"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 47-10-жолмен толықтырылсын:
47-10 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау
жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Астана қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесi мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің
міндетін атқарушы