникалық байқауға ұсынылмаған көлiк құралдарының нақтыланған тiзбесi ай сайын салықтық органдарға жолданады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. N 775 бұйрығымен 48-тармақ жаңа редакцияда
48. Аудандар (қалалар) iшкi iстер органдарының жол полициясы көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асыратын әрбiр заңды тұлғаға жеке кәсiпкерге өндiрiстiк-техникалық базаны тексеру актiсi, комиссияның қорытындысы, анықталған кемшiлiктердi жою туралы ұйғарымдар мен оларға жауаптар, сондай-ақ аталған заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң қызметiне қатысты басқа да құжаттамалар сақталатын iс қағаздарын жүргiзедi.
5. Жол полициясының техникалық байқаудың алдында
көлiк құралдарының техникалық жағдайын
диагностикалауды бақылауы
49. Техникалық байқаудың алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды бақылаудың мақсаты оны жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген нормативтер мен стандарттарға сәйкес жүргiзудi қамтамасыз ету болып табылады.