2. Дәл сол әрекет:
а) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы;
б) ауруды сылтаурату жолымен;
в) құжаттарды бұрмалау немесе өзге де алдау арқылы жасалса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеу органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
327-бап. Өзiнше билiк ету
1. Өзiнше билiк ету, яғни заңмен белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне, не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiретiн өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыруы -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
328-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет
өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiмен
иелену
Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену осы негiзде қылмыс жасаумен ұштасса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
329-бап. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға жазаланады.
ҚР 22.02.02 ж. N 296-II Заңына сәйкес 330-бап өзгертілді
330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасынан әдейi заңсыз өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өту -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен, не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 16.03.01 ж. N 164-II Заңына сәйкес 330-1-баппен толықтырылды
330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзімге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 22.02.02 ж. N 296-II Заңына сәйкес 330-2-баппен толықтырылды
330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
1. Көлік құралдарын не жалған құжаттар, не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның екі айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекетті ұйымдасқан топ жасаса не өзінің қызмет өкілеттігін пайдаланып жасаса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 22.02.02 ж. N 296-II Заңына сәйкес 330-3-баппен толықтырылды
330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін
тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бес айдан жеті айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы -
жеті жүз айлық есептiк көрсеткiштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз қырық сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
құқыққа қарсы өзгерту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлердi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған немесе ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары
мен белгiлерiн заңсыз пайдалану
Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен айырым белгiлерiн, сол сияқты Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест атауын заңсыз пайдалану -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
333-бап. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу
Қалааралық байланыстың кабель желiлерiн бүлiнуiне әкеп соқтырған байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу, егер ол байланыстың үзiлуiне алып келсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше
шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен
өткiзу тәртiбiн бұзу
1. Жиналыс, митинг, пикет, көше шеруiн немесе демонстрация ұйымдастырушының жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекет көлiк жұмысының бұзылуына алып келсе, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiрсе -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Жиналысты, митингтi, пикеттi, көше шеруiн немесе демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған заңсыз жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн, және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингтерге, пикеттерге, көше шерулерiне немесе демонстрацияларға белсене қатысу, егер бұл әрекеттер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген зардаптарға алып келсе -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге
басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына
кедергi келтiру
Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергi келтiру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
336-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк
органдардың қызметiне заңсыз араласуы
1. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдардың функцияларын иемденуi, сол сияқты мемлекеттiк органдарды саяси партиялар ұйымдарын құру, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табыстарының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Қоғамдық бiрлестiктiң басшысы жасаған дәл сол әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 337-бап өзгертілді
337-бап. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер құру немесе
олардың қызметiне қатысу
1. Қызметi азаматтарға зорлық жасаумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен ұштасқан не азаматтардың азаматтық мiндеттерiн орындаудан бас тартуға немесе құқыққа қарсы өзге де әрекеттер жасауға түрткi болған дiни немесе қоғамдық бiрлестiктер құру немесе оған басшылық жасау, сол сияқты дiни негiздегi партия, не шет мемлекет, немесе шетел азаматтары, немесе шетелдiк не халықаралық ұйымдар қаржыландыратын саяси партиялар немесе кәсiптiк одақтар құру немесе оған басшылық жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нәсiлдiк, ұлттық, рулық, әлеуметтiк, таптық немесе дiни төзбеушiлiктi немесе артықшылықты уағыздайтын немесе оны iс жүзiнде жүзеге асыратын, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге немесе Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа шақыратын қоғамдық бiрлестiк құру, сол сияқты осындай бiрлестiкке басшылық жасау -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде аталған бiрлестiктердiң қызметiне белсене қатысу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
338-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк
одақтарына жәрдем көрсету
Басқа мемлекеттердiң саяси партияларын немесе кәсiптiк одақтарын қаржыландыру, үй-жай немесе мүлiк беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, егер бұл әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң, не қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соқса -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың
орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар
339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу
жүргiзуге кедергi жасау
1. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне қандай да болмасын нысанда араласу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Iстi жан-жақты, толық және объективтi тергеуге кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның қызметiне араласу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттер -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, немесе онсыз осындай мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге
асырушы адамның өмiрiне қол сұғу
Судьяға, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған олардың өмiрiне қол сұғу -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу
жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету
әрекеттерi
1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, сол сияқты оның туыстарына арына қатысты өлтiремiн деп, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзiлуiне, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкiмнiң орындалуына, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзетiн адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамдарға өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолдана отырып жасалған әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
342-бап. Сотты құрметтемеу
1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Судьяны қорлаудан көрiнген дәл сол әрекет -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
343-бап. Судьяға, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды
жүргiзушi адамға, сот приставына, соттың атқарушысына
қатысты жала жабу
1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға қатысты жала жабу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзілумен не үкiмнiң орындалуымен, соттың шешiмiмен немесе өзге сот актiсiмен байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
344-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан дәл сол әрекет -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
345-бап. Қылмысты жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
Прокурордың, тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзушi адамның күдiктi немесе қылмыс жасады деп айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босатуы -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
қамауда ұстау
1. Көрiнеу заңсыз ұстау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 347-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
1. Тергеушiнiң немесе алдын ала анықтауды жүргiзуші адамның тарапынан күдiктiнi, айыпталған адамды, жәбiрленушiнi, куәгердi жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беруге қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз iс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр етуi -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. алып тасталды
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 347-1-баппен толықтырылды
347-1-бап. Қинау
1. Тергеушідің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруі, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару қүқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
б) бірнеше рет;
в) денсаулыққа орташа ауыр зиян келтірумен;
г) кінәлі адам жүкті әйелге қатысты көрінеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса,-
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекет жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соқса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Лауазымды адамдардың заңды іс-әрекеті нәтижесінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 348-бап өзгертілді