3) аудитордың немесе аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші бір тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал салуға міндетті.
2. Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.
23-бап. Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігі
1. Аудиттелетін субъект аудиторға немесе аудиторлық ұйымға аудит жүргізу үшін берген құжаттар мен басқа да ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты болады.
2. Заңды тұлғаның міндетті аудит жүргізуден жалтаратын не оны жүргізуге кедергі жасайтын басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Аудит жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс етілген қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапкершіліктен босатпайды.
24-бап. Дауларды қарау
Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетін субъектілер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
25-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң күшіне енгенге дейін берілген лицензиялар мен біліктілік куәліктері жарамды болады.
2. Осы Заңда көзделген Біліктілік комиссиясы құрылғанға дейін біліктілік куәліктері осы Заң күшіне енгенге дейін қолданылған тәртіп пен шарттарда беріледі.
Қазақстан Республикасының