Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң
"А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка
мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы
N 1041 қаулысы
Бұрынғы редакция
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсін:
1) Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тізбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлімнің реттiк нөмiрi 163-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"163. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 196-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
7-бағандағы "A. Жұбанов атындағы музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты" деген сөздер "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 маусымдағы N 604 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 23, 292-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" деген 4-бөлiмде:
"А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты 94" деген жол "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты 94" деген жолмен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов
|